Әлемде бұрын соңды болмаған уағыздау науқаны
Ехоба куәгерлерінің ізгі хабарды жариялау үшін ұйымдасқанына 100 жылдан астам уақыт өтті (Қор. 1-х. 9:23). Біз әлемде бұрын соңды болмаған уағыздау науқанына қатысып, осы ізгі хабарды жүздеген тілде таратудамыз. Бұл хабар бүгінде 230-дан астам елде жариялануда (Мат. 24:14). Алайда бұл істі атқару неге маңызды? Ол дүние жүзі бойынша қалай жүргізіліп жатыр?
“Ехоба куәгерлері ізгі хабарды тарату үшін ұйымдасқан” (ор.) деп аталатын бейнефильм осы сұрақтарға жауап береді. Онда дүние жүзі бойынша жүргізіліп жатқан ізгі хабарды тарату ісінің әр түрлі қырлары мен салалары егжей-тегжейлі сипатталған. Оны қарап, келесі сұрақтарға жауап беруге тырысыңдар: 1) Ізгі хабарды тарату ісі қалай ұйымдастырылған және онда басшылық қалай жүргізіледі? 2) Жазушылар, аудармашыларға көмек көрсету, көркемөнер, дыбыс/бейне жазу бөлімдері ізгі хабардың таралуына қалай септігін тигізеді? 3) Әдебиеттерді көп көлемде басып шығару мен оларды тасымалдау ісінің мақсаты қандай? (Жох. 17:3) 4) Бір жылда қанша әдебиет басып шығарылады? 5) Киелі кітапқа негізделген әдебиеттеріміз қандай нәтиже әкелді? (Евр. 4:12) 6) Көру не есту қабілеті нашар адамдарға рухани жағынан көмектесу үшін нендей істер атқарылуда? 7) Патшалық ісі қалай қаржыландырылады? 8) Ауруханалармен байланыс қызметі, конгресс бөлімі және қызмет бөлімі қандай жауапкершілік атқарады? 9) Ехоба куәгері ретінде бұл бейнефильм мына нәрселерді түсінуіңе және ризашылығыңды арттыруға қалай көмектесті: а) Ехобаның ұйымының ізгі хабарды тарату үшін күш салып жатқаны ә) дүние жүзіндегі 100-ден аса Бетел отбасылары б) бақылаушылар мен миссионерлерге тәлім беру бағдарламасы в) әрбір күнді Киелі кітап тармағын талқылаудан бастаудың және кездесулерге апта сайын дайындалудың маңыздылығы г) мәсіхшілер кездесуіне барудың пайдасы ғ) жер бетінде орнайтын жұмақтың әкелетін қуанышы (Ишая 11:9) д) егін жинау ісіне жеке өзіміздің қатысқанымыздың маңыздылығы (Жох. 4:35).
Бұл бейнефильм туыстарыңа, таныстарыңа, қайта барған адамдарыңа және Киелі кітап зерттеушілеріңе қалай әсер етті? Неге жақын арада осы бейнефильмді тағы біреулерге көрсетіп, ізгі хабарды айтпасқа? (Мат. 28:19, 20)