“Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабын зерттеуден қуаныш тап
1 “Құдайға мойынсұну” деп аталатын облыстық конгресте “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының шыққанын естіп қатты қуандық. Біз бұл кітапты қызметте, әсіресе зерттеу сабағын жүргізгенде, барынша пайдаланып келеміз. Сол себепті онымен жақсылап танысып алуымыз керек, әрі солай етпекпіз де, себебі 2007 жылдың 31 желтоқсанынан бастап, қауымның кітап зерттеу кездесулерінде осы кітап талқыланатын болады.
2 Кітап зерттеу кездесуінің бақылаушысы алдымен тараудың басындағы сұрақтарға назар аударады. Одан соң әр беттің аяғында орналасқан сұрақтарды қоя отырып кездесуді жүргізеді. Негізгі Жазба орындары оқылып, талқыланатын болады, ал әр тараудың соңындағы “Киелі кітап мынаған үйретеді” деп аталатын қоршау өткен мәліметті қайталауға жақсы көмек болады, себебі онда тараудың басында қойылған сұрақтардың Киелі кітапқа негізделген жауаптары жазылған. Бұл кітаптағы ойлар анық, қарапайым әрі қызықты етіп жазылғандықтан, түсініктеме берудің саған ұнары сөзсіз.
3 Бұл кітапта әртүрлі тақырыптар егжей-тегжейлі талқыланатын қосымша бар. Егер қызығушы қандай да бір тақырыпқа қатысты көбірек білгісі келсе, осы қосымшаны қолдануымызға болады. Ондағы мәліметтер кейде кітап зерттеу кездесуінде де талқыланатын болады. Мұндайда алдымен талқыланатын мәліметті толық оқып шыққан дұрыс, ал егер көлемді болса, оны бірнеше бөлікке бөліп қарастыруға болады. Қосымшаға зерттеуге арналған сұрақтар қойылмаған. Бірақ топ бақылаушысы негізгі ойларды ашатын сұрақтар қоя отырып, басқаларды түсініктеме беруге талпындыруына болады.
4 Қауымның кітап зерттеу кездесуінде “Киелі кітап үйретеді” кітабы тез талқыланатын болады. Алайда Киелі кітап зерттеу сабағын жүргізгенде, әсіресе адамның Киелі кітап жайында білімі аз не мүлдем жоқ болса, кітапты тура осындай жылдамдықпен өтуге тырысудың қажеті жоқ (Ел. іс. 26:28, 29). Себебі үй жағдайында Жазба орындарын тереңірек қарастыру немесе суреттерді түсіндіру сияқты жайттарға көңіл бөлу керек болады. Олай болса кітап зерттеу кездесуіне апта сайын келіп, “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабын талқылауға құлшына атсалысуды мақсат етіп қой.