Көрнекі құралдарды қолданып тәлім бер
1. Ехоба ежелгі қызметшілеріне тәлім беру үшін не қолданған және бұл оларға қалай әсер еткен?
1 Ехоба ежелгі қызметшілеріне маңызды мәліметтерді кейде көріністер мен аяндар арқылы берген. Мысалы, Езекиел аянда аспан күймесін көрген (Езе. 1:1—28). Ал Даниялдың дүниежүзілік ірі мемлекеттердің ауысуы туралы аян алғанда не сезінгенін ойлап көрші (Дан. 7:1—15, 28). Сондай-ақ “Иеміздің күнінде” болатын оқиғаларды білдіретін елші Жохан көрген әсерлі аян туралы не деуге болады? (Аян 1:1, 10, ЖД). Ехоба оларға түрлі-түсті жарқыраған көріністер мен күшті құбылыстар арқылы тәлім берген, сондықтан олар көрген нәрселерін көпке дейін ұмытпаған.
2. Басқаларға тәлім бергенде қандай көрнекі құралдарды қолдануға болады?
2 Егер адамдардың Киелі кітаптың шындығын естерінде сақтағанын қаласақ, біз де бейнефильмдерді қолданып тәлім беруімізге болады. Біздің бейнефильмдер әр түрлі тақырыптарға арналған және адамның Киелі кітапқа, Ехобаның ұйымына және мәсіхшінің өмірін жақсартатын принциптерге деген сенімін нығайтады. Бұл құралды қалай қолдануға болады? Төменде мұның бірнеше қарапайым тәсілі көрсетілген.
3. Қызығушыны ұйымға бағыттау үшін нені қолдануға болады?
3 Қызметте. Киелі кітап зерттеп жүрген адамға біздің ұйым туралы айттың ба? Енді оны “Танысыңыздар, Ехоба Куәгерлері ұйымы” (ор.) деген фильмді көрсету арқылы ұйыммен таныстыр. Фильмді келесі зерттеу сабағына дейін көріп шығу үшін, оған қалдырып кет, немесе келесі жолы бірге көріңдер.
4. Жас куәгерлер мектепте қандай тәлім беру құралын пайдалануларына болады?
4 Жастар, мүмкін, сендер мұғалімдеріңе “Ехоба Куәгерлерінің нацизм алдындағы батылдығы” немесе “Сынақ кезінде адалдығын сақтағандар. Кеңес Одағындағы Ехоба Куәгерлері” (ор.) деп аталатын деректі фильмдерді сыныптастарыңа көрсеткілерің келетінін айтқан шығарсыңдар. Олай болса, фильмді бірге талқылау үшін сұрақтар дайындап әкеле алатындарыңды айтыңдар. Одан кейін 2001 жылдың маусым айындағы немесе 2003 жылдың ақпан айындағы “Біздің патшалық қызметімізде” келтірілген сұрақтарды сыныптастарыңмен талқылауға бейімдеп апарыңдар.
5. Ата-аналар отбасылық зерттеуде нені қолдануларына болады?
5 Отбасымен және достармен бірге. Ата-аналар, “Жастардың сауалдары. Нағыз достарды қалай табуға болады?” (ор.) бейнефильмін соңғы рет қашан көрдіңдер? Неге оны келесі отбасылық зерттеу кезінде тағы бір көріп шықпасқа? 2004 жылдың қыркүйек айындағы “Біздің патшалық қызметімізде” фильмді еркін және ашық талқылауға көмектесетін сұрақтар келтірілген. Мүмкін, фильмді көруге қауымдағы достарыңды да шақырғыларың келетін шығар. Бірге өткізген бұл кеш бәріңе де қуаныш сыйлауы мүмкін.
6. Бейнефильмдерді тағы қалай қолдануға болады деп ойлайсың?
6 Басқа да мүмкіндіктер. Фильмдерімізді тағы қалай қолдануға болады? Олардың бір-екеуін көрсеткенің үнемі сөйлесіп тұратын адамдарыңның рухани өсулеріне көмектесер ме еді? Фильмдерді қарттар үйінде немесе мүгедектер үйінде көрсетуге ұсыныс жасай аласың ба? Фильмдер куәгер емес туыстарыңның, көршілеріңнің және жұмысыңдағы адамдардың бізге деген көзқарастарына әсер етуі мүмкін бе? Біздің бейнефильмдер өте әсерлі, пайдалы және тиімді. Тәлім беру үшін оларды қолдан.