Қызмет кездесулерінің кестесі
11 шілдеден басталатын апта
11-ән (85)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Ізгі хабарды мүмкіндігінше көп адамға жеткізу”a. 5-абзацты талқылағанда 2005 жылдың шілде айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 8-бетіндегі жергілікті аймақта қолдануға болатын ұсыныстарға шолу жаса.
6-ән (45) және соңғы дұға.
18 шілдеден басталатын апта
13-ән (124)
10 мин. Жергілікті қажеттіліктер. 2000 жылдың 15 тамызындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 32-бетіндегі мәліметті қысқаша қарастырып өт. Тіпті демалыс күндерінде және күнделікті күн тәртібіміз бұзылған кезде де, Киелі кітапты жүйелі түрде оқудың қандай пайдасы бар екеніне ерекше назар аудар.
15 мин. “Киелі кітап зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз (11-бөлім)”b. Жаңа жариялаушы мен онымен сабақ өтетін бауырластың адамға қайта баруға дайындалу сәтін көрсету. Олар алғашқы барғандағы әңгімеге шолу жасайды да, қайта барғанда не айтуға болатынын ойластырады. Сондай-ақ қарапайым етіп алғы сөзді және әңгіменің соңында қойылатын сұрақты дайындайды. Көрсетудің соңында дайындаған ұсыныстарын қайталайды.
20 мин. Басқалардың Киелі кітапты бағалауына көмектес. “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабының 24, 25-беттеріндегі 3—6 дейінгі абзацтардағы? мәліметті сұрақ-жауап ретінде талқылау. Кітаптағы сұрақтарды қолдан. “Жалпыға арналған кітап” кітапшасының 32-бетіндегі мәліметке де тоқталып өт.
21-ән (191) және соңғы дұға.
25 шілдеден басталатын апта
9-ән (37)
15 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. 4-беттегі ұсынысты пайдаланып (егер жергілікті аймақта қолдануға болатын болса), “Күзет мұнарасының” 1 шілдедегі санын ұсыну жолын көрсет. Жергілікті жағдайға келетін басқа да ұсыныстарды қолдануға болады. Журналды базарда немесе басқа да бейресми түрде куәлік етуге болатын көпшілік орнында ұсыну.
10 мин. Шындықты балаларыңның жүректеріне ұялатыңдар (Ефес. 6:4). 2002 жылдың 15 тамызындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 30, 31-беттеріне негізделген ақсақалдың баяндамасы. Жұбайы мәсіхші емес бауырласқа бала тәрбиелегенде басшылық болатын Киелі кітаптағы принциптерге ерекше назар аудар.
20 мин. “Басқалардың алдындағы парызымыз”c. 2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі “Күзет мұнарасының” 21-бетіндегі 13-абзацта айтылған ойларға тоқталып өт.
10-ән (82) және соңғы дұға.
1 тамыздан басталатын апта
17-ән (187)
15 мин. Жергілікті хабарландырулар. Шілде айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. Тыңдаушыларды “Қызмет мектебі” кітабының 70-бетін ашуын өтін және олардың атсалысуымен 1, 2-абзацтарды және “Кездесулерде жауап бергенде” деп аталатын қоршауды қарастырып шық.
15 мин. “Балаларыңның қызметте жетістіктерге жетулеріне көмектесіңдер”. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Бауырлас баласы екеуі қарапайым ұсыныс көрсетеді. Бауырлас ерікті садақа жөнінде қысқаша айтып, ұсынысты өзі аяқтайды.
15 мин. Қызметте бейімделе білесің бе? 2005 жылғы “Біздің патшалық қызметіміздің” 6-бетіне негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Ондағы ұсыныстарға шолу жасап, оларды тамыз айында ұсынылатын әдебиеттерге қалай бейімдеуге болатынын көрсет. Бір не екі ұсыныс көрсет.
29-ән (222) және соңы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.