Киелі кітапты зерттеу сабағын нәтижелі өткіземіз. 4-бөлім.
Дайындалуды үйретейік
1 Егер адам алдын ала сабақты оқып, жауаптардың астын сызып және қалай өз сөзімен жауап беