Басқалардың “шын жүректен” мойынсұнуларына көмектес
1. Ехоба өзіне ғибадат ететін адамдардан не талап етеді?
1 Ехоба ғибадатымызды қабыл алу үшін ең бастысы оған шын жүректен мойынсұнуымыз керек (Заң. қ. 12:28; Пет. 1-х. 1:14—16). Жақында Құдай “Өзінің Ізгі хабарына құлақ аспай, Құдайды танымай жүргендерді жазаламақ” (Сал. 2-х. 1:8). Басқалардың Құдай Сөзіндегі ілімдерге ‘шын жүректен мойынсұнуларына’ қалай көмектесуімізге болады? (Рим. 6:17, ЖД).
2. Басқалардың күшті сенім дамытуларына көмектесу неліктен маңызды?
2 Сенім мен сүйіспеншілікке талпындыру арқылы көмектес. Жазбалардан мойынсұнушылық пен сенім өзара тығыз байланысты екенін көреміз. Елші Пауыл ‘мәңгілік Құдайдың бұйрығы бойынша мойынсұнушылықтың сенім арқылы таралатынын’ айтқан болатын (Рим. 16:26, ЖД). Еврейлерге кітабының 11-тарауында сенім білдірген көп адамның үлгілері бар. Олардың көбісінің Ехобаның еркіне сай әрекет еткені жазылған. (Ев. 11:7, 8, 17). Ал мойынсұнбаушылық Киелі кітап бойынша керісінше сенімнің аздығын білдіреді (Жох. 3:36; Ев. 3:18, 19). Біз басқалардың мойынсұнушылыққа жетелейтін сенім дамытуына көмектесу үшін Құдай Сөзін шебер қолдануды үйренуіміз керек (Тім. 2-х. 2:15; Жақ. 2:14, 17).
3. а) Мойынсұнушылық пен сүйіспеншіліктің қандай байланысы бар? ә) Қызығушының Ехобаға деген сүйіспеншілігін арттыруына қалай көмектесуімізге болады?
3 Мойынсұнушылық сондай-ақ Құдайға деген сүйіспеншілікпен де байланысты (Заң. қ. 5:10; 11:1, 22; 30:16). Жоханның 1-хаты 5:3-те: “Ал өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес”,— деп айтылған. Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдардың Ехобаға деген сүйіспеншілік дамытуларына қалай көмектесе аламыз? Зерттеудің барысында Ехобаның қасиеттеріне деген ризашылықтарын аттырудың мүмкіндігін іздеңдер. Құдайға деген терең ризашылығыңды көрсет. Қызығушының Ехобамен жеке қарым-қатынасын дамыту туралы ойлануына көмектес. Өзгелерді де, өзімізді де Ехобаға шын жүректен мойынсұнуға сүйіспеншіліктен артық ештеңе жетелей алмайды (Мат. 22:37).
4. а) Неге өзіміздің үлгі көрсеткеніміз маңызды? ә) ‘Мойынсұнғыш жүрекке’ ие болу үшін не істеуіміз керек?
4 Үлгі көрсету арқылы көмектес. Үлгі көрсету — басқаларды ізгі хабарға мойынсұнуға талпындырудың тиімді жолы. Алайда ‘мойынсұнғыш жүрекке’ ие болу үшін өз тарапымыздан үздіксіз күш салуымыз керек (Пат. 3-ж. 3:9, ЖД; Нақ. с. 4:23). Ол үшін не істеу керек? Жүйелі түрде Киелі кітап зерттеп және қауым кездесулеріне бару арқылы жүрегіңе нәр беріп отыр (Заб. 1:1, 2; Ев. 10:24, 25). Жүректері шынайы ғибадатқа берілген адамдармен аралас (Нақ. с. 13:20). Айналаңдағы адамдарға шын жүректен көмектесуді қалап, уағыздау қызметіне үнемі шығып тұр. Таза жүрекке ие болуға көмектесуін сұрап, Ехобаға дұға айт (Заб. 85:11). Азғындықпен немесе қатыгездікпен көңіл көтеру сияқты жүрегіңе кері әсер ететін нәрселерден аулақ бол. Ехобаға жақындататын және онымен қарым-қатынасыңды нығайтатын мақсаттар қой (Жақ. 4:7, 8).
5. Мойынсұнғыш адамдар қаншалықты батаға ие болады?
5 Ехоба ежелгі халқына айтқанын тыңдайтын болса, батасын беретінін айтып сөз берген (Заң. қ. 28:1, 2). Сол сияқты бүгін де Ехоба “Өзіне бой ұсынғандарға” мол батасын береді (Ел. іс. 5:32). Сондықтан тәлім беріп, үлгі көрсету арқылы басқалардың Ехобаға шын жүректен мойынсұнуына көмектесейік.