Қызмет кездесулерінің кестесі
12 қыркүйектен басталатын апта
4-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
20 мин. “Уақытыңды даналықпен пайдалан”a. Тыңдаушыларды күн сайын Киелі кітап оқуға қалай уақыт табатындарын айтып беруге шақыр. Отбасылар мен жеке жариялаушыларды рухани істерді жоспарлау үшін 2005 жылдың мамыр айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасын қолдануға талпындыр.
15 мин. “Киелі кітап зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз”b. Қосымшадағы мәліметтің 1-ші және 2-бөлімін залдағылармен талқылау. 2004 жылдың тамыз айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 1-бетіндегі мәліметті де қосуға болады. Неге Киелі кітап зерттеу сабағына барарда алдын ала жақсылап дайындалу маңызды? Оған қалай дайындалуға болады? Залдағылардан берілген кеңестерді қалай қолданғандарын айтып беруге шақыр. Қосымшаның бірінші бетіндегі қоршаудағы ойларды айтумен аяқта.
23-ән және соңғы дұға.
19 қыркүйектен басталатын апта
8-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Патшалық қызметіміздің” бірінші бетінде жарияланған филиалдың хатының басты ойларына шолу жаса.
20 мин. Өткен жылда қандай жұмыс атқардық? Қызмет бақылаушысы жетістіктерге баса назар аудара отырып, өткен қызмет жылындағы істерге қысқаша шолу жасайды. Орынды түрде мақтау сөздер айт. Алдағы жылда көңіл аударуды қажет ететін бір не екі саланы атап өт. Ізашарларды жақсы істері үшін мақтай отырып, атқарған істерін айт. Енжар бауырластарға көмек көрсетілгеннің арқасында қол жеткізген жақсы нәтижелерді айт.
15 мин. “Бір-біріңді нығайта беріңдер!”c. Бауырластардан басқалардың сүйіспеншілікпен көрсеткен қамқорлығының қандай пайдасын көргендерін сұра.
29-ән және соңғы дұға.
26 қыркүйектен басталатын апта
9-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Қыркүйек айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
10 мин. “Сауалдар жәшігі”. Сұрақ-жауап ретінде жүргіз.
25 мин. Ізгі хабарды журналдар арқылы жариялау. Қазан айында “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарын таратамыз. Алғы сөзіңде 2005 жылдың ақпан айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 8-бетіндегі 3—6 дейінгі абзацтарда жазылған кеңестерді талқыла: 1) Журналдың екеуін де ұсын. 2) Журнал таратуға аптаның бір күнін бөл. 3) Айына қанша журнал таратқың келетінін анықтап ал. 4) Журналдарды ұсынудың әрбір мүмкіндігін пайдалан. 5) Журналдардың ескі сандарын тарат. Осы кеңестерді жергілікті жағдайға бейімде. Одан соң (егер аймақтарыңда қолдануға болатын болса) осы айдағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 8-бетіндегі ұсынысты пайдаланып, “Күзет мұнарасының” 1 ақпандағы санын қалай ұсынуға болатынын көрсет. Тиімді болып жүрген басқа да ұсыныстарды көрсетуге болады. Одан соң журналдың жергілікті адамдарды қызықтыратын басқа да мақалаларына көңіл аудар да, олардың біріне ұсыныс жасап көрсет. Әр ұсыныстан соң, оның жақсы жақтарына көңіл аудар.
12-ән және соңғы дұға.
3 қазаннан басталатын апта
21-ән
5 мин. Жергілікті хабарландырулар.
20 мин. Басқалардың “шын жүректен” мойынсұнуларына көмектесd. Уақыт болса, тыңдаушыларды Жазба орындарын түсіндіріп беруге шақыр.
20 мин. Ехобаның жүрегін қуанту (Нақ. с. 27:11). Ехобаға ұзақ уақыт адал қызмет етіп келе жатқан екі не үш бауырластан сұхбат ал. Әрқайсысынан Ехобаға мойынсұнушылықтарын сақтауға көмектесетін бір не екі нәрсені айтып беруін сұра. Бұл Киелі кітапты жеке зерттеу, қауым кездесулеріне жүйелі түрде атсалысу, басқа да адал бауырластармен араласу, таза ниетпен уағыздау, шын жүректен дұға айту және көңіл көтерудің зиянды түрлерінен бойды аулақ ұстау болуы мүмкін. Олардың мойынсұнушылықтарының сыналған кездері болды ма? Олар бұл сынақтарды қалай жеңіп шықты? Сол үшін олар қандай баталарға ие болуда?
1-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.