Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Қыркүйек айында “Жұмақ орнататын үкімет” кітапшасы. “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабын да ұсынуға болады. Қазанда “Күзет мұнарасы” журналын ұсыныңдар. Қызығушылық танытқан адамға “Құдай талап етеді” кітапшасын ұсынуға болады. Қарашада “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым”. Үй иесінің баласы болмаса, “Білім” кітабын немесе “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” трактатын ұсынуға болады.
◼ Филиал әдебиетке байланысты жариялаушылардың жеке тапсырыстарын орындамайды. Сол себепті төрағалық етуші бақылаушы әр ай сайын әдебиетке берілетін тапсырысты филиалға жөнелтпес бұрын хабарландыру жасалып, барлығы әдебиетке жауапты бауырласқа жеке тапсырыстарын бере алулары үшін алдын ала қам жасаулары керек. Қандай әдебиеттерге арнайы тапсырыс беру керек екендігін ұмытпауларыңды сұраймыз.
◼ 2006 жылғы Еске алу кешіне орай 30 сәуірде жексенбі күні арнайы баяндама айтылады. Баяндаманың тақырыбы кейінірек хабарланады. Сол аптада аудандық бақылаушы келетін, аудандық конгресс болатын қауымдарда бұл баяндама келесі аптада айтылады. Ешбір қауымда арнайы баяндама 2006 жылдың 30 сәуірінен бұрын айтылмауға тиіс.
◼ Қайтадан қауым мүшесі болғысы келетін, бұрын қауымнан шығарылған немесе шындықтан бас тартқан адамдарға қатысты 1991 жылғы “Күзет мұнарасының” 15 сәуірдегі нөмірінің 21—23 дейінгі беттерінде (ор.) берілген басшылықты ұстануды ақсақалдардың естеріне саламыз.
◼ Қауымдар келесі жолы әдебиетке тапсырыс бергенде, “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарының 2005 жылғы түптелген томдары мен компакт-дискідегі “Күзет мұнарасының кітапханасына” тапсырыс берулеріне болады. Бұл құралдардың қай тілдерде шығатыны туралы тізім ай сайын қауымдарға жіберіліп отыратын “Барлық қауымға арналған хабарландыруда” келтіріледі. Компакт-дискідегі “Күзет мұнарасының кітапханасы” қауымның шомылдыру рәсімінен өткен мүшелеріне ғана арналғанын және оны қауым арқылы ғана алуға болатынын ескерулеріңді өтінеміз.
◼ Қазан айында бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, бұл айда қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.
◼ 2006 қызмет жылында қауымға аудандық бақылаушы келген айда қосалқы ізашар болып жүрген жариялаушылардың бәрі аудандық бақылаушы мен ізашарлардың кездесуінің бірінші жартысына қатысуларына болады. Қатысушылардың бәрін осы арнайы кездесудің пайдасын көруге шақырамыз.