Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Қазанда “Күзет мұнарасы” журналдары. Қызығушылық танытқан адамға “Құдай талап етеді” кітапшасы. Қараша айында “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымы. Үй иесінің баласы болмаса, “Білім” кітабын немесе “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” трактатын ұсынуға болады. Желтоқсанда қауымда бар кез келген 192 беттік кітап. Егер үй иесі кітапты алмаса, “Сергек болыңдар!” кітапшасын ұсыныңдар. Қаңтарда “Тарихтағы ең ұлы адам”кітабы. “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымын да ұсынуға болады.
◼ Қазан айында бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.
◼ “Біздің патшалық қызметіміздің” осы санының қосымшасында “Теократиялық қызмет мектебінің 2006 жылға арналған бағдарламасы” бар. Сондықтан оны жыл бойы қолдану үшін сақтап қойған дұрыс.
◼ 2005 жылдың 26 шілдесінде Қостанай қаласында жаңа салынған екі Патшалық сарайының бағышталу бағдарламасы өткенін қуана хабарлаймыз. Бұл бағдарлама Патшалық сарайының екеуінде де өтті. Жалпы алғанда, бағдарламаға 322 адам қатысты.