Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 2.06. 3—4 бет.
  • Нұрға назар аудар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Нұрға назар аудар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаның қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялаңдар
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Ал сен қосалқы ізашар болып қызмет еткің келе ме?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Қазірден бастап көбірек қызмет етуді жоспарла
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Жаңа қызмет жылында талпынуға тұрарлық мақсат
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2006
km 2.06. 3—4 бет.

Нұрға назар аудар

1. Құдай Сөзінде қандай ғаламат нұр туралы айтылған және қандай оқиға осы нұрға ерекше назар аударады?

1 Ишая пайғамбар арқылы Ехоба былай деген: “Ғұмыр кешкен бұл халық қараңғыда енді бір ғаламат Нұрды көреді, түнек басқан елде тұратындарға таңның шапағы сәулесін төгеді!” (Иш. 9:2) Бұл ғаламат нұрды Құдай Ұлы Иса Мәсіх жерге келгенде өзінің істерімен көрсеткен. Оның істері мен құрбандығының пайдасы түнекте жүрген адамдардың рухани күйлерін көтерген. Түнек басқан қазіргі уақытта адамдар дәл осы нұрды қажет етеді. Сондықтан Иеміздің кешкі асы осы нұрға ерекше назар аударуымызға мүмкіндік береді (Жох. 8:12). Иса “Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!”— деген өсиет еткен. Өткен жылы миллиондаған адам осы кешке шақыруымызды қабыл алып, белгілі бір шамада сенімдері бар екенін көрсетті (Лұқ. 22:19). Биылғы еске алу кеші де жақындап келе жатқандықтан, Ехоба жарқыратқан ғаламат нұрға адамдардың назарын қалай аударуымызға болады? (Філіп. 2:15)

2. Төлем құрбандығына деген ризашылығымызды қалай арттыруымызға болады және бұл бізге қалай әсер етеді?

2 Ризашылығыңды арттыра түс. Еске алу кеші болатын кезең — Ехоба мен Исаның адамзат үшін құрбандық беру арқылы көрсеткен зор сүйіспеншіліктері туралы ой жүгіртетін уақыт (Жох. 3:16; Қор. 2-х. 5:14, 15). Бұл уақыттың осы маңызды оқиғаға деген ризашылығымызды арттыратыны сөзсіз. Құдай халқы “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” кітапшасындағы еске алу кеші қарсаңында оқылатын жазба орындарын оқуға және ой жүгіртуге уақыт бөлгілері келеді. Төлем құрбандығынан көрінетін Ехобаның теңдесі жоқ қасиеттері жайында ойланғанымыз оны өзіміздің Құдайымыз ретінде мақтан тұтуға талпындырады. Ал төлемнің жеке өзіміз үшін нені білдіретіні туралы ой жүгірткеніміз Құдай мен оның Ұлына деген шынайы сүйіспеншілігімізді арттыра түседі, әрі Құдайдың еркін жан-тәнімізбен орындауға талпындырады (Ғал. 2:20).

3. Еске алу кешін бағалайтынымызды қалай көрсетуімізге болады?

3 Ехобаның адамзатты құтқару үшін жасаған шарасына деген ризашылығымызды арттыратын болсақ, еске алу кешіне шақырғанда, бұл Киелі кітап зерттеп жүрген және үнемі сөйлесіп тұратын адамдарымызға, туыстарымызға, көршілерімізге, сыныптастарымызға, жұмыстағы және басқа да адамдарға әсер етеді (Лұқа 6:45). Сондықтан осындай адамдарды шақыруға ерекше күш сал және ұмытып қалмаулары үшін, шақыру қағазын бер. Кейбір жариялаушылар ешкімді ұмытып кетпеу үшін еске алу кешіне жыл сайын шақыратын адамдарының тізімін жасап, оған жаңа адамдарды қосып отырудың пайдалы екенін көрген. Алдын ала ойластырып алып және әр мүмкіндікті пайдаланып, қызығушыларды еске алу кешіне шақыру “баға жетпес сыйы үшін” Ехобаға деген ризашылығымызды білдірудің керемет жолы болмақ (Қор. 2-х. 9:15).

4. Наурыз, сәуір айларында көбірек қызмет етуімізге не көмектесуі мүмкін?

4 Қызметке көбірек шық. Наурыз, сәуір айларында қызметке көбірек шыға аласың ба? Адамдарға ‘Мәсіхтің салтанатты ұлылығы туралы Ізгі хабарды’ жеткізуге деген талпынысымызға Құдай, сөзсіз, батасын береді. Рухани жарықтың көзі Ехоба Құдай “қараңғылықтан нұрдың жарқырауын бұйырған” (Қор. 2-х. 4:4—6). Ақсақалдар, қажет болса, көбірек уағыздағысы келген жариялаушыларға көмек болу үшін, уағыздау қызметіне арналған қосымша кездесулер ұйымдастырады. Мысалы, таңертең көшеде немесе іскерлер аймағында, ал түстен кейін немесе кешке таман телефон арқылы куәлік етуді ұйымдастыруға болады. Көбірек қызмет ете алу үшін, шамаңа қарап, қанша сағат тапсырғың келетінін анықта да, соған жетуге тырыс. Көп бауырлас Ехобаға барынша қызмет ету үшін қосалқы ізашар болып жатады (Қол. 3:23, 24).

