Сақтап қой
“Киелі кітап зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз”
Бұл қосымшада Киелі кітап зерттеу сабағын нәтижелі өткізуге қатысты “Біздің патшалық қызметімізде” жарияланған бірқатар мақалалардағы басты ойлар жазылған. Бәрі де Киелі кітап зерттеу сабағын жүргізгенде, осы қосымшаға жүгініп отыру үшін оны сақтап қоюға шақырылады. Сондай-ақ қосымшадағы ойларды уағыздау қызметіне арналған кездесуде қолдануға болады, әрі қызмет бақылаушылары кітап зерттеу топтарын аралағанда, осы ойларға назар аударуларына болады.
1-бөлім. Киелі кітап зерттеу сабағы дегеніміз не?
Егер Киелі кітапты немесе зерттеуге арналған әдебиеттердің бірін қолданып, Киелі кітап тақырыбына үнемі әрі дәйекті түрде, қысқа болса да, әңгімелесіп жүрсең, онда зерттеу сабағын өткізіп жүргенің. Киелі кітап зерттеу сабағы қалай өтетіні көрсетілгеннен кейін, сабақ екі рет жүргізілсе және оның әрі қарай да жалғасатынына сенуге болатын болса, ол туралы есеп тапсыруға болады (km 04/7, 1)
Зерттеуге арналған әдебиеттер:
◼ “Құдай бізден нені талап етеді?”
◼ “Мәңгілік өмірге алып баратын білім”
◼ “Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер”
◼ “Сен Құдаймен дос бола аласың” кітапшасы сауаты төмен немесе нашар оқитын адамдармен сабақ өтуге арналған
2-бөлім. Киелі кітап зерттеу сабағына дайындалып бару.
Біз мәліметті Киелі кітап зерттеушінің жүрегіне әсер ететіндей етіп жеткізуіміз қажет. Ол үшін сол әрбір зерттеп жүрген адам туралы ойлай отырып, жақсылап дайындалу қажет (km 04/8, 1).
Дайындалу жолы.
◼ Тараудың немесе сабақтың тақырыбын, тақырыпшалары мен суреттерін қарап шық.
◼ Тек негізгі сөздер мен ойлардың астын сызып, сұрақтардың жауаптарын тауып қой.
◼ Талқылау барысында тармақтың қайсысын оқитыныңды шешіп ал. Оқулық бетінің жиегіне кейбір ойларды қысқаша жазып ал.
◼ Негізгі ойларды қысқаша қайталауға дайындал.
Сабақты адамның қажеттілігіне қарай бейімде.
◼ Киелі кітап зерттеуші мен оның қажеттіліктері туралы дұға айт.
◼ Оның түсінуіне не қабылдауына қиын болады-ау деген ойларды анықтап ал.
◼ Өзіңнен: “Ол рухани өсу үшін нені түсінуі керек немесе қай жағынан жақсаруы қажет? Оның жүрегіне қалай әсер етуге болады?”— деп сұра.
◼ Қажет болса, қызығушы ойды не жазба орнын түсіну үшін көрнекі мысал, түсіндіретін сөздер не бірқатар сұрақтар дайында.
3-бөлім. Жазба орындарын тиімді қолдан.
Киелі кітап зерттеу сабағын өткізуіміздің мақсаты — шәкірт дайындау. Ол үшін адамдарға Құдай Сөзінің ілімдерін түсіндіріп, қабылдауларына және оларды өз өмірлерінде қолдануларына көмектесу керек (Мат. 28:19, 20; Сал. 1-х. 2:13). Сол себептен сабақ барысында басты назар Жазбаларға аударылу керек (km 04/11 4).
Құдай Сөзін қолдануды үйрет.
◼ Қызығушыға өз Киелі кітабынан тармақтарды қалай табуға болатынын көрсет.
◼ Сеніміміз негізделген Жазба орындарын ашып оқып, талқылаңдар.
◼ Сұрақтар қой. Жазба орындарын өзің түсіндіріп бере салмай, Киелі кітап зерттеушінің түсіндіруіне мүмкіндік бер.
◼ Қысқа да нұсқа етіп түсіндір. Жазба орнын жан-жақты түсіндіруге тырыспа. Ойды растайтын мәліметке ғана көңіл аудар.
