Киелі кітапты зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз. 8-бөлім
Киелі кітапты зерттеп жүргендерді ұйымға қарай бағыттау
1. Әр жеті сайын Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізгенде, Ехобаның ұйымы туралы айтып беру неліктен пайдалы?
1 Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізгенде, біздің мақсатымыз — тек ілімге қатысты оқытып қана қою емес, сондай-ақ зерттеп жүрген адамдарды мәсіхшілер қауымына мүше болуға жәрдемдесу (Зәк. 8:23). Бізге мұны істеуге жәрдемдесетін — “Ехоба Куәгерлері. Олар кімдер және неге сенеді?” (ор.) деген кітапша. Киелі кітапты зерттеуді бастағандарға кітапшаның бір данасынан беріп, оқып шығуға талпындыр. Бұған қоса, әр жеті сайын зерттеу сабағын өткізгенде, Ехобаның ұйымы туралы айтып беру үшін біраз уақыт бөл.
2. Киелі кітапты зерттеп жүргендерді қауым кездесулеріне қатысуға қалай талпындыра алар едің?
2 Қауым кездесулері. Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдардың Құдайдың ұйымына деген ризашылықтарын арттырудың басты жолы — бізбен бірге қауым кездесулерінде болу (Қор. 1-х. 14:24, 25). Сондықтан сен сабақ өтуге барған сайын әр жетіде өтетін бес кездесудің біреуі жайында айтып беру арқылы біртіндеп кездесулермен таныстыруыңа болады. Келесіде айтылатын баяндаманың қалай аталатынын айт. Оларға келесіде “Күзет мұнарасы” журналында және қауымның кітап зерттеу кездесуінде талқыланатын мақаланы көрсет. Теократиялық қызмет мектебі мен қызмет кездесуі қалай өтетінін айтып бер. Мектепте берілген тапсырмаң болса, бәлкім, бірге жаттығарсыңдар. Кездесулерде айтылған ойлармен бөліс. Ол жерде не болатындығын көз алдына елестетуге жәрдемдесу үшін әдебиеттердегі суреттерді қолдан. Алғашқы Киелі кітап зерттеу сабағы кезінде-ақ оларды кездесуге қатысуға шақыр.
3. Ұйымның қандай ерекшеліктерін талқылауға болады?
3 Еске алу кеші, конгрестер мен аудандық бақылаушының аралайтын кезі жақындағанда, оларды түсіндіру әрі ықыласын ояту үшін біраз уақыт бөл. Уақыт өте келе, мынадай сұрақтарды қарастыр: Неге біз Ехоба Куәгерлері деп аталамыз? Неге біз кездесулер өтетін жерді Патшалық Сарайы деп атаймыз? Ақсақалдар мен қызмет көмекшілерінің міндеттері қандай? Уағыздау ісі қалай ұйымдастырылып, учаскелер қалай бөлінеді? Біздің әдебиеттер қалай басылып шығарылады? Ұйым қалай қаржыландырылады? Филиал мен Басқарушы кеңестің атқаратын қызметі қандай?
4, 5. Қалай біздің бейнефильмдер қызығушылық танытқан адамға ұйымның жұмысын түсінуге және оған деген ризашылығын арттыруға көмектеседі?
4 Сабақ алатын фильмдер. Киелі кітапты зерттеп жүргендер үшін Ехобаның керемет ұйымы туралы білудің тағы бір жолы — біздің бейнефильмдерді көру. Біздің журналдар мен өзге де әдебиеттерімізді бес жыл бойы алып тұрған бір әйел “Танысыңыздар, Ехоба Куәгерлері ұйымы” деген бейнефильмді көргенде, көңілі босап кеткен. Ол өзіне келіп жүрген Куәгерлерге сенім артатын, бірақ бейнефильмді көрген соң, ұйымның да сенім артуға тұрарлық екендігін түсінеді. Ол әйелмен Киелі кітапты зерттеу сабағы басталады да, келесі жетіде Патшалық Сарайындағы кездесуге келеді.
5 Әр жеті сайын Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдарға біраз уақыт бөліп, қолда бар құралдарды қолдану арқылы оларды Ехобаның бүгінде қолданып отырған ұйымына қарай бағыттай аламыз.