Ехоба куәгерлерінің “құтқарылатын күн жақын” деп аталатын 2006 жылы өтетін облыстық конгресі
1. Құдайдың ежелгі халқы шынайы ғибадатты бағалайтындарын қалай көрсетті және бүгінде біздің осыған ұқсас қандай мүмкіндігіміз бар?
1 Ежелгі Яһуданың патшасы Езекия халықты Иерусалимге жиналуға шақыру үшін жаршылар жібереді (Шеж. 2-ж. 30:6, 13). Адамдардың шақыруға қалай қарағандарынан шынайы ғибадатқа деген көзқарастары байқалды (Шеж. 2-ж. 30:10—12). Жақында Ехоба қызметшілерінің де оған ғибадат ету үшін бірге бас қосуды шын бағалайтындарын көрсетуге мүмкіндік туады. Сендердің қауымдарыңа “Құтқарылатын күн жақын” деп аталатын облыстық конгреске шақыру хаты жіберілді. Бұл шақыруды қабыл аласыңдар ма?
2. Конгрестің толық пайдасын көру үшін қазірден бастап не істеуімізге болады?
2 Қазірден қамдан. Сүйіспеншілікпен дайындалған рухани бағдарламаның толық пайдасын көру үшін бағдарламаның барлық бөлігіне қатысуымыз керек. Өзің және отбасың конгрестің үш күніне де қатыса алу үшін қазірден бастап қамдана бергенің жөн (Нақ. с. 21:5). Бұл үшін жұмыстан сұрану, куәгер емес жұбайыңмен сөйлесу, қонақ үйден орын алу және Киелі кітап зерттеп жүрген адамдардың конгрестің барлық күндеріне қатысуларына көмектесу сияқты істерді ойластыру керек болар. Бұл маңызды мәселелерді соңғы сәтке қалдырма. Қайта, Ехобаның өзі ‘іске асыратынына’ сенімді бола отырып, оған дұға айта бер (Заб. 36:5).
3. Неге жататын орынға қатысты нұсқауларға мойынсұнуымыз керек?
3 Ехобаның ұйымы конгресс өтетін қалаларда жататын орын жеткілікті болу үшін көп күш жұмсады. Осы жағын қамтамасыз ету үшін көп тер төккен бауырластардың жанқиярлық еңбегіне деген ризашылығымыз, конгреске қатысатын басқа бауырластарымыздың мүддесін ойлағанымыз және теократиялық тәртіпті сыйлағанымыз осы мақаладағы нұсқауларға толық мойынсұнуға талпындыру керек (Қор. 1-х. 13:5; Сал. 1-х. 5:12, 13; Ев. 13:17).
4—6. Қонақ үйлерден орын алғанда қандай маңызды жайттарды есте сақтаған дұрыс және неге? (4-беттегі қоршауды да қара)
4 Қонақ үйден орын алып қою. Осы мақала қызмет кездесуінде қарастырылған соң, “Тұратын жайлар тізімі” қауымның хабарландырулар тақтасына ілінеді. 4-беттегі қоршаудағы нұсқауларды қолдана отырып, тек тізімде көрсетілген қонақ үйлерге тапсырыс беріп, сонда көрсетілген бағаны ғана төлеуге келісулеріңді өтінеміз. Тізімде жоқ қонақ үйлерге телефон шалып, конгресс делегаттары үшін қандай баға бекітілгенін сұрамаңдар. Олар жиі конгресс болатынын білеміз және Ехоба Куәгерлеріне орын бар деп айта салады. Пәтер бөлімімен қызметтес болғандырыңның арқасында конгресс болатын жерге жақын орналасқан жақсы қонақ үйлермен арзандатылған бағаға келісім жасауға болады (Қор. 1-х. 14:40).
5 Конгресс өтетін күндерде шынымен қолданатын орынға ғана тапсырыс бергенің маңызды. Нақты есімдерін айтып, алдын ала орын жалдауды келісіп алмаған болсаңдар, басқа делегаттар үшін бөлмеге тапсырыс бермеуіңді өтінеміз. Әйтпесе бөлмелер келмейтін адамдардың атына жазылып, бұл басқа бауырластардың орналасуына кедергі болады. Әр бөлме сонда тұратын адамдардың бірінің атына жазылу керек.
6 Орныңды жоғалтып қоймайтыныңа сенімді болу үшін жалдаған әрбір бөлмеге алдын ала ақша төлеп қой. Әйтпесе бөлмені басқа біреуге бере салуы мүмкін. Тізімдегі қонақ үйлердің бәріне телефон соққан соң, ешқайсысында орын болмаса, немесе қонақ үйге қатысты қандай да бір қиыншылық туса, қауым хатшысына хабарла. Ол тізімнің жоғарғы жағында жазылған мәліметті қолданып, филиалдың емес, сен қатысатын конгрестің пәтер бөлімімен байланысады. Тізімде көрсетілмеген қонақ үймен хабарласудың орнына, қатысқың келген конгреске арналған қонақ үйлердің ең соңғы тізімінің келуін күтуіңді сұраймыз.
7, 8. Ерекше мұқтаждықтары бар адамдардың жағдайларын қалай жасауға болады?
7 Ерекше мұқтаждықтар. Нақыл сөздер 3:27-де былай делінген: “Қолыңнан келіп тұрғанда мұқтаждарға Жақсылық көрсет, соған лайық жандарға”. Конгресс кезінде қалай жақсылық көрсетуге болады? Егде жастағы, әлсіз жариялаушыларға, толық уақытты қызметшілерге және басқаларға конгреске жету мен орналасу жағынан көмек керек болар. Мұндайда олардың жағдайларын ең бірінші туысқандары жасаулары керек (Тім. 1-х. 5:4). Ал олар көмектесе алмаса, бауырластар қол ұшын бере алатын шығар (Ғал. 6:10). Кітап зерттеу тобының бақылаушысы өз тобындағы ерекше мұқтаждықтары бар бауырластар конгреске дайын болулары үшін алдын ала қам жасайды.
8 “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкі отбасы мүшелері де, қауымы да қанағаттандыра алмайтын шын мұқтаждықтары бар адамдарға ғана арналған. Қауымның қызмет комитеті бланктегі нұсқауларға сай, сондай-ақ 2004 жылдың 14 желтоқсанындағы барлық ақсақалдар кеңесіне арналған хатқа сай жариялаушының өтінішін қарастырады. Мұндай көмек тек балалары тәрбиелі, үлгілі жариялаушыларға көрсетіледі.
9. а) Неге өз қауымымыз шақырылған конгреске барғанымыз дұрыс болады? ә) Өзге конгреске баруға тура келетін болса, қандай қадамдар жасаған дұрыс? б) Егер ерекше көмекке мұқтаж болсаң және басқа конгреске барғың келсе, қандай қадамдар жасаған дұрыс?
9 Өзге конгреске қатысу. Барлық делегаттарға отыратын және жататын орын, әдебиеттер сияқты нәрселер жеткілікті болу үшін өз қауымың шақырылған конгреске барғаның дұрыс. Егер өзге конгреске баруға тура келетін болса, филиалға телефон соқпай-ақ, ол конгрестің уақыты мен өтетін жерін қауым хатшысынан білсең болады.
Егер ерекше көмекке мұқтаж болсаң, қауым хатшысынан “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” деп аталатын СО-5 бланкін алып толтырып, өзіне қайтаруыңа болады. Ал оның көшірмесін өзіңе қалдырсаң болады. Тіпті Алматыдағы конгреске барғалы жатсаң да, жататын орынға қатысты өтінішті филиалға жібермеуіңді өтінеміз. “Тұратын жайлар тізімін” немесе кез келген қосымша мәлімет беру туралы хат жазып жібергенде және қауым хатшысына СО-5 бланкін бергенде, онымен бірге өз мекен-жайың мен марка жапсырылған бос хатқалта салып жіберуді ұмытпа. Сен баратын қалада бірнеше конгресс өтетін болса, өзің баратын конгрестің нақты күнін көрсет.
10. Келе жатқан конгрестің қуанышты өтуіне қалай септігімізді тигізе аламыз?
10 Ерікті қызметшілер. Конгреске қатысатындар көп қуанышқа бөленіп, рухани ас-су мен сенімді нығайтатын қарым-қатынастан көп пайда алатыны шүбәсіз. Конгрестің сәтті өтуіне септігін тигізетін істерге атсалысқанымыз бізді одан бетер қуанышқа бөлейді (Ел. іс. 20:35). Жергілікті конгресс комитеттері жақында конгресс кезінде түрлі істерді атқару үшін ерікті қызметшілерді шақырады. Сен көмегіңді ұсынасың ба? (Заб. 109:3).
11. Сендерге жыл сайын болатын облыстық конгресс әсіресе несімен ұнайды және не нәрсеге бел бууың керек?
11 Облыстық конгресте бір бес жасар бала былай деді: “Облыстық конгресс — мен үшін Ехобаға ғибадат етуге арналған кездесулердің ішіндегі ең жақсы кездесу”. Осы шын жүректен айтылған сөздер бәріміздің де жыл сайын болатын облыстық конгреске барғанда қандай қуанышқа бөленетінімізді түсінуге көмектеседі. Забур жыршысы: “Сенің аулаңда бір күн болу мың күннен артық”,— деп рас айтқан (Заб. 83:11). Дәуіт ‘Тәңірдің үйінде болуды және Тәңірдің көркін сырттай бақылап, Оның ғибадатханасына барып тұруды’ қалайтынын айтып жырлаған (Заб. 27:4). Ол Ехобаның қызметшілерінің арасында болуды ұнатқан. “Құтқарылатын күн жақын” деп аталатын облыстық конгрестің үш күніне де қатысу арқылы шынайы ғибадатты бағалаған Дәуітке еліктейтінімізді көрсетейік.
[3-беттегі қоршау]
Конгресс кестесі
Жұма мен сенбі
9:30 —17:05
Жексенбі
9:30 —16:10
[4-беттегі қоршау]
Қонақ үйден орын алу
1. “Тұратын жайлар тізімінде” көрсетілген нөмірлерді қолданып, қонақ үйге жұмыс уақытында телефон соқ.
2. Қонақ үй қызметшілеріне Ехоба Куәгерлерінің конгресіне қатысатыныңды айт.
3. Қонақ үйде қанша уақыт болатыныңды айт.
4. Бір қонақ үйден бөлме табылмаса, тізімде көрсетілген өзге қонақ үймен хабарлас.
5. Тізімде көрсетілген бағадан жоғары бағаға келіспе.
6. Тапсырыс жасап, оны қабыл алғанын айтуын өтін.
7. Пошта арқылы немесе банк карточкасы арқылы төлемді белгіленген уақыт аралығында жаса. Ешқашан ақшаны қолма-қол жіберме. Кейбір қонақ үйлердің алдын ала жасалған тапсырыс үшін қосымша төлем алатынын ескерген жөн.
Кеңестер
◼ “Тұратын жайлар тізімінде” көрсетілген қонақ үйлерге ғана тоқта.
◼ Конгресс өтетін күндерде шынымен қолданатын орынға ғана тапсырыс бер.
◼ Алғаш таңдаған орныңды ауыстырма (Мат. 5:37).
◼ Бөлмеде тиістісінен артық адам тұрмау керек.