◼ Іс жүзінде қалай қолдануға болатынын көрсет. Киелі кітап тармақтарының жеке өзіне қандай қатысы бар екенін көруге көмектес.
4-бөлім. Қызығушыны дайындалуға үйрету.
Егер адам алдын ала сабақты оқып, жауаптардың астын сызып және қалай өз сөзімен жауап беруге болатынын ойластыратын болса, тез арада рухани қадамдар жасайды. Сондықтан біреумен жүйелі түрде зерттеу сабағы өткізілетін болса, бір сабаққа бірге дайындалып, қалай дайындалуға болатынын көрсет. Киелі кітапты зерттеп жүргендердің көбісімен толықтай бір тарауды немесе сабақты бірге дайындаған дұрыс болар еді (km 12/04, 1).
Астын сызу және жазып қою.
◼ Берілген сұрақтардың тікелей жауаптарын қалай табуға болатынын түсіндір.
◼ Негізгі сөздердің немесе ойлардың ғана асты сызылған өзіңнің зерттеуге арналған әдебиетіңді көрсет.
◼ Абзацтағы тармақтар абзацтағы ойды растау үшін келтірілгенін көре білуіне көмектес және қалай әдебиеттің жиегіне ойларды қысқаша жазып қоюға болатынын көрсет.
Қысқаша шолу және қайталау.
◼ Қызығушыға тарауды жан-жақты қарастырмас бұрын, оның атауын, тақырыпшаларына және суреттеріне қалай қысқаша шолу жасап шығуға болатынын көрсет.
◼ Дайындықтың соңында сабақтың негізгі ойларын қайталап шығуға талпындыр.
5-бөлім. Талқылайтын материалдың көлемін анықтау.
Материалдың көлемі жариялаушы мен Киелі кітапты зерттеп жүрген адамның қабілеті мен жағдайларына байланысты болады (km 05/1, 1).
Сенімнің берік негізін қалаңдар.
◼ Адамның Құдай Сөзін жете түсінуі жылдамдықтан әлдеқайда маңызды екенін естен шығарма.
◼ Адамның білгенін түсініп, оны қабылдауына қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт бөл.
◼ Киелі кітаптың ілімдеріне негіз болатын Жазба орындарын қарастыру үшін жеткілікті уақыт бөл.
Тақырыптан ауытқымаңдар.
◼ Егер адам жеке мәселелерін талқылауға бейім болса, оларды сабақтан кейін қарастыруға болады.
◼ Сабақ барысында көп сөйлеп кетпе. Адамның Киелі кітаптағы негізгі ілімдер жайлы тура білім алуына кедергі болмау үшін қосымша ойлар мен оқиғаларды айтуға тым көп уақыт кетірме.
6-бөлім. Егер адам сұрақ қойса, не істеуге болады?
Киелі кітапты зерттеу сабағы жүйелі түрде өткізіліп жатса, бір тақырыптан екіншісі тақырыпқа “секірудің” орнына, ең дұрысы — Киелі кітаптың ілімдерін біртіндеп қарастыру. Бұл Киелі кітапты зерттеп жүрген адамға тура білімнің негізін қалауға және рухани өсіп жетілуге көмектеседі (km 05/2, 6).
Қырағылық таныт.
◼ Талқылап жатқан материалға қатысы бар сұрақтарға әдетте бірден жауап беруге болады.
◼ Ал сұрақтың тақырыппен байланысы болмаса не тура жауап беру үшін іздену қажет болса, оны сабақтан кейін немесе басқа уақытта қарастырған абзал. Мұндай сұрақтарды жазып алған да дұрыс болар.
◼ Егер адамның қандай да бір ілімді қабылдауы қиын болса, осы тақырып жайында тереңірек талқыланатын қосымша мәліметті қара.
◼ Егер бұл адамды қанағаттандырмаса, ол тақырыпты кейінге қалдырып, сабақты әрі қарай жалғастыра беру керек.
Қарапайымдылық таныт.
◼ Егер сұрақтың жауабына сенімді болмасаң, өз пікіріңді айта салудан аулақ бол.