5. Көп жариялаушы қосалқы ізашарлық қызмет нормасының қысқарғанының қандай пайдасын көруде?

5 Қосалқы ізашар бола аласың ба? Қосалқы ізашарларлық қызмет нормасы қысқарғанына да жеті жылдан асып кетті. Бұл көп бауырластың қосалқы ізашар болып, қуанышқа кенелуіне мүмкіндік берді. Сен осы қызметке атсалысып көрдің бе? Кейбіреулер мұны жыл сайынғы әдетке айналдырған. Көп қауымда бір уақытта бірталай жариялаушы қосалқы ізашар ретінде қызмет етіп жатады, сондықтан мұндай кезде қауым ерекше атап өтерліктей белсенділік танытады. Екі айдың бірінде мүмкіндік тауып, қосалқы ізашар бола аласың ба? Кейбіреулер үшін сәуір айы әсіресе ыңғайлы болуы мүмкін, себебі бұл айда бес сенбі, бес жексенбі бар.

6. Көктем айларында қандай керемет мүмкіндіктер бар?

6 Қауымдарыңа наурыз немесе сәуір айларында аудандық бақылаушы келейін деп жатқан жоқ па? Олай болса, бақылаушының ізашарлармен өткізетін кездесуінің алғашқы жартысына қатыса аласың. Себебі бұрын хабарланғандай, 2006 қызмет жылында аудандық бақылаушы келген айда қосалқы ізашар болып жүрген жариялаушыларға осындай мүмкіндік беріледі. Онда айтылатын жігерлендірерлік ойлар көптеген қосалқы ізашарды нығайтып, жалпы ізашар болуға көмектесетінінде күмән жоқ. Оның үстіне, наурыз айында “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” кітабын тарату арқылы адамдардың рухани нұрға келулеріне көмектесетін мүмкіндігіміз бар. Неге осы кітап бойынша зерттеу сабағын бастауды мақсат етіп қоймасқа?

7, 8. а) Қосалқы ізашар болу үшін кестені қалай жасауымызға болады? ә) Отбасындағылар қалай қолдау көрсетулеріне болады және мұның бүкіл отбасына қандай пайдасы бар?

7 Қосалқы ізашар 50 сағат тапсыруға тиіс екенін ойланған соң, шындықтың нұрын жарқыратуға аптасына 12 сағат бөле алу үшін, қандай кестені ұстанатыныңды анықтап ал. Одан соң мұны бұрын қосалқы ізашар болғандар мен басқа да бауырластарға айт. Мүмкін, бұл оларды да ізашар болуға талпындыратын шығар. Жариялаушылардың жасы да, кәрісі де, жақсылап жоспарлайтын болса, бұл мақтаулы істі орындау соншалықты қиын емес екеніне көз жеткізген. Осы туралы дұға айт. Одан соң, мүмкін болса, жоспарыңды құрып ал да, бастай бер! (Мал. 3:10)

8 Үйіндегілер жан-жақтан қолдау көрсететін болса, ең болмағанда, бір адам ізашар бола алатынына көп отбасы көз жеткізген. Ал бір отбасында шомылдыру рәсімінен өткен бесеуі бірдей ізашар болуды ұйғарған. Ал шомылдыру рәсімінен өтпеген екі бала болса, қызметке көбірек шығу үшін ерекше күш салған. Бұл отбасына қалай әсер етті екен? Олар былай деп жазған болатын: “Бұл ай бізге қатты ұнады және отбасымыздың нығая түскенін анық сездік. Ехобаға осы керемет батасы үшін рақметімізді айтамыз”.

9. Көктем айларында нұрды қалай жарқыратуымызға болады?

9 Наурыз, сәуір айларында қызмет етуге ерекше күш салғанымыз бізге қозғау салып, Көктегі Әкемізге жақындата түсе ме? Бұл көбінесе Құдай мен оның Ұлына деген сүйіспеншілігімізді дамытуға және қызметке көбірек шығуға қаншалықты күш салғанымызға байланысты. Бәріміз де: “Аузыммен Тәңір Иені қатты дауыстап мадақтаймын, көпшілік арасында дәріптеймін”,— деп жырлаған забур жыршысы сияқты көзқарасты ұстанайық (Заб. 108:30). Ехоба көктем айларында белсенділік танытқанымыз үшін батасын береді. Олай болса, түнектен шығып, ‘шынайы өмірдің нұрына ие болатын’ адамдар көбейе беру үшін, осы ғаламат нұрды жарқырата берейік (Жох. 8:12).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу