Қызмет кездесулерінің кестесі
14 қарашадан басталатын апта
20-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
15 мин. Құдайға ұнамды садақалар. 2005 жылғы “Күзет мұнарасының” (ор.) 1 қарашадағы санының 26—30 дейінгі беттеріне негізделген ақсақалдың баяндамасы.
20 мин. “Ехобаның даңқын жарияла”a. 4-абзацты талқылағанда, залдағылардан жақсы жүріс-тұрыстың арқасында куәлік етуге қалай мүмкіндік туатынын көрсететін қысқаша оқиға айтып берулерін өтін.
16-ән және соңғы дұға.
21-қарашадан басталатын апта
5-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
20 мин. Ехоба сенің Құдайың болсын. 2005 жылдың 1 сәуіріндегі “Күзет мұнарасының” (ор.) 25—28 дейінгі беттеріне негізделген ақсақалдың баяндамасы. Ыбырайым, Дәуіт және Ілияс пайғамбарлардан қандай үлгі алатынымызды және білгенімізді іс жүзінде қалай қолдануға болатынын айт.
15 мин. “Байқампаз болу арқылы шынайы қызығушылық таныт”b. Көрініс дайында. Жариялаушы үй иесінің көзқарасын білдіретін нәрсені байқайды да, сөздерін соған сай бейімдейді.
29-ән және соңғы дұға.
28 қарашадан басталатын апта
2-ән.
12 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Қараша айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. Егер аймақтарыңда қолдануға болатын болса, 4-беттегі ұсынысты пайдаланып, “Күзет мұнарасының” 1 қарашадағы санын қалай ұсынуға болатынын көрсет. Жергілікті жағдайға келетін басқа да ұсыныстарды қолдануға болады. Ерікті садақа жөнінде айтып өт.
15 мин. “Қалай көмектесуімізге болады?” Баяндама. Ехобаның қызметшілерінің қатты мұқтаждық көрген бауырластарына жіберген көмектері жайында бірнеше мысал келтір (“Ояныңдар!” (ор.) 8.08.03 10—15 бет; 22.11.02 19—24 бет; 22.10.01 23—27 бет. Басқа да басылымдарды қолдануға болады). Одан соң “Біздің патшалық қызметіміздің” 3-бетіндегі мақаланың басты ойларын талқыла. Апаттан немесе жоқшылықтан зардап шеккен бауырластарға көмек бергісі келген адамдардың садақаны дүниежүзілік іске арнап салғандары дұрыс екеніне баса назар аудар.
18 мин. Желтоқсанда ізгі хабарды тарату. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Алдымен бес минут 2005 жылғы “Біздің патшалық қызметіміздің” қаңтар айындағы санының 8-бетінде орналасқан “Ұсыныстар үлгісін қалай қолдануға болады?” деген мақаладағы келесі ойларға қысқаша шолу жаса: 1) Әдетте ұсыныстарды өз сөзімізбен айтсақ, анағұрлым тиімді болады. 2) Парасаттылық танытып, ұсыныстарды аймаққа сәйкес бейімдеп қолдануымыз керек. 3) Жергілікті адамдардың шығу тегі мен көзқарастарын ескеру керек. 4) Адамдардың қызығушылығын оятатын ойларды табу үшін басылымдағы мақала немесе тарауды мұқият оқуымыз керек. 5) Біз келтірілген дайын ұсыныс үлгілерін ғана қолданумен шектелмеуіміз керек. Одан соң желтоқсан айында әдебиет ұсынғанда, осы ойларды қалай қолдануға болатынын талқыла. 2005 жылғы “Біздің патшалық қызметіміздің” қаңтар айындағы санының қосымшасында келтірілген немесе жергілікті аймақта тиімді басқа ұсыныстарды қолдануға да болады. Бір не екі ұсыныс көрсет.
4-ән және соңғы дұға.
5 желтоқсаннан басталатын апта
7-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Қызметіміздің арқасында не нәрсе атқарылып жатыр?” 5-абзацты қарастырғанда, 2004 жылғы “Күзет мұнарасының” (ор.) 15 ақпандағы санының 32-бетіндегі ойларға назар аудар.
21-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.