◼ Қалай ізденіс жасауға болатынын біртіндеп үйрет.
7-бөлім. Зерттеу сабағын өткізгенде айтылатын дұға.
Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдардың рухани өсулері үшін Ехобаның оларға төгетін баталары аса қажет. Сол себепті зерттеу сабағының дұғамен басталып, дұғамен аяқталғаны орынды (km 05/3, 4).
Дұға айтуды бастау.
◼ Дінге бір табан жақын адамдармен алғашқы сабақты бастағанда-ақ дұға айта беруге болады.
◼ Ал кейбіреулермен дұға айтуды бастау қай кезде қолайлы болатынын аңғара білуіміз керек.
◼ Неге дұға айту керек екенін түсіндіру үшін Забур 25:4, 5 және Жоханның 1-хаты 5:14-ті қолдануға болады.
◼ Ехобаға Иса Мәсіх арқылы дұға айту керек екенін түсіндіру үшін Жохан 15:16-ны қолдануға болады.
Не туралы дұға айтуға болады?
◼ Ехобаны тәлімнің Қайнар көзі ретінде мадақтаған дұрыс.
◼ Зерттеу сабағын өтіп жүрген адам жайлы ойланатыныңды көрсет.
◼ Ехобаның қолданып отырған ұйымы үшін ризашылығыңды білдір.
◼ Қызығушының үйреніп жатқандарын өмірінде қолдану үшін жасап жатқан әрекеттеріне Ехобаның бата беруін сұра.
8-бөлім. Киелі кітап зерттеп жүргендерді ұйымға бағыттау.
Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізгенде, біздің мақсатымыз — тек ілімге қатысты оқытып қана қою емес, сондай-ақ зерттеп жүрген адамдарды мәсіхшілер қауымына мүше болуға жәрдемдесу... Әр жеті сайын зерттеу сабағын өткізгенде, Ехобаның ұйымы туралы айтып беру үшін біраз уақыт бөл (km 05/4, 8).
Қауым кездесулері.
◼ Әр қауым кездесуінің қалай өтетінін айтып бер. Алғашқы сабақты өткен кезден-ақ оларды кездесуге шақыра бер.
◼ Кездесулерде айтылған ойлармен бөліс.
◼ Еске алу кеші, конгрестер мен аудандық бақылаушының келуін әңгімелеп, адамның кездесулерге баруына ықыласын оят.
◼ Ол жерлерде не болатынын көз алдына елестете алу үшін әдебиеттердегі суреттерді қолдан.
◼ Оларды “Ехоба Куәгерлері. Олар кімдер? Неге сенеді?” (ор.) деп аталатын кітапшаны оқып шығуға талпындыр
Ризашылықтарын ояту үшін бейнефильмдерді қолдан.
◼ “Танысыңыздар, Ехоба Куәгерлері ұйымы”
◼ “Дүниежүзілік бауырластығымыз”
◼ “Құдай тәлімінің арқасында біріккендер”
◼ “Жердің шетіне дейін”
9-бөлім. Киелі кітап зерттеушіні бейресми куәлік етуге дайындау.
Киелі кітапты зерттеп жүргендер үйреніп жатқандарына сенімдері арта бастағанда, олар бұл жөнінде өзгелерге айтуға талпынады (km 05/5, 1).
Оларды куәлік етуге талпындыр.
◼ Оның зерттеу сабағына шақыруға болатын достары не отбасы мүшелері бар ма?
◼ Оның қызметтестерінің, сыныптастарының не өзге таныстарының арасында ізгі хабарға қызығушылық білдіріп жүргендер бар ма?
Оларды сенімдері туралы айтуға үйрет.
◼ Сабақ барысында орынды болған жерлерде адамнан былай деп сұра: “Осы шындықты отбасыңа түсіндіру үшін Киелі кітапты қалай қолданар едің?”
◼ Қызығушыға Құдай мен оның еркі туралы басқаларға айтқанда, ілтипатты әрі мейірімді болу керек екенін түсінуіне көмектес.
◼ Қызығушылар достары мен отбасындағы адамдарға біздің Киелі кітапқа негізделген сенімдерімізді түсіндіріп беру үшін “Ехоба Куәгерлері. Олар кімдер? Неге сенеді?” (ор.) кітапшасын қолдануларына болады.
