Қызмет кездесулерінің кестесі
8 мамырдан басталатын апта
25-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
20 мин. ‘Менің жолыммен жүр!’a. Патшалық ісіне көбірек атсалысып, басқаларға көбірек қызмет ету үшін кейбір нәрселерде өз мүддесінен бас тартып, қарапайым өмір сүруге тырысатын үлгілі жариялаушыдан қысқаша сұхбат ал. Оның қандай баталарға ие болып жатқанына ерекше назар аудар.
15 мин. Қызметте болған оқиғалар. Жариялаушылардан наурыз, сәуір айларында қызметке көбірек атсалысып, қандай батаға ие болғандарын сұра. Жаңа ашылған зерттеу сабақтары мен Еске алу кешіне жаңа адамдардың келгеніне ерекше назар аудар. Ерекше оқиғалардың бір-екеуін көрсетуге болады.
22-ән және соңғы дұға.
15 мамырдан басталатын апта
28-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Бәрін де 29 мамырдан басталатын аптада өтетін талқылауға дейін “Нұх. Ол Құдаймен бірге жүрген” (ор.) деп аталатын фильмді көріп шығуға шақыр. 4-беттегі немесе жергілікті аймақ үшін тиімді басқа бір ұсынысты қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 мамырдағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Отбасы мүшелері ұсынысты айтуға жаттығып жатқан сәтті көрсетсін.
10 мин. Исаның қол астына бірігіп еңбек етудеміз. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” кітабының (ор.) 13—15 дейінгі беттеріндегі “Оның рөлін мойындау деген нені білдіреді” деп аталатын тақырыпшаға негізделген баяндама.
25 мин. “Патшалық сарайын соғу — қасиетті қызметіміздің маңызды бөлігі”b. 2-абзацқа келгенде, “Патшалық Сарайларын соғу бағдарламасына қатысуға өтініш” (А-25) бланкін көрсет те, оны кімнен алуға болатынын айт. Патшалық сарайының құрылысына атсалысқан бауырластармен сұхбаттас.
8-ән және соңғы дұға.
22 мамырдан басталатын апта
3-ән
12 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы.
15 мин. “Ізетті болу арқылы шынайы қызығушылық таныт”c. 4-абзацқа келгенде, 3-беттегі “Автожауапшыға не деп айтуға болады?” деген қоршаудағы ойларды айтып өт.
18 мин. Жақсы сыртқы көрініс. “Қызмет мектебі” кітабының 131—133 дейінгі беттеріндегі мәліметті тыңдаушылармен бірге талқылау. Сырт көрінісімізге қатысты берілген бес принципті қарастыр. Осы мәліметті қолдана отырып, кездесулерге лайықты түрде киініп келу керек екенін қызығушыларға ілтипаттылықпен түсіндіруге болатынын айт.
12-ән және соңғы дұға.
29 мамырдан басталатын апта
19-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Мамыр айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
10 мин. Маусымда “Отбасы бақыты” кітабын ұсынамыз. 2005 жылдың қаңтарындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 5-бетіндегі немесе жергілікті аймақ үшін тиімді кез келген ұсынысты қолдана отырып, “Отбасы бақыты” кітабын қалай ұсынуға болатынын көрсет. Уақыт болса, жариялаушылардан осы кітапты ұсынғанда қандай жақсы нәтижеге қол жеткізгендерін немесе отбасында оның қандай пайдасын көріп жатқанын сұра.
25 мин. “Үлкенге де, кішіге де жақсы үлгі”. Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, бірден екінші абзацтағы сұрақтар арқылы “Нұх” деп аталатын фильмді талқылауға көш. Одан кейін отбасыларынан DVD-дегі “Зерттеуге арналған тапсырмалар” деп аталатын бөлімді талқылаудың қандай пайдасын көргендерін сұра. Соңында үшінші абзацтағы сұрақтарға жауап беріп, ондағы Жазба орындарын талқылаңдар.
16-ән және соңғы дұға.
5 маусымнан басталатын апта
27-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. Қайта барғанда қызметімізді жемісті ету. 2003 жылдың 1 желтоқсанындағы “Күзет мұнарасының” 16-бетіндегі қоршауды залдағылармен бірге талқылау. Берілген жеті кеңестің әрқайсысын талқыла және тыңдаушылардан бұларды жергілікті аймақта қалай қолдануға болатынын сұра. Жариялаушыларды әдебиет алған немесе қызығушылық білдірген адамдардың бәріне зерттеу сабағын бастау үшін қайта баруға талпындыр. 2005 жылдың қаңтар айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 3—5 дейінгі беттерінде келтірілген ұсыныстардың бірін пайдаланып, қайта барғанда зерттеу сабағын қалай ұсынуға болатынын көрсет.
4-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.