Құлшына қызмет ете берейік
1 Аполлостың қызмет кезінде танытқан құлшынысы туралы оқығанда, бүгінде қызметтерін ерекше ынтамен атқарып жүрген бауырластар есімізге түсетін шығар (Ел. іс. 18:24—28). Алайда Киелі кітаптағы: “Лайым жақсылыққа деген талпыныстарың бәсеңдемесін... рухтарың жалындай берсін!”— деген үндеу бәрімізге де қатысты айтылған (Рим. 12:11). Қызметке деген құлшынысымызды оятуға және оны сақтауымызға не көмектеседі?
2 Білім алғанда жүрегіміз жалындайды. Иса екі шәкіртіне келіп, ‘Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндіргенде’, олар: “Ол жолшыбай бірге келе жатып, бізге Киелі жазбалардың мәнін ашып бергенде жүректеріміз жалындап кеткен жоқ па еді?”— деген (Лұқ. 24:27, 32). Сол сияқты Құдай Сөзіндегі шындықты біліп, түсінігіміз артқан сайын, біздің де жүрегіміз жалындаған жоқ па еді? Иә, сенім біліммен келеді. Римдіктерге 10:17-де: “Сенім хабарды естуден келеді”,— деп түсіндіріледі (Рим. 10:17). Ехобаның уәделеріне деген берік сенім пайда болғанда, білген нәрселерімізді басқаларға айтпай тұра алмаймыз (Заб. 144:7; Ел. іс. 4:20).
3 Алайда осы уақытқа дейін алған біліміміздің арқасында Құдайға деген терең сүйіспеншілігіміз бен қызметке деген зор құлшынысымызды сақтап қаламыз деп ойламауымыз керек. Қайта, шындық туралы білімімізді және Ехобаға деген сүйіспеншілігімізді тереңдете беруіміз керек. Әйтпесе қызметіміз жай ғана ойланбастан атқара беретін күнделікті нәрсеге айналып кетеді (Аян 2:4). Киелі кітап ‘Құдайды неғұрлым жақынырақ тануға’ шақырады (Қол. 1:9, 10).
4 Жеке зерттеу. Олай болса, жеке зерттеуімізді тексергеніміз дұрыс. Мүмкін, “Күзет мұнарасына” дайындалғанда, дұрыс жауаптардың астын сызып шығып, оларды кездесуде айтып бере алатын шығармыз. Бірақ келтірілген Жазба орындарын ашып қарап, мәліметті өмірімізде қалай қолдануға болатынын ойланамыз ба? Апта сайын Киелі кітапты оқығанда, мүмкін болса, қосымша ізденістер жасап, өзімізге қандай сабақ алуға болатыны туралы ой жүгіртеміз бе? (Заб. 76:12, 13; Нақ. с. 2:1—5). Құдай Сөзі туралы ой жүгіртіп, оған мұқият ықылас аударғанымыздың пайдасы зор (Тім. 1-х. 4:15, 16). Терең зерттеу рухымызға нәр беріп нығайтады, әрі “игі істерге ынталы” болуға көмектеседі (Тит. 2:14).