Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 6.06. 3-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2006
Біздің патшалық қызметіміз. 2006
km 6.06. 3-б.

Хабарландырулар

◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Маусымда “Отбасы бақыты” кітабы немесе “Құдай талап етеді” кітапшасы. Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар. Шілдеде “Құдайдың басшылығы” кітапшасы және қолда бар кез келген 32 беттік кітапша. Тамызда “Өлген соң адаммен не болады?” кітапшасы және қолда бар кез келген 32 беттік кітапша. Қыркүйекте “Құдайға шынайы мойынсұнатын уақыт” кітапшасы. “Ең ұлы адам” кітабын да ұсынуға болады.

◼ Шілде айында бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.

◼ Қыркүйек айындағы қызмет кездесуінде “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” (ор.) фильмі талқыланатын болады. Қажет болса, қауым арқылы фильмге мүмкіндігінше тез арада тапсырыс беріңдер.

◼ Барлық қауымдар мен оқшау топтардың 2007 жылға арналған күнтізбелерге, жылнамаларға және “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” кітапшаларына 2006 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей тапсырыс берулерін өтінеміз. 2006 жылдың 10 сәуіріндегі жаңа әдебиеттерге қатысты “Барлық қауымдарға арналған хабарландырулар” (ор.) деп аталатын хатты қараңдар.

◼ Біздің филиалдың қарамағындағы елдердегі бауырластардың соңғы айларда қандай жетістіктерге жеткендерін қуана хабарлаймыз. 2006 жылдың ақпанында Арменияда жалпы ізашарлардың жоғарғы саны 1 251-ге жетті, бұл осы елдегі шамамен әрбір жетінші жариялаушы жалпы ізашар дегенді білдіреді. Әзірбайжанда Киелі кітапты зерттеу сабағының саны ең жоғарғы меже 903-ке жетті, демек, әр жариялаушыда орта есеппен 1,7 зерттеу сабағы бар. Белоруссиядағы жариялаушылардың жоғарғы саны қаңтарда да, ақпанда да ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, ақпанда бұл сан 3 910-ға жетті. Грузиядағы жариялаушылардың жоғарғы саны ақпанда 15 761-ге жетті, сонымен қатар қазан айынан бастап жалпы ізашарлардың саны үздіксіз өсіп келеді, ал ақпанда олардың саны 1 934-ке жетті. Қазақстанда жариялаушылардың жоғарғы саны ақпанда 14 889-ға, ал жалпы ізашарлардың жоғарғы саны 1 614-ке жетті. Қырғызстандағы жалпы ізашарлардың жоғарғы саны ақпанда 564-ке жеткені қуантады, демек, бұл елде әрбір жетінші жариялаушы жалпы ізашар болып қызмет етеді. Ресейде 2005 жылдың қараша айынан бастап жалпы ізашардың саны ай санап өсіп келеді, ал ақпанда жалпы ізашар ретінде 17 333 адам қызмет етті. Біздің аймағымызға жататын басқа елдерде де осындай жетістіктер байқалады. Бұл — Ехобаның осы соңғы күндері халқының белсенді қызметіне батасын үйіп-төгіп беріп жатқандығының дәлелі.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу