Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2006 жылғы 27 ақпанда басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2006 жылдың 2 қаңтарда басталатын аптасы мен 27 ақпанда басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Теократиялық қызмет мектебі ‘Құдайды үнемі мадақтап... Оның “Жаратқан Ие” деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуге’ қалай көмектеседі? (Ев. 13:15) (be 5-бет, 3-абз. — 6-бет, 1-абз.)
2. Неге сауатты оқып үйрену үшін бар ықыласымызбен еңбектенуіміз керек? (be 83-бет, 1—5 абз.)
3. Сөйлегенде және тәлім бергенде сөздерімізді анық айтқанымыз неліктен маңызды? (be 86-бет, 1—6 абз.)
4. Сөздерді дұрыс айту неліктен маңызды және қандай нәрселерді ескеру керек? (be 89-бет, 1-абз. — 90-бет, 2-абз., қоршау)
5. Жатық сөйлеуді қалай үйренуге болады? (9, be 94-бет, 4, 5-абз., қоршау)
№1-ТАПСЫРМА
6. Неге Құдайдың киелі рухымен жазылғандарын оқуды жалғастыра беруіміз керек? (be 9-бет, 3-абз.)
7. Өзіміз жайлы байсалды көзқарастың берер батасы қандай? (w00 1.4. 15, 16-бет.)
8. Некенің нығаюына қандай нәрселер әсер етеді? (w03 1.10. 4—7 бет.)
9. Зорлық-зомбылық пен соғысты қалай тоқтатуға болады? (w04 1.1. 4-бет, 8-абз.)
10. Киелі кітапқа негізделген ажырасуға болатын жалғыз себеп қандай және қай кезде Киелі кітап ажырасуды міндеттемейді? (w03 1.3. 30, 31-бет)
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
11. Киелі кітапта дұрыс және қате істердің тізімі жазылған кітап болмағандықтан, қалай Ехобаның еркін ‘біліп алуға’ болады? (Ефес. 5:17) (w03-U 1.12. 21-бет, 3-абз — 22-бет, 3-абз.)
12. “Қолайлы уақыттың құнын өтеп алыңдар” деген сөздер нені білдіреді және мұны қалай істеуге болады? (Ефес. 5:16, ЖД) (w02-U 15.11. 23-бет)
13. Пауылдың Філимонға жазған хатынан мәсіхшілердің міндеті қоғамдық өзгеріс жасау емес, жеке адамдарға мәсіхші болуға көмектесу екені қалай көрінеді? (Філим. 12) (w98-U 15.1. 30, 31-бет; w62-Е 653—656 бет)
14. Бақылаушы “ұрыншақ” болмау [“өзгелерді ұрмау”, ЖД] керек дегенді қалай түсінуге болады? (Тит. 1:7) (w90-U 9.1. 27-бет, 21-абз.)
15. “Беттеген бағыттан ауытқып кету”, “Құдайдан безіп кету” деген тіркестердің мағыналарында қандай айырмашылықтар бар? (Ев. 2:1; 3:12; 6:6) (w99 10.1. 19-бет, 12-абз.; w86-U 1.11. 12-бет, 16, 17-абз.)