Қызмет кездесулерінің кестесі
9 қаңтардан басталатын апта
21-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
10 мин. “Біздің мақсатымыз не?”a. Қызығушыларға қауым кездесулерін неліктен бағалау керек екенін түсіндірудің маңыздылығына ерекше назар аудар. Жақсы дайындалған көрініс арқылы “Білім” кітабының 17-тарауындағы 6—8 дейінгі абзацтарды қолданып, кездесулердің маңыздылығын қалай түсіндіруге болатынын көрсет (km 10/1, 8-бет).
25 мин. “Білім” кітабы арқылы шәкірттер дайындау”. Алдымен, 1 және 2-абзацтарға негізделген қысқаша алғы сөз айт. 3—13 дейінгі абзацтарды сұрақ жауап ретінде талқыла. Қосымшаның қалған бөлігі келесі қызмет кездесуінде талқыланатынын айт. Бәрінен қосымшаны сақтап қоюларын өтін. Киелі кітап зерттеу сабағын көрсететін екі көрініс дайында. Алғашқысында жариялаушы қызығушыға дайындық кезінде сұрақтарға тура жауап беретін негізгі сөздер мен сөйлемдерді белгілеп қоюды үйретеді. Екіншісінде қызығушыны баяндама мен “Күзет мұнарасына” келуге қалай талпындыруға болатыны көрсетіледі.
18-ән және соңғы дұға.
16 қаңтардан басталатын апта
28-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. Бәрін де екі аптадан соң қызмет кездесуінде талқыланатын “Қан құймай емдеу шаралары. Науқастың құқын бұзбай көмек беру” (ор.) бейнефильмін алдын ала қарап, талқылауға дайындалып келуге шақыр.
10 мин. Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” кітабының (ор.) 4—6 дейінгі беттеріне негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. 4-беттегі мәліметке негізделе отырып, 3 минуттан асырмай алғы сөз айт та, 5, 6-беттерді тыңдаушылармен бірге талқыла. “Ұйымдасқанбыз” кітабының басқа бөліктері алдағы уақытта қызмет кездесулерінде талқыланатын болады.
25 мин. “Білім” кітабы арқылы шәкірттер дайындау”. 14—26 дейінгі абзацтарды сұрақ жауап ретінде талқылау. “Білім” кітабы бойынша сабақ өтіп жүрген жариялаушылардан аймақта болған қызықты оқиғаларды айтып берулерін алдын ала өтін. Бәрін де қосымшаны сақтап қоюға және жаңа зерттеу сабағын бастағанда, оған жиі-жиі қарап тұруға шақыр.
2-ән және соңғы дұға.
23 қаңтардан басталатын апта
29-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Жас бауырлас 8-беттегі немесе аймақтарыңда қолдануға болатын басқа ұсынысты пайдаланып, “Күзет мұнарасының” 1 қаңтардағы санын қалай ұсынуға болатынын көрсетсін.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Сұрақтар қою арқылы және тыңдау арқылы шынайы қызығушылық көрсет”b. 2-абзацты талқылағанда, бауырластардан әңгіме бастауларына қандай сұрақ жақсы көмектесетінін сұра. Ілтипаттылықпен сұрақ қойып, мұқият тыңдау арқылы адамның ойын қалай білуге болатынын көрсет.
25-ән және соңғы дұға.
30 қаңтардан басталатын апта
17-ән
5 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаңтар айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. Ақпан айында тарататын әдебиеттерді айтып өт және бір ұсыныс көрсет.
20 мин. “Жариялаушылар жетіспейтін жерде қызмет ете аласың ба?” Оқшау аймақтарда немесе сирек уағыздалатын аймақтарда қызмет еткен жариялаушылардың бастарынан өткен жігерлендірерлік оқиғаларды айтып бер (“Ұйымдасқанбыз” кітабының (ор.) 111, 112-беттерін қара).
20 мин. “Медицинадағы маңызды бағытты түсіндіретін фильм”. Елшілердің істері 15:28, 29-ды оқы да, мәсіхшілердің қан құйдырмауларының басты себебі қанның қасиеттілігін мойындаңдар деген Құдай заңына бағынатындықтарында екеніне ерекше назар аударып өт. Одан соң мақаладағы сұрақтарды қоя отырып, “Қан құймай емдеу жолдары. Науқастың құқын бұзбай көмек беру” бейнефильмін (ор.) талқыла. Талқылаудың соңында соңғы абзацты оқып шық.
6-ән және соңғы дұға.
6 ақпаннан басталатын апта
11-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
20 мин. “Жарық жұлдыздай жарқырап жүрген жастар”c. Жастардан мектепте қалай куәлік етіп жүргендерін сұра. Бір не екі бауырласты алдын ала дайындап қоюға болады.
15 мин. Қосалқы ізашарлар Құдайдың батасына ие болады (Нақ. с. 10:22). Өткен жылдың көктемінде қосалқы ізашар болу үшін бауырластардың не істегендерін және қандай қуаныш пен батаға ие болғандарын сұра. Бәрін дұға ете отырып, наурыз, сәуір және мамыр айларында қосалқы ізашар бола алады ма, соны қарастырып шығуға шақыр.
22-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.