Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2005 жылдың 25 сәуірден басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2005 жылдың 7 наурыздан басталатын аптасы мен 25 сәуірден басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Дұрыс не дұрыс емес. Кідіріс жасаудан аулақ болу керек, өйткені тыңдаушының ойы ауып кетеді және ол сені бөліп жіберуі мүмкін. Түсіндір. (be 97, 98-бет).
2. Сұрақтарға жауап бер. Неге дауыстап оқитын немесе баяндама айтатын бауырлас логикалық екпінді дұрыс түсіру керек? (Нех. 8:8) (be 101-бет).
3. Логикалық екпінді дұрыс түсіруді қалай үйренуге болады? (be 102, 103-бет).
4. Киелі кітапты зерттеу сабағында не қауым кездесуінде қандай ойларды айрықша назар аударып оқу керек? (be 105-бет).
№1-ТАПСЫРМА
5. Құдай Сөзін оқуға ең алдымен не талпындыру керек және неге осындай ниет болған дұрыс? (be 24-бет, 1-абз.).
6. Зерттеу дегеніміз не және Құдай Сөзін үнемі зерттеу қандай пайда әкеледі? (be 27-бет, 3-абз.; 32-бет, 4-абз.).
7. Баяндама айтуға дайындалған кезде, іздену үшін негізгі құралымыз Киелі кітапты қолданғанда, неліктен: 1) мәнмәтінді қарастыру, 2) қосымша тармақтарға нұсқаулар тізімін қарау және 3) Киелі кітап симфониясын қолдану маңызды? (be 34-бет, 3-абз. — 35-бет, 2-абз.).
8. Іздену жүргізгеннен кейін баяндамаға арналған мәліметті сараптағанда қандай жайттарды ескеру керек? (be 38-бет).
9. Неліктен Құдайға сенім артуға болады? (Нақ. с. 3:5, 6) (w03 1.11. 4-бет, 6, 7-абз.).
АПТА САЙЫНҒЫ КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
10. Дұрыс жауапты таңда. Иса Матай 24:45—47 (ЖД) дейінгі тармақтарда айтқан адал да ақылды құл — а) Ехоба Куәгерлерінің Басқарушы кеңесі; ә) кез келген уақыт аралығында жер бетінде өмір сүрген топ ретіндегі майланған мәсіхшілер; б) Иса Мәсіхтің өзі. Бұл құл “үй ішіндегілерді” уақтылы рухани ас-сумен қамтамасыз етеді. Бұл “үй ішіндегілер”: а) жеке алғандағы майланған мәсіхшілерді; ә) басқа қойларды; б) мәсіхшілердің әдебиеттерін оқитындардың барлығын білдіреді. Қожайын құлды бүкіл меншігіне қараушы етіп тағайындаған жыл: а) 1914 жыл; ә) б. з. 33 жыл; б) 1919 жыл (w93 1.5. 16—18 бет, ор.; br-3 6, 7-бет, ор.; w04 1.3. 19-бет, 9-абз.; 21-бет, 18-абз.).
11. Сұрақтарға жауап бер. а) Марқа 13:14-те айтылған ‘жексұрын нәрсе’ не болды? ә) “Тұрмауға тиісті жерде” деген сөздер неге қатысты болған? (w99 1.5. 15-бет, 6-абз., ор.).