Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 3.06. 3-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2006
Біздің патшалық қызметіміз. 2006
km 3.06. 3-б.

Хабарландырулар

◼ Наурыз айында “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” кітабы. Үй жағдайында Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыну керек. Сәуір және мамыр айларында “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық білдірген, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға қайта барғанда, “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға тырысыңдар. Әсіресе “Білім” кітабы мен “Құдай талап етеді” кітапшасын өтіп қойған адамдармен осы кітап бойынша Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Маусымда “Отбасы бақыты” кітабы немесе “Құдай талап етеді” кітапшасы. Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар.

◼ Сәуір айында бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.

◼ Еске алу кеші 2006 жылдың 12 Сәуірінде сәрсенбі күні өтеді. Егер сәрсенбі күні әдеттегідей қауым кездесулері өтетін болса, оларды Патшалық Сарайы бос болатын басқа бір күнге ауыстыру керек. Егер ондай мүмкіндік болмай, қызмет кездесуін өткізе алмасаңдар, онда сол аптадағы қызмет кездесуінің кестесіндегі қауымдарың үшін пайдалы болатын бөліктерін кейінгі апталардағы бағдарламаға енгізуге болады.

◼ “Күзет мұнарасы” және “Ояныңдар!” журналдарын қауымға келе салысымен жариялаушыларға таратып берген дұрыс. Сонда жариялаушылар қызметте ұсынбас бұрын, олардың мазмұнымен таныса алады. Бұл “Біздің патшалық қызметімізге” де қатысты. Оны қауымның кітап зерттеу кездесуінде таратып беруге болады.

◼ Мамыр айындағы қызмет кездесуінде “Нұх. Ол Құдаймен бірге жүрген” (ор.) деп аталатын фильм талқыланады. Қажет болса, қауым арқылы фильмге мүмкіндігінше тез арада тапсырыс беріңдер.

◼ Филиал әдебиетке байланысты жариялаушылардың жеке тапсырыстарын орындамайды. Сол себепті төрағалық етуші бақылаушы ай сайын әдебиетке берілетін тапсырысты филиалға жөнелтпес бұрын хабарландыру жасауына және барлығы әдебиетке жауапты бауырласқа жеке тапсырыстарын бере алуларына алдын ала қам жасауы керек. Қандай әдебиеттерге арнайы тапсырыс беру керек екендігін ұмытпауларыңды сұраймыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу