Қызмет кездесулерінің кестесі
9 мамырдан басталатын апта
5-ән (46)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
15 мин. Жүрекке жеткізу үшін Құдай Сөзін қолдан. 2005 жылғы 1 ақпан айындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 28—31 беттеріндегі мәліметке негізделген баяндама. Исаның Петірге көмектесу үшін Жазбаларды қалай қолданғанын қарастыр. Балаларымыздың, Киелі кітапты зерттеп жүргендердің және тіпті өзіміздің ой-қалпымызды өзгерту қажет болғанда, Исаның үлгісіне қалай еліктеуге болатынын қарастыр.
20 мин. “Отбасы кестесін тиімді етіп жасаңдар”. Алғы сөзіңде (екі минуттан аспау керек) жазбаша түрдегі кестенің маңыздылығына ерекше көңіл бөліп, 6-беттегі кестені қалай қолдануға болатынын қарастыр. Сосын “Отбасы кестесі: қауым кездесулері” мақаласын сұрақ-жауап ретінде талқыла. Тыңдаушыларды қауым кездесулеріне қатысуларына өзге істер кедергі болмау үшін не істейтіндерін айтып беруге шақыр. Отбасы кестесіне қатысты өзге де жайттар кейінгі апталарда қарастырылатын болады.
20-ән (93) және соңғы дұға.
16 мамырдан басталатын апта
3-ән (32)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. “Отбасы кестесі: отбасымен уағыздау”a. Тыңдаушыларды отбасы мүшелерімен бірге үнемі уағыздау қызметіне қатысудың пайдасы жөнінде айтып беруге шақыр.
20 мин. “Киелі кітапты зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз”. (9-бөлім)b. 2-абзацты талқылағанда, 2004 жылғы желтоқсандағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 8-бетіндегі бір-екі ойға назар аудар. Қысқаша көрсету: Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізу. “Құдай талап етеді” кітапшасындағы 2-сабақты аяқтаған соң, жариялаушы Киелі кітапты зерттеп жүрген адамнан былай деп сұрайды: “Құдайдың есімі кім екенін досыңызға қалай түсіндіріп берер едіңіз?” Ол Мысырдан шығу 3:15-ті (сілтеме) қалай қолданарын түсіндіреді. Ал жариялаушы оны мақтайды.
18-ән (162) және соңғы дұға.
23 мамырдан басталатын апта
2-ән (15)
12 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген филиалдан келген хатты оқы. Егер жергілікті аумақта орынды болса, 8-беттегі ұсынысты қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 мамырдағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Өзге де тиімді ұсыныстарды қолдануға болады. Көрсетуде жариялаушы журналды көшеде куәлік еткенде қалай ұсынуға болатынын көрсетеді.
18 мин. “Ехобаның күні жақын”c. Дайындық кезінде “Даниялдың пайғамбарлығы” (ор.) кітабының 59-бетіндегі 28-абзацтағы мәліметке назар аудар.
15 мин. “Отбасы кестесі: отбасылық зерттеу”d. Алдын ала бір-екі жариялаушыдан отбасылық зерттеуді қалай жоспарлағандары және оны үнемі өткізу үшін не істейтіндері жөнінде айтып беруді өтін.
21-ән (191) және соңғы дұға.
30 мамырдан басталатын апта
26-ән (212)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Мамыр айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. Маусымда ұсынылатын әдебиетті атап өт. Оны 2005 жылғы қаңтар айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасындағы бір-екі ұсынысты қолданып, (егер жергілікті аумақта орынды болса) қалай ұсынуға болатынын көрсет. Өзге де тиімді ұсыныстарды қолдануға болады.
20 мин. “Отбасы кестесі: күнделікті тармақты қарастыру”e. Тыңдаушыларды отбасымен бірге күнделікті тармақты қарастырудың қандай пайдасын көріп жүргендері және олар үшін қандай уақыт тиімді болғаны жөнінде айтып беруге шақыр.
15 мин. Қызметте болған оқиғалар. Наурыз, сәуір және мамыр айларында болған жігерлендіретін оқиғаларды айтып немесе көрсетіп беруге болады. Алдын ала бір-екі жариялаушыдан Еске алу кеші кезеңінде қызметке көбірек қатысу үшін не істегендері және қандай баталарға ие болғандары жөнінде айтып беруді өтін.
23-ән (200) және соңғы дұға.
6 маусымнан басталатын апта
15-ән (127)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Бізді нығайтатын кітап. Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, 2005 жылғы “Жылнаманы” (ор.) тыңдаушылармен талқыла. Бүгінгі күнгі Ехобаның керемет істері жайында ой жүгірткеніміз бізді оған және дүние жүзіндегі бауырластарға жақындата түседі (Заб. 76:13—15). Бұл бізді Шайтанға төтеп беріп, ‘сенімде берік болу’ үшін нығайтады (Пет. 1-х. 5:8, 9). Сондай-ақ осындай ой жүгірту жаңадан келгендерге Ехобаның ұйымына деген ризашылықтарын арттыруға көмектеседі. Тыңдаушыларды 2005 жылғы “Жылнаманы” оқығанда ұнаған ойларды айтып беруге шақыр. Алдын ала бір-екі жариялаушыдан “Жылнаманы” оқу үшін уақытты қалай бөлетіндері жөнінде айтып беруді өтін.
20 мин. “Журналдар апарып тұру арқылы адамның қызығушылығын арттыр”f. 3-абзацты талқылағанда, “Білім” кітабының 9, 10-беттеріне назар аудар. Осы мәліметтің негізінде Құдай Патшалығының не істейтіні жөнінде әңгімелесу үшін бірнеше тармақты таңдап алуға болады. Әр барғанда бір ғана тармақ талқыланады. Көрсету: жариялаушы журналдар апарып тұратын адаммен бір тармақты қолданып әңгімелеседі. Ол тармақты үй иесіне берген журналдың ішінен таңдап алады. Жариялаушы Жазба орнын түсіндіріп және мысал келтіріп, осы тармақтың үй иесінің өміріне қандай қатысы барын түсінуге көмектеседі.
12-ән (113) және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
f Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.