Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2006 жылғы 26 маусымда басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2006 жылдың 1 мамырынан басталатын аптасы мен 26 маусымда басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Интонацияның өзгеруі деген не және неге бұл маңызды? (be 111-бет, қоршаулар)
2. Баяндама айтқанда сөйлеу қарқынымызды қалай өзгертуімізге болады? (be 112-бет, 3—113 бет, 1-абз., қоршау)
3. Қалай шабыттанып сөйлеуге болады және неге бұл маңызды? (be 115-бет, 1-абз. — 116-бет, 2-абз., қоршаулар)
4. Тәлім бергенде жылулық білдіру неге маңызды және бұл қасиетті танытуға не көмектеседі? (be 118-бет, 2-абз. — 119-бет, 5-абз.)
5. Пікір алысқанда ым мен ишаратты қолданудың маңыздылығын түсіндір (Мат. 12:48, 49). (be 121-бет, қоршау)
№1-ТАПСЫРМА
6. Нақыл сөздер 13:16-да зерделі деп қандай адам айтылған? (w04-U 15.7. 28-бет, 3, 4-абз.)
7. Киелі рух қалайша қамқоршы ретінде әрекет етеді және мұны білгеніміз бізді неге талпындыру керек? (Жох. 14:25, 26) (be 19-бет, 2, 3-абз.)
8. Иса келеді деп жалпы қай мағынада айтылған және Матай 16:28-дегі ‘келу’ сөзі нені білдіреді? (w04 1.3. 24-бет, қоршау)
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
9. Не себептен Луттың әйелі өмірінен айырылды? (Жар. 19:26)
10. Ехоба Луттың мас болып, екі қызымен жыныстық қатынас жасағанына көз жұмды ма? (Жар. 19:30—38)
11. Қалайша Рахила Ехобаның батасын алу үшін аянбай әрекет етудің жақсы үлгісін көрсеткен? (Жар. 30:1—8) (w02-U 1.8. 29, 30-бет)
12. Неліктен Рахила бірнеше мандрагора үшін жүкті болудың бір мүмкіндігінен бас тартты? (Жар. 30:14, 15)
13. Жаратылыс 33:18-ге сай, Жақып қанахандықтармен араласқысы келмейтінін қалай көрсетті? (w95-U 15.9. 21-бет, 5-абз.)
14. Жаратылыс 37:12—17 дейінгі тармақтардан көрініп тұрғандай, Жүсіп пен Исаның әрекеттерінің қандай ұқсастықтары бар?
15. Жүсіп шынымен тостағанмен сәуегейлік еткен бе? (Жар. 44:5, сілтеме)