Еске алу кешіне байланысты ескертулер
Биыл Еске алу кеші 12 Сәуірде сәрсенбі күні өтеді. Ақсақалдар келесі жайттарға көңіл аударулары керек:
◼ Кездесудің уақытын белгілегенде, рәміздердің күн батқан соң берілетіндігіне көз жеткізіңдер.
◼ Барлығына, баяндамашыға да, кештің өтетін тура уақыты мен мекен-жайын хабарлау керек.
◼ Лайықты нан мен шарапты дайындап қою керек (2003 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 наурыздағы нөмірінің 10, 11-беттерін қара).
◼ Кеш өтетін залға алдын ала лайықты үстелді әкеліп, дастарқан жайып, тәрелкелер мен шарап құятын ыдыстарды дайындау керек.
◼ Кездесу өтетін Патшалық Сарайын немесе өзге залды алдын ала жақсылап тазалап қою керек.
◼ Қызмет көрсетушілер мен рәміздерді алып жүретін бауырластарды тағайындап, оларға кездесудің қалай өтетінін, әрқайсысының міндетін және киімдері мен сырт көріністері мейрамға сай болу керектігін алдын ала ескерту керек.
◼ Денсаулықтарына байланысты Еске алу кешіне келе алмайтын майланғандардың рәміздерден дәм татулары үшін қам жасау керек.
◼ Бір Патшалық Сарайында бірнеше қауым кеш өткізетін болса, дәлізде, кіре берісте және жолда адамдардың топталып қалмауын, ал көлікжайда көліктердің жиналып қалмауын алдын ала ойластыру керек.