Басқалармен бірге ой түзу шеберлігіңді дамыт
1. Киелі кітаптағы қандай мәліметті қарастырамыз және неліктен?
1 Елші Пауылдың Пісидия аймағындағы Антақияның мәжілісханасында сөйлеген сөзінен басқалармен бірге қалай ой түзуге болатынына қатысты жақсы үлгі алуға болады. Бұл туралы Елшілердің істері 13:14—41 дейінгі тармақтардан оқимыз. Пауыл ізгі хабарды өзін тыңдап тұрған адамдардың шыққан ортасы мен менталитетін ескере отырып жеткізген. Осы мәліметті қарастыра отырып, қызмет кезінде осы әдісті қалай қолдануымызға болатынын көрейік.
2. Пауылдың сөзін қалай бастағанынан не үйренеміз?
2 Ортақ тақырып ізде. Пауылдың айтып жүрген хабарындағы басты ой Құдайдың ниетінің жүзеге асуындағы Исаның атқаратын басты рөлі болғанымен, ол сөзін бұл тақырыптан бастаған жоқ. Қайта, ол тыңдап тұрған адамдардың басым көпшілігін құрайтын яһудилер де мойындайтын ортақ тақырыпқа, яғни яһуди халқының тарихы туралы, сөйлеген (Ел. іс. 13:16—22). Біз де ортақ тақырып табуға тырыссақ, адамдардың жүректеріне жол таба аламыз. Бұл үшін әдептілікпен сұрақ қойып, оларды іштеріндегі ойларын ашып айтуға талпындыруымыз керек болар және мұқият тыңдау арқылы олар үшін не нәрсе шынымен маңызды екенін білетін боламыз.
3. Пауылды тыңдап тұрған адамдарға Исаны уәде етілген Мәсіх ретінде мойындау неге қиын болған?
3 Пауыл яһуди тарихын айта келе, Құдайдың Дәуіттің ұрпағынан Құтқарушыны шығарамын деген уәдесін адамдардың естеріне салады. Алайда көп яһудилер өз халқын Римнің езгісінен құтқарып, халықтар арасында оның мәртебесін жоғарылататын қаһарманды күтіп жүрген болатын. Олардың Исаны Иерусалимдегі дінбасылар мойындамай, оны Рим басшыларының қолына ұстап беріп, өлтірткендерін білгендерінде күмән жоқ. Пауыл осы кісінің уәде етілген Мәсіх екеніне олардың көздерін қалай жеткізер еді?
4. Пауыл өзін тыңдап отырған адамдармен бірге қалай шебер ой түзген?
4 Уағыздау әдісіңді бейімде. Өзін тыңдап тұрған адамдардың ой-қалпын білгендіктен, Пауыл олар мойындайтын нәрселерге негізделе отырып ой түзу үшін Жазбаларды қолданған. Мысалы, ол Исаның Дәуіттің ұрпағы екенін әрі Құдайдың пайғамбары ретінде кеңінен танымал болған шомылдыру рәсімін жасаушы Жақияның өзі куәлік еткен тұлға екенін айтады (Ел. іс. 13:23—25). Пауыл дінбасылар Исадан бас тартып, оны өлімге кесу арқылы ‘пайғамбарлардың сөздерін жүзеге асырғандарын’ көрсеткен (Ел. іс. 13:26—28). Одан кейін ол Исаның тірілгенін өз көздерімен көрген адамдардың бар екенін айтады да, Иса қайта тірілгенде орындалған кеңінен танымал пайғамбарлыққа назар аударады (Ел. іс. 13:29—37).
5. а) Қалай Пауыл ізгі хабарды гректерге бейімделіп уағыздаған? ә) Өз аймағымызда уағыздағанда, Пауылға қалай еліктеуімізге болады?
5 Алайда Афины қаласындағы Ареопагта гректердің алдында сөйлегенде, Пауыл басқа тәсілді қолданған (Ел. іс. 17:22—31). Бірақ ол екі жағдайда да бір хабарды айтқан әрі жақсы нәтижеге қол жеткізген (Ел. іс. 13:42, 43; 17:34). Сол сияқты бүгін де адамдармен сөйлескенде, ортақ тақырыпты табуға тырыссақ және олардың шыққан ортасы мен менталитетін ескере отырып сөйлейтін болсақ, қызметіміз нәтижелірек болады.