Қызмет кездесулерінің кестесі
10 қаңтардан басталатын апта
21-ән (191)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
15 мин. ‘Сенім туралы сөздерден нәр алайық’a. Уақыт жеткілікті болса, келтірілген Жазба орындарын оқып, талқыла.
20 мин. “Қызметте бейімделе біл”. Қосымшаның 6-бетіндегі мақаланы тыңдаушылармен талқылау. Осы айда ұсынылатын әдебиетті таратқанда, мақаладағы тәсілді қалай қолдануға болатынын көрсететін екі көрініс ұйымдастыр. Әр көріністе жариялаушы үй иесін мазалайтын проблемаға қатысы бар Жазба орнын оқып берсін.
16-ән (143) және соңғы дұға.
17 қаңтардан басталатын апта
27-ән (221)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Жастар, рухани өсіп жатырсыңдар ма? 2003 жылғы 1 сәуірдегі “Күзет мұнарасының” (ор.) 8—10 беттеріндегі мәліметке негізделген ақсақалдың баяндамасы. Кейбір қол жеткізуге болатын мақсаттарды атап өт және жастарды өздеріне нақты рухани мақсаттар қоюға талпындыр.
20 мин. “Киелі кітапты зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз. (5-бөлім)”b. Келесі көріністі ұйымдастыр. Тәжірибелі жариялаушы енді ғана уағыздауды бастаған бауырласпен 4, 5-абзацтарда айтылған қателіктерді жібермеу үшін не істеуге болатынын талқылайды.
18-ән (162) және соңғы дұға.
24 қаңтардан басталатын апта
8-ән (53)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру. “DVD-дегі бейнефильмдер” деген қоршауды қысқаша қарастыр.
10 мин. Сауалдар жәшігі. Баяндама.
25 мин. “Ұсыныстар үлгісін қалай қолдануға болады?”c. Келтірілген сұрақтарды қолдан. Қосымшаның 3—5 беттерінде келтірілген бірқатар ұсыныстарға назар аудар. Қосымшаны жыл бойы қолдану үшін сақтап қою керек. Соңында ақпан айында таратуға арналған кітаптарды қалай ұсынуға болатынын талқыла. Екі көрініс ұйымдастыр. 3—5 беттеріндегі ұсыныстарды немесе жергілікті аумақта тиімді болып жүрген басқа ұсыныстарды қолдануға болады.
23-ән (200) және соңғы дұға.
31 қаңтардан басталатын апта
13-ән (124)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаңтар айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал. 8-беттегі кеңесті қолданып (егер жергілікті аумақта тиімді болса), 1 қаңтардағы “Күзет мұнарасын” қалай ұсынуға болатынын көрсететін көрініс ұйымдастыр. Тиімді болып жүрген басқа да ұсыныстарды көрсетуге болады. Бір көріністе журналды Куәгер емес туысымызға қалай ұсынуға болатыны көрсетілсін.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. Киелі жазбаларды күнделікті зерттеп жүрсің бе? 2005 жылғы “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” (ор.) брошюрасының алғы сөзіне негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Жазба орны мен түсініктемені қарастыру үшін неге күнделікті бірнеше минут бөлу керек екенін талқыла. Күнделікті тармақты қарастыруға қалай уақыт тауып жүргендері және мұның қандай пайдасын көріп жүргендері туралы айтып беру үшін алдын ала бір-екі жариялаушымен келіс. Соңында 2005 жылға арналған тармақты қысқаша қарастыр.
5-ән (46) және соңғы дұға.
7 ақпаннан басталатын апта
23-ән (200)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. Жаңа шәкірттерге Құдайды және маңайындағы адамды сүюді үйретіңдер. 2004 жылғы 1 шілдедегі “Күзет мұнарасының” 26-бетіндегі 7—9 абзацтарға негізделген баяндама. Қауымның әрбір мүшесі жаңадан келгендерге Мәсіхтің шәкірті болуға қалай көмектесе алатынына ерекше көңіл бөл.
20 мин. Әділдің қамын Жаратқан ойлайды (Заб. 1:6). Сынақтарда адалдықтарын сақтаған бірнеше бауырласпен сұхбат. Олар қандай қиыншылықтарға кезікті? Төтеп беруге не көмектесті? Қандай баталарға ие болды?
26-ән (212) және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.