Қызмет кездесулерінің кестесі
Ескерту: Жаз айларында “Біздің патшалық қызметімізде” әр аптадағы қызмет кездесуінің кестесі беріледі. Қауымдар “Құтқарылатын күн жақын!” деп аталатын облыстық конгреске байланысты өзгерістер жасауларына болады. Орынды болса, облыстық конгрестің алдындағы аптада осы айдағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасындағы жергілікті аймақта қолдануға болатын кеңестер мен ескертулерді қайталауға 15 минут бөліңдер. Ал конгрестен кейін бір-екі ай өткен соң, қызмет кездесуінде (мүмкін, “Жергілікті қажеттіліктердің” орнына) конгресте айтылған маңызды ойларды қайталауға 15—20 минут бөліңдер. Бүкіл конгрестің бағдарламасын қайталап шығудың керегі жоқ. Тек уағыздау қызметіне тікелей қатысы бар ойларға ғана назар аударыңдар. Жариялаушылардан осы мәліметтерді қызметтерінде қалай қолданып жүргендерін сұра.
10 сәуірден басталатын апта
25-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
15 мин. “Құлшына қызмет ете берейік”a. 2002 жылдың 1 қыркүйегіндегі “Күзет мұнарасының” 11-бетінің 13-абзацындағы ойларды айтып өт.
20 мин. “Уағыздау кестеңді бейімдей аласың ба?”b. Мәліметті жергілікті жағдайда қалай қолдануға болатынын көрсет. Жариялаушылар кешкі мезгілде уағыздаулары үшін, қандай шаралар ұйымдастырылғанын айтып өт.
1-ән және соңғы дұға.
17 сәуірден басталатын апта
28-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Көпшілікке арналған арнайы баяндамаға қатысты ұйымдастырылған шараларға ерекше назар аудар. Бәрін де 2006 жылдың 1 сәуіріндегі “Күзет мұнарасының” соңғы бетіндегі мәліметті қолдана отырып, бұрын Еске алу кешіне келгендерді, зерттеу сабағын өтіп жүрген адамдарды және басқа да қызығушыларды арнайы баяндамаға шақыра беруге талпындыр. Жариялаушылардың осы мәліметті қолданып, адамдарды көпшілікке арналған арнайы баяндамаға шақырғандары туралы екі-үш оқиғаны айтып бер. 8-беттегі немесе жергілікті аймақ үшін тиімді басқа бір ұсынысты қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 сәуірдегі нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Жариялаушы Киелі кітаптағы хабарға ерекше қызығушылық білдірген үй иесіне журналмен бірге “Білім” кітабын да ұсынады.
20 мин. “Қазақстан мен Орта Азиядағы Патшалық сарайларының құрылысы”c. Осы мәселеге ерекше ықылас танытатын ақсақал жүргізеді. Талқылау барысында қауымның нақты қажеттіліктеріне немесе көрші қауымдарға қандай қолдау көрсетуге болатынына назар аудар.
15 мин. “Есік алдында және телефон арқылы ілгерілеп отыратын Киелі кітап зерттеу сабақтарын өткізу”d. Қысқаша көрініс. Жариялаушы сабақты үйге кіріп өту үшін не айтуға болатынын көрсетеді.
18-ән және соңғы дұға.
24 сәуірден басталатын апта
6-ән
15 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Мамыр айында “Күзет мұнарасын” ұсынамыз. 6-беттегі “Қызығушылар арқылы жаңа зерттеу сабақтарын бастау” деген қоршауды талқыла.
30 мин. “Ехобаны күтуден жалықпаңдар”e. Бұл бөлімді қауым хатшысы дайындайды. Қауымның қай конгреске шақырылғанын айт. Тыңдаушыларды конгресс өтетін қалада жүрген уақыттың бәрінде плакеткаларымызды тағып жүргеніміз куәлік етуге қалай мүмкіндік беретінін айтуға талпындыр. Оларды бейресми куәлік етудің мүмкіндігін жібермеуге және қызығушылық білдірген адамдарға қатысты “Мына кісіге баруды өтінеміз” (S-43) бланкін қолдануға шақыр.
21-ән және соңғы дұға.
1 мамырдан басталатын апта
22-ән
5 мин. Жергілікті хабарландырулар. Сәуір айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
10 мин. “Тыңдаушыларға қарап сөйлеу арқылы шынайы қызығушылық таныт”f. Қысқаша көрініс. Көпшілік орнында уағыздап жүрген жариялаушы адамның көзіне қарайды, одан соң әңгіме бастап, куәлік етеді.
15 мин. Ехобаның істері туралы ой жүгірт (Заб. 76:13). 2006 жылғы “Жылнаманы” (ор.) тыңдаушылармен талқылау. Басқарушы кеңестің хатындағы жігерлендірерлік ойларды қарастыр (3—5 беттер). “Киелі кітап аудармасы” деп аталатын тақырыпшаны тыңдаушылармен талқыла (10, 11-беттер). Өткен жылғы атап өтерлік оқиғаларды айтып өт (6—64 беттер). Тыңдаушылардан “Жылнамадағы” қандай ойлар ерекше ұнағанын сұра. Бәрін де осы ойларды Киелі кітап зерттеп жүрген адамдардың Ехобаның ұйымына деген ризашылықтарын арттыру үшін қолдануға шақыр.
15 мин. “Құтқарылатын күн жақын!” деп аталатын облыстық конгресті дүние жүзіне хабарлау науқаны”g. Барлық абзацтардың оқылуын қадағала.
10-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
f Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
g Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.