10-бөлім. Шәкіртті үйме-үй уағыздауға үйрету.
Ақсақалдар Киелі кітап зерттеп жүрген адамның шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болуға дайын екенін анықтаған соң, оның қауыммен бірге уағыздау ісіне атсалысуына болады (km 05/6, 1).
Бірге дайындалу.
◼ Жаңа жариялаушыға ұсыныстарды қайдан табуға болатынын көрсет.
◼ Жергілікті аймақ үшін тиімді әрі қарапайым ұсынысты таңдауына көмектес.
◼ Оны қызметте Киелі кітапты қолдануға жігерлендір.
◼ Ұсынысты айтып, бірге дайындалып алыңдар. Жиі айтылатын сөздерге ілтипаттылық сақтай отырып, қалай жауап беруге болатынын көрсет.
Бірге уағыздау.
◼ Екеуің дайындаған ұсынысты алдымен өзің айт, ол жай ғана бақыласын.
◼ Қызығушының ерекшеліктері мен қабілеттерін ескер. Кей жағдайда жаңа жариялаушының әңгімеге жартылай ғана атсалысқаны дұрыс болар.
◼ Жаңа жариялаушының қызметке жүйелі түрде шығып тұруына мүмкіндік беретін кесте жасауына көмектес.
11-бөлім. Жаңа жариялаушының адамдарға қайта баруына көмектесу.
Қайта баруға дайындалу адаммен алғаш сөйлескен кезден басталады. Жаңа жариялаушыны сөйлескен адамдарына шынайы ықылас білдіруге жігерлендір. Біртіндеп оны адамның ойын ашық айтқызуға, сөздерін мұқият тыңдауға және оны толғандыратын нәрселерді жазып алуға үйрет (km 05/7, 1).
Қайта баруға дайындалу.
◼ Алғашқы барғандағы әңгімеге шолу жаса және жариялаушыға үй иесінің қызығушылығын ояту үшін қозғайтын тақырыпты таңдауға көмектес.
◼ Жазба орны мен әдебиеттен бір абзац оқылатын қысқаша ұсыныс дайындаңдар.
◼ Әңгіменің соңында қойылатын сұрақ дайындаңдар.
Қайта барғанда ынталы бол.
◼ Киелі кітап зерттеп жүрген адамды қызығушылық танытқан адамдардың бәріне тез арада қайта баруға талпындыр.
◼ Кейбір адамдарды үйлерінен табу үшін табандылықпен қайта барып тұру керек екенін жариялаушының түсінуіне көмектес.
◼ Жариялаушыға қайта келуге қалай келісу керек екенін үйрет және уәдені орындап, қайта барудың маңызды екенін түсінуіне көмектес.
12-бөлім. Жаңа жариялаушыға Киелі кітап зерттеу сабағын бастап, оны жүргізуге көмектесу.
Исаға еліктеп, қызметте дұрыс үлгі көрсеткенің өте маңызды. Шәкірт қызметте көрсеткен үлгіңе қарай отырып, қайта барудың мақсаты Киелі кітап зерттеу сабағын бастау екенін түсінеді (km 05/8, 1).
Киелі кітап зерттеуді ұсыну.
◼ Қызығушыға әдетте зерттеу сабағының не нәрсе екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп жатудың қажеті жоқ екенін айт.
◼ Жиі ең дұрысы — зерттеуге арналған әдебиеттен бір не екі абзацты талқылау арқылы сабақтың қалай өтетінін көрсету.
◼ “Біздің патшалық қызметіміздің” 2005 жылғы тамыз айындағы санының 8-бетіндегі және 2002 жылғы қаңтар айындағы (ор.) санының 6-бетіндегі ұсыныстардың бірін қолданып, Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынуға бірге дайындалыңдар.
Жаңа жариялаушыларды Құдай Сөзінің мұғалімі болуға үйрету.
◼ Қызығушыны Теократиялық қызмет мектебіне жазылуға талпындыр.
◼ Жаңа жариялаушының басқа зерттеу сабағына баруына жағдай жаса. Онда ол тәлім беруге азғантай үлесін қоса алады.