Қалай көмектесуімізге болады?
1 “Қалай көмектесуімізге болады?” Қандай да бір жерде апат болғанын естігенде, Ехоба Куәгерлері осы сұрақты жиі қояды. Елшілердің істері 11:27—30 дейінгі тармақтарда бірінші ғасырдағы мәсіхшілердің Яһуди аймағын аштық жайлаған кезде, ондағы бауырластарына көмек көрсеткендері жазылған.
2 Бүгінде адамның кесірінен болған немесе табиғи апаттардан зардап шеккен және жоқшылық көріп жүрген адамдарға қайырымдылық істерін жасауға әрі қаржылай көмек көрсетуге біздің ұйымымызға заңды түрде рұқсат етілген.
3 Мысалы, өткен жылы көп бауырлас оңтүстік Азияда болған цунамиден зардап шеккендерге көмек жіберген. Ұйымның көмек қорына шын жүректен салынған бұл ерікті садақа ризашылықпен қабыл алынды. Алайда ерікті садақа апаттың нақты бір түріне ғана арналатын болса, кейбір елдердің заңы бойынша, апат болған жердегі бауырластардың мұқтаждықтары қанағаттандырылған ба, жоқ па, бұл қаржы тек арналған мақсатына ғана және белгілі бір уақыт аралығында ғана қолданылу керек.
4 Сондықтан гуманитарлық көмек үшін берген садақаны дүниежүзілік іске арнап салған дұрыс. Бұл қордағы қаржы бауырластарымыздың тәндік әрі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмсалады. Егер біреу қандай да бір себеппен садақасын дүниежүзілік іске емес, нақты бір жағдайға арнап беретін болса, бұл садақа да қабыл алынады және қай жерде болмасын, өз мақсатына сай жұмсалады. Алайда мұндай садақаларды қай жерде және қалай қолдануға болатынын көрсетпей-ақ берген дұрыс болар еді.
5 Садақамызды тікелей дүниежүзілік іске салатын болсақ, көп қаржы болашақта болатын апат үшін сақталып тұрмай, Патшалық ісінің барлық саласына қатысты қолданылатын болады. Мұндай әрекет Ефестіктерге 4:16-да жазылған: “Бүкіл дене өсіп, сүйіспеншілік арқылы күшейе береді”,— деген сөздердің рухымен үйлеседі.