Қызмет кездесулерінің кестесі
13 маусымнан басталатын апта
1-ән (13)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
15 мин. Басқалардың шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болуына көмектес. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 79—81 дейінгі беттеріндегі мәліметке негізделген ақсақалдың баяндамасы және тыңдаушылармен талқылау. Киелі кітап зерттеп жүрген адам қауыммен бірге қызметке шығу үшін Жазбалардағы талаптарға сәйкес келетін-келмейтінін анықтауға көмектесетін шара жөнінде талқылау жүргіз. Келесі аптада шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болған, Киелі кітап зерттеп жүрген адамға үйме-үй жүріп уағыздауды қалай үйретуге болатынын қарастырамыз.
20 мин. “Уағыздау қажырлы болуымызға көмектеседі”a. Егер уақыт болса, тыңдаушыларды жазба орындарын қолдануға шақыр.
18-ән (162) және соңғы дұға.
20 маусымнан басталатын апта
5-ән (46)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. 2003 жылдың шілде айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 4-бетіндегі мәліметтің негізгі ойларына шолу жаса. Жариялаушылар шет тілдегі әдебиетті қалай ала алатындарын түсіндір. Осы мәліметті жергілікті аймақта қалай қолдануға болатынын талқылап өт. Кез келген шет тілдегі әдебиеттерге не басқа құралдарға, тіпті біреу болса да, әдебиетке жауапты бауырлас арқылы тапсырыс берген дұрыс. Бұл қажетті әдебиеттердің кідіріссіз жетуіне көмектеседі.
15 мин. Құдай сөзінің әсері күшті (Ев. 4:12). “Күзет мұнарасының” 2003 жылғы 1 желтоқсанында шыққан санының 10-бетіндегі 13—17 дейінгі абзацтарына негізделген баяндама. Киелі кітап тәлімдері адамдарды өмірлерінде өзгеріс жасауға қалай талпындыратынын көрсететін оқиғаларды айтып бер (w00 1.1. 3—5 бет.). Бәрін де қызметтің кез келген түріне қатысқанда Киелі кітапты тиімді қолдануға шақыр.
20 мин. “Киелі кітапты зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз”. (10-бөлім)b. Қызметте айтатын сөздерді қайталап, дайындалу сәтін көрсету. Киелі кітапты зерттеп жүрген адам ұсыныс айтқанда, үй иесінің рөлін ойнап тұрған жариялаушы келіспеушілігін білдіріп, жиі айтылатын қарсы сөз айтады. Ол жаңа жариялаушы не айтарын білмей тұрғанда не деуге болатынын түсіндіреді. Алдын ала бір не екі жариялаушыға жаңадан үйме-үй уағыздауды бастағанда, қандай көмек алғандарын айтып беруді тапсыр.
8-ән (53) және соңғы дұға.
27 маусымнан басталатын апта
12-ән (113)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Маусым айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Егер аймақта қолайлы болса, 8-беттегі ұсынысты қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 маусымындағы санын қалай ұсынуға болатынын көрсет. Аймақ үшін қолайлы басқа да ұсынысты қолдануға болады. Көрсетудің соңында жариялаушы үй иесінің қызығушылығын оятқан алғашқы сөзді қайтала.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. Шілде және тамыз айларында кітапшаларды ұсыну. Қосымшаға негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. 3-беттегі қоршауға ерекше назар аударып, қосымшаны қалай қолдану керек екенін қысқаша түсіндір. Сондай-ақ 2005 жылдың қаңтар айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 8-бетіндегі негізгі ойларды атап өт. Адаммен алғаш кездескенде, кітапшаға берілген ұсыныстардың жергілікті аймаққа тиімдісін талқыла. Екі немесе үш ұсыныс көрсет. Оның біреуін жас жариялаушы көрсетсін.
22-ән (130) және соңғы дұға.
4 шілдеден басталатын апта
14-ән (117)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Сендерде отбасы кестесі бар ма? 2005 жылдың мамыр айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасындағы ұсыныстарға шолу жасау. Тыңдаушыларды осы кеңестерді қолдануға қандай күш салғандарын және оның қандай пайдасын көргендерін айтып беруге шақыр.
20 мин. “Көпшілік орындарда тиімді куәлік ету”c. Мәліметті жергілікті аймаққа бейімде. Орынды кезде “Мына кісіге баруды өтінеміз” (S-43) бланкісін қолдануды жариялаушылардың естеріне сал (2005 жылдың ақпан айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 6-бетін қараңдар).
25-ән (204) және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.