КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ТІРКЕС
Иса “мойынсұнуды үйренді”
Иса қашанда мойынсұнғыш болған (Жох. 8:29). Онда неге Киелі кітапта “ол... шеккен азаптары арқылы мойынсұнуды үйренді” делінген? (Евр. 5:8).
Иса жерде өмір сүргенде, көкте болмаған жаңа жағдайларға кезікті. Ол қандай жағдайлар? Иса кемелсіз ата-ананың қолында өсті (Лұқа 2:51). Екіжүзді діни жетекшілер мен әділетсіз билеушілерден қорлық көрді (Мат. 26:59; Мар. 15:15). Ақырында азапты өліммен өлді. Киелі кітапта: “[Иса] өзін төмен тұтып, өле-өлгенше, тіпті азап бағанасында өлгенше, мойынсұнғыш болды”,— делінген (Філіп. 2:8).
Осындай жаңа жағдайларда Иса мойынсұнушылықты жаңа қырынан танытуды үйренді. Соның арқасында ол Патша әрі Бас діни қызметкер болуға лайық болды, әрі ол өз міндетін жанашырлықпен атқарады (Евр. 4:15; 5:9). Шеккен азаптары арқылы мойынсұнуды үйренген соң, Исаның Ехобаның алдында мерейі одан сайын өсті. Сондықтан Ехоба оған бұрынғыдан да көп іс сеніп тапсырды. Біз де қиындыққа кезіккенде Иса сияқты мойынсұнушылық танытсақ, Ехоба мұны бағалап, бізге әртүрлі қызметті сеніп тапсыратын болады (Жақ. 1:4).