Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2005 жылғы 26 желтоқсанда басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2005 жылдың 7 қарашада басталатын аптасы мен 26 желтоқсанда басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Неге уағыздау қызметінде Киелі кітапты қолдану соншалықты маңызды? (be 145-бет, 2-абз., қоршау)
2. Тармаққа айтылған алғы сөзге мәнмәтін қалай әсер етеді? (be 149-бет)
3. Жазба орнын оқығанда, неліктен керекті сөздерге екпін түсіру маңызды және бұны қалай істеуге болады? (be 151-бет, 3-абз., қоршау)
4. Тәлім бергенде Пауылдың “Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші” болуға қатысты кеңесін қалай орындауға болады және неге бұл маңызды? (Тім. 2-х. 2:15) (be 153-бет, 2-абз., қоршау)
5. Қалай Пауыл жазбалар туралы ой түзген? (Ел. іс. 17:2, 3) (be 155-бет, 5-абз.—156-бет, 1-абз.)
№1-ТАПСЫРМА
6. “Септуагинт” деген не және ол неге мәсіхшілерді қызықтырады? (bsi05 15-бет, 12—14 абз.)
7. Масореттер деген кімдер болған және Киелі кітаптың аударылуына олар қандай айтарлықтай үлес қосқан? (bsi05 18-бет, 18-абз.; 19-бет, 20, 21-абз.)
8. “Жаңа дүние аудармасындағы” (ағ.) Еврей жазбаларына қандай мәлімет көздері негіз болған және неге бұл аудармаларды тура да сенімді деп айтуға болады? (bsi05 22-бет, 28, 30-абз.)
9. Ертедегі мәсіхшілер Құдай Сөзін жариялауды барынша қалайтындарын қалай көрсеткен? (bsi05 23, 24-бет, 1—5 абз.)
10. Қолда бар қолжазбалар мен Киелі жазбалардың мәтінін зерттеу Киелі кітапқа қатысты нені дәлелдейді? (bsi05 30-бет, 32-абз.)
АПТА САЙЫНҒЫ КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
11. Қай мағынада ‘мемлекеттік билігі барлар’ ‘Құдай орнатқан тәртіптің’ бір бөлігі болып табылады және бұл мәсіхшілерге қалай әсер ету керек? (Рим. 13:1, 2) (w00 1.10. 4-бет, 5-абз.)
12. Исаның жомарттыққа қатысты үлгісі мәсіхшілерге қалай әсер етеді? (Қор. 2-х. 8:9) (w92-U 1.15. 16-бет, 10-абз.)
13. Қай мағынада Таурат заңы “тәрбиелеушіміз” болып, бізді Мәсіхке әкелді” (Ғал. 3:24). (w02 1.8. 23-бет, 11-абз.)
КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢДЕР
14. Бірінші ғасырдағы Ефестегі мәсіхшілердің үлгісіне еліктей отырып, зұлым рухтарға қарсы тұру үшін жасалатын қадамның бірі қандай? (Ел. іс. 19:19) (kl 114-бет, 14-абз.)
15. Дұрыс жауапты таңда. Құдайға ұнамды өмір қалпымыз (басқалардың бізге әрқашан жақсы шырай білдіретіндігіне; молшылықта өмір сүретінімізге; дұрыс әрекет етіп жатқандықтан, Құдайдың ықыласына ие болатынымызға) кепілдік береді. (kl 118-бет, 2-абз.)