Қызмет кездесулерінің кестесі
13 наурыздан басталатын апта
26-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
15 мин. “Адамдарға азаттық төлемінің пайдасын көруге көмектес”a. Келесі бөлімде “Білім” кітабының 127-бетіндегі 18-абзацты қолданып, адамдарды Еске алу кешіне қалай шақыруға болатынын қарастырамыз.
20 мин. Иеміздің кешкі асын атап өту Құдайға құрмет әкеледі. “Білім” кітабының 127-бетіндегі 18-абзацты және 2004 жылдың 1 сәуіріндегі “Күзет мұнарасының” 3—7 дейінгі беттеріндегі мәліметті сұрақ-жауап ретінде талқылау (Сондай-ақ bh-U 206—208 беттерін қара). Бір минуттан аспайтын алғы сөзде үй иесіне еске алу кеші туралы қалай түсіндіріп беруге болатынын көрсет. Одан кейін жариялаушыларды абзацтарды оқымай, келесі сұрақтарға жауап беруге шақыр: Иса Еске алу кешін қашан ендірді? Иеміздің кешкі асын жылына қанша рет атап өту керек? Киелі кітап бойынша оны қалай атап өту керек? Исаның нанды тура мағынада өз тәніне, ал шарапты өз қанына айналдырмағанын қайдан білеміз? Ашымаған нан нені бейнелейді? Қызыл шарап ше? Нан мен шараптан кім дәм тату керек? Еске алу кеші жыл сайын қай кезде атап өтіледі және неге бұл кездесуге келуіміз керек? Уақыт болса, негізгі Жазба орындарын талқылап өт. Бәрін де абзацтарды оқып, басты ойларды талқылап, жоғарыдағы сұрақтарды қою арқылы Киелі кітап зерттеп жүрген және басқа да Еске алу кешіне шақырған адамдармен бірге осы мәліметті талқылауға шақыр.
11-ән және соңғы дұға.
20 наурыздан басталатын апта
15-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Еске алу кешіне байланысты ескертулер” деген қоршаудағы басты ойларға шолу жаса. 4-беттегі немесе аймақтарыңда қолдануға болатын басқа ұсынысты пайдаланып, “Күзет мұнарасының” 1 наурыздағы санын қалай ұсынуға болатынын көрсет. Ұсыныстың соңында жариялаушы журналдың соңғы бетіндегі мәліметті қолданып, үй иесін Еске алу кешіне шақырады.
23 мин. Құдайдың құрылымындағы Исаның рөлі. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 10—13 дейінгі беттеріне негізделген баяндама. “Мәсіхтің атқаратын рөлі” деп аталатын тақырыпшаның бірінші және екінші абзацын талқылағанда, үш-төрт минут бөліп, Еске алу кешіне шақыру қағазын қалай таратуға болатынын түсіндіріп, көрсетіп бер. 2006 жылдың ақпанындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 3-бетінің 3-абзацындағы ұсынысқа шолу жаса.
12 мин. Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу арқылы нығаямыз. 2006 жылғы “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеудің” алғы сөзіне негізделген баяндама және көрініс. Отбасының бүгінгі тармақты талқылап жатқан көрінісін ұйымдастыр.
5-ән және соңғы дұға.
27 наурыздан басталатын апта
16-ән
15 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаңтар айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Қызығушыларды еске алу кешіне шақыру үшін, шақыру қағазын қалай қолдануға болатынын көрсет.
10 мин. Құдай әлі де қадағалап отыр ма? 2006 жылдың 1 сәуіріндегі “Күзет мұнарасының” (ор.) 32-бетіне негізделген баяндама және көрініс. Әр мүмкіндікті пайдаланып, адамдарды арнайы баяндамаға шақыра беріңдер. Барлық қызығушыларды және олардың отбасындағы зерттеу сабағына қосылмайтын адамдарды да ұмытпағандарыңа көз жеткізіңдер. Қызығушылар мен қызметте кездестірген адамдардың бәрін арнайы шақыру керек. Көрініс: Жариялаушы мақаладағы мәліметті қолданып, енжар жариялаушыны немесе кездесуге келмей кеткен адамды арнайы баяндамаға шақырады.
20 мин. Қызметте болған оқиғалар. Жариялаушыларды наурыз айында “Білім” кітабын ұсынғанда болған оқиғаларды айтып беруге шақыр. Басталған Киелі кітап зерттеу сабақтарына ерекше назар аудар. Бір-екі ерекше оқиғаны көрсетуге болады.
22-ән және соңғы дұға.
3-сәуірден басталатын апта
10-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Момын адамдарды Құдай жолымен жүруге үйретіңдер”b. 2004 жылдың 1 шілдесіндегі “Күзет мұнарасының” 27-бетінің 9-абзацындағы ойларды айтып өт.
20-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.