Ал сен қосалқы ізашар болып қызмет еткің келе ме?
1. Неге Еске алу кеші өтетін мезгілде қызмет аясын кеңейтудің жақсы мүмкіндігі туады?
1 Еске алу кеші өтетін мезгілде қызмет аясын кеңейтудің жақсы мүмкіндігі туады. Бұл уақытта біз Ехобаның төлем құрбандығын беріп, сүйіспеншілік көрсеткені жайлы ой жүгіртеміз (Жох. 3:16). Нәтижесінде жүрегіміз ризашылыққа толып, өзгелерге Ехоба жайлы және оның адамдарға көрсетіп жатқан игілігі туралы айтуға деген қалауымыз артады (Ишая 12:4, 5; Лұқа 6:45). Сондай-ақ бұл — арнайы науқанға қатысатын уақыт. Біз таныстарымызды және учаскеміздегі адамдарды Еске алу кешіне шақыратын боламыз. Кейін Еске алу кешіне келгендердің қызығушылығын әрі қарай арттыруға тырысамыз. Қызмет аясын кеңейту үшін наурыз, сәуір не мамыр айында қосалқы ізашар болып қызмет еткің келер ме еді?
2. Неге наурыз айында қосалқы ізашар болып қызмет ету әсіресе қолайлы?
2 Наурыз сен үшін ерекше ай болсын. Наурыз айында қосалқы ізашар болып қызмет ету әсіресе қолайлы. Өйткені сол айда 30 не 50 сағат тапсыруға болады. Ал егер наурыз айында қауымға аудандық бақылаушы келетін болса, қосалқы ізашарлар оның жалпы және арнайы ізашарлармен өткізетін кездесуіне толық қатыса алады. 2013 жылдың 26 наурызында, сейсенбі күні, өтетін Еске алу кешіне шақыру науқаны өткен жылдарға қарағанда ұзағырақ уақытқа созылады. Ол 1 наурызда басталады. Бұған қоса, наурызда бес сенбі, бес жексенбі болады. Ендеше неге бұл айды жылдың ерекше айы ету жайлы жақсылап ойланып көрмеске?
3. Көбірек қызмет етуді қалай жоспарлауға болады?
3 Қазірден бастап жоспарла. Қазір күнделікті кестеңді қайта қарастырып, ізашар болып қызмет ету үшін қандай өзгерістер жасау керектігін ойластыратын уақыт. Бұл орайда отбасыңмен бірлесе әрекет етудің маңызы зор. Сондықтан отбасылық ғибадат кешінде отбасы болып қойған мақсаттарыңды талқылауға және кесте құруға уақыт бөліңдер (Нақ. с. 15:22). Ал егер қосалқы ізашар болып қызмет ете алмасаң, көңілің түспесін. Бәлкім, кестеңді өзгертіп, әдеттегіден ұзағырақ қызмет етуге я аптаның ішінде тағы бір күн уағызға шығуға мүмкіндігің болатын шығар.
4. Наурыз, сәуір және мамыр айларында көбірек қызмет етудің қандай пайдасы бар?
4 Наурыз, сәуір және мамыр айларында неғұрлым көбірек уағыздасақ, Ехобаға қызмет етуден және беруден келетін қанағат сезімі мен қуанышымыз соғұрлым артады (Жох. 4:34; Ел. іс. 20:35). Ал ең бастысы — біздің жанқиярлықпен атқарған қызметіміз Ехобаның жүрегін қуантады (Нақ. с. 27:11).