Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2005 жылғы 31 қазанда басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2005 жылдың 5 қыркүйектен басталатын аптасы мен 31 қазанда басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Тімотеге 1-хат 2:9-дағы “ұқыпты” (ЖД) киінуге қатысты кеңесті қалай түсінуге болады және бұл біздің мінбеден айтқан немесе уағызда айтқан сөздерімізге қалай әсер етуі мүмкін? (be 132-бет, 4, 5-абз.)
2. Жоханның 1-хаты 2:15—17, Ефестіктерге 2:2 және Римдіктерге 15:3-те жазылған Киелі кітап принциптері біздің сырт пішінімізге қалай әсер ету керек? (be 133-бет, 2—4 абз.)
3. Өзіңді ұстай білу неге маңызды және мінбеден сөйлегенде немесе уағыздап жүргенде, өзімізді дұрыс ұстауымыз үшін не істеуге болады? (be 135-бет, қоршау; 136-бет, 4-абз., қоршау)
4. “Адал да шынайы куәгер” ретінде Иса қызметте Киелі кітапты пайдаланудың қандай үлгісін қалдырды? (Аян 3:14) (be 143-бет, 2, 3-абз.)
5. Қалай Киелі кітапты шебер пайдалануды үйренуімізге болады? (Титке 1:9) (be 144-бет, 1-абз., қоршау)
№1-ТАПСЫРМА
6. Ехобаны ‘табандылықпен іздеу’ (ЖД) деген нені білдіреді және солай етіп жүргенімізді қалай көрсете аламыз? (Ев. 11:6) (w03-U 15.8. 25-бет, 2-абз.; 26-бет, 1, 2-абз.; 27-бет, 2-абз.)
7. “Дұрыс ілімнің үлгісі” деген не және қалай ақсақалдар оны берік ұстанып жүргендерін көрсете алады? (Тім. 2-х. 1:13, 14) (w03-U 1.1. 29-бет, 3-абз.; 30-бет, 1-абз.)
8. “Канон” деген сөз нені білдіреді және Киелі кітаптағы кітаптардың канонға енетінін анықтайтын шарттар қандай? (bsi05 3, 4-бет, 5, 6-абз.)
9. Неге б. д. II ғасырының соңында жарық көрген Муратори үзіндісі Мәсіхшілердің Грек жазбаларының канонға жататынын растайтын көңіл бұрарлық каталогтардың бірі болып табылады. (bsi05 8-бет, 19-абз.)
10. Киелі кітаптың өзінде оның мәтінін басқа тілдерге аударуға болатыны қалай көрсетілген және Киелі кітаптың бұрынғы аудармаларының мақсаты не болған? (bsi05 14-бет, 9-абз.)
АПТА САЙЫНҒЫ КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
11. Дұрыс жауапты таңда. (Пауыл; Петір; Лұқа) пейілдері кеңірек екенін айтып, (Береяның; Македонияның; Иерусалимнің) тұрғындарын шын көңілден мақтаған (Ел. іс. 17:11). (w95-U 1.5. 14-бет, 3-абз.)
12. Сұрақтарға жауап бер. Елші Пауылға таққан қандай жалған айып бүгінде Ехоба Куәгерлері туралы айтылатын сөздерді есімізге салады? (Ел. іс. 24:5, 6). (w01-U 15.12. 22-бет, 7—23 бет, 2-абз.)
13. “Құдайдың алдын ала белгілеген күнін сағына күтіп, оны тезірек келтіргілерің келеді” деген сөздерді қалай түсінуге болады және бұны қалай істеуге болады? (Пет. 2-х. 3:12) (w97-U 9.1. 19, 20-бет)
КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢДЕР
14. Нұхтың күндерінде кейбір періштелер қалай күнә жасаған? (kl 109-бет, 4-абз.)
15. Аян кітабына сәйкес, сиқыршылар күнәларына өкініп, өмірлерін өзгертпейтін болса, қай жерде жойылмақ? (kl 111-бет, 8-абз.)