Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Қараша айында “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымы. Үй иесінің баласы болмаса, “Білім” кітабын немесе “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” трактатын ұсынуға болады. Желтоқсанда қауымда бар кез келген 192 беттік кітап. Егер үй иесі кітапты алмаса, “Сергек болыңдар!” кітапшасын ұсыныңдар. Қаңтарда “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабы. “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымын да ұсынуға болады. Ақпанда қауымда бар 32 беттік кітапшалар.
◼ Төрағалық етуші бақылаушы не ол тағайындаған бауырлас 1 желтоқсанда немесе осы уақыттан көп ұзамай, қауымның қаржысын тексеру керек. Егер Патшалық Сарайын күтіп ұстауға немесе соғуға қатысты қосымша шот ашылған болса, оны да тексеру керек. Тексерудің нәтижесін қаржы жөнінде кезекті есеп берілгеннен кейін хабарлау керек.
◼ Қауым ақсақалдары Патшалық сарайына жыл сайын жасалатын тексеру жұмыстарын жүргізулері керек және 2003 жылдың тамыз айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 4, 5-беттеріндегі нұсқауға сәйкес қажетті шаралар жасаулары керек. Сонымен қатар Патшалық сарайын пайдалануға қатысты офистің жіберген хаттарындағы барлық нұсқаулардың орындалып жатқанын қадағалап отыру керек. Аралаушы бақылаушы қауымдарға келгенде, осы жағын тексереді. Егер қауымның кездесулері Патшалық сарайында өтетін болса, Патшалық сарайы үшін жауапты қауым төрағасы заң құжаттарын тексереді. Қандай да бір құжаттарды заңдастыру, салық төлеу немесе қарыздардан құтылу сияқты жұмыстар болса, белгіленген уақыттан кешіктірмей бітіру керек. Офистің сұраған барлық құжаттарының көшірмелерін бірден жіберу керек.
◼ “Қан құймай емдеу жолдары. Науқастың құқын бұзбай көмек беру” деп аталатын бейнефильм қаңтардағы қызмет кездесуінде қарастырылатын болады. Бейнефильмдер қажет болса, қауым арқылы мүмкіндігінше ертерек тапсырыс беріп қою керек.
◼ 2005 жылдың 10 шілдесінде Ақтөбе қаласында Патшалық сарайының бағышталуы өтті. Бағышталу бағдарламасына 240 адам қатысты.