Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 5.05. 4—5 бет.
  • Отбасы кестесі: отбасымен уағыздау

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Отбасы кестесі: отбасымен уағыздау
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2005
  • Ұқсас мәлімет
  • Балаларыңа Ехобаны мадақтауды үйретіңдер
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Отбасын рухани берік етіңдер
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдайды, оның қауымының бір бөлігі ретінде әрбір отбасы мадақтасын
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Балаларыңды Құдайға қызмет етуге үйретіңдер
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2005
km 5.05. 4—5 бет.

Отбасы кестесі: отбасымен уағыздау

1 Ехоба өз есімін мадақтап жүрген жастарды көріп қуанады (Заб. 148:12, 13). Исаның күндерінде тіпті балалар мен кішкентай бүлдіршіндер де Құдайды мадақтаған (Мат. 21:15, 16). Бүгін де жағдай дәл сондай. Ата-аналар, балаларыңның уағызда құлшыныспен Ехобаны мадақтауларына қалай көмектесе аласыңдар? “Отбасы кестесі: қауым кездесулері” мақаласында айтылғандай, ең маңыздысы — үлгі көрсету. Бір отағасы көптеген ата-аналардың сезімдерімен келісе отырып, былай деген: “Балалар естігенін емес, көргенін істейді!”

2 Құдайдан қорқатын ата-ана тәрбиелеген бір бауырлас былай деп еске алды: “Сенбі күні таңертең оянғанда, бүгін қызметке барамыз ба деп ешқашан сұраған емеспіз. Біз баратынымызды білетінбіз”. Сол сияқты сен де бірге уағыздауды отбасының апта сайынғы дағдылы ісіне айналдыру арқылы уағыздау ісінің маңыздылығын балаларыңның санасына құя аласың. Бұл олардың сенен үйренулеріне ғана емес, сенің де олардың көзқарасын, өздерін ұстау мәнері мен уағыздау қабілетін қалай дамытып жатқанын байқауыңа мүмкіндік береді.

3 Үнемі үйрету. Балалар қызметтен қуаныш алулары үшін оны нәтижелі атқаруға үйрету қажет. Жоғарыда сөздері келтірілген бауырлас тағы былай деп қосты: “Біз ешқашан өз ісін атқарып жүрген ата-анамыздың жетегінде ғана болған емеспіз. Мейлі тек есіктің қонырауын басып, не адамға Патшалық Сарайына шақыру қағазын ұсынып қана жүрейік, бәрібір уағыздау қызметіне қатысып жүргенімізді білдік. Апта сайын барлық рухани істерге жақсылап дайындалудың арқасында біз қалай жауап беру керектігін білетінбіз”. Сендер де отбасылық зерттеу барысында не басқа мезгілде уағыздау қызметіне дайындалуға апта сайын біраз уақыт бөлу арқылы балаларыңа осындай тәлім бере аласың.

4 Отбасымен бірге уағыздау балалардың жүректеріне шындықты ұялатуға қосымша мүмкіншілік береді. Бір мәсіхші отағасы трактаттар ұсыну үшін үйден 10 шақырымдай жерде орналасқан көрші ауылға барғанда, қызын ертіп жүрген екен. Оның қызы: “Тап сол сапарларда әкем менің жүрегіме шындыққа деген сүйіспеншілік ұялатқан еді”,— деп сүйіспеншілікпен есіне алады (Заң. қ. 6:7). Апта сайынғы отбасы кестесінде уағыздау қызметіне уақыт бөле отырып, сендер де баталарға ие болыңдар.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу