Тыңдаушыларға қарап сөйлеу арқылы шынайы қызығушылық таныт
1 Көпшілік орындарында және үйме үй жүргенде, жиі әңгімені бастамас бұрын, алдымен адамның көзіне қараймыз. Осы сәтте олардың бізді жақтырып не жақтырмай тұрғанын, тіпті көңіл-күйлерінің қандай екенін байқап қалуға болады. Олар да біз туралы көп нәрсе біліп үлгереді. Бауырласты алғаш көрген кезі туралы бір әйел былай дейді: “Оның күлімдеген жүзінен тыныштық лебі есіп тұрды. Бұл менің қызығушылығымды оятты”. Осының арқасында бауырлас бұл әйелге куәлік ете алған.
2 Көшеде немесе басқа да көпшілік орындарында куәлік еткенде, адамдардың көзіне қарасақ, әңгіме бастауымыз жеңілірек болады. Бір бауырлас қызметте өзіне қарай келе жатқан адамдардың көзіне қарайды. Олармен көздері түйіскенде, ол күлімдейді де, жақындағанда журнал ұсынады. Осылайша ол көп адаммен әңгімелесіп, қуанышқа бөленуде және көп әдебиет таратып жүр.
3 Адамдардың сезімдеріне мұқият бол. Тыңдаушыларға қарап сөйлеу арқылы олардың не сезініп тұрғанын біле аламыз. Мысалы, адам сөздерімізді түсіне алмай немесе бізбен келіспей тұрса, әдетте бұл оның жүзінен көрініп тұрады. Ал егер оның қолы тимей жатса немесе шыдамы таусылып бара жатса, бет-әлпетінен мұны да байқауға болады. Сонда жағдайға қарай ұсынысымызды бейімдей аламыз немесе қысқарта аламыз. Адамдардың сезімдеріне мұқият болу — шынайы қызығушылық танытудың тамаша жолы.
4 Таза пейіл және сенімділік. Көп жерде көзге қарап сөйлеу адамның пейілінің тазалығын білдіреді. Шәкірттері: “Ендеше кім құтқарыла алады?”— деп сұрағанда, Исаның қалай жауап бергеніне назар аударшы. Киелі кітапта былай айтылады: “Иса оларға қарап тұрып: — Бұл адам қолынан келмегенімен, Құдайдың қолынан бәрі де келеді,— деп жауап берді” (Мат. 19:25, ЖД; 26). Осы сөздерді айтқанда, Исаның көздерінен сенімділік байқалғаны және бұл оның сөздеріне деген басқалардың да сенімділігін арттырғанын түсіну қиын емес. Біз де осылай тыңдаушыларға қарап сөйлеу арқылы Патшалық туралы хабарды таза пейілмен және сенімділікпен жеткізе аламыз (Қор. 2-х. 2:17; Сал. 1-х. 1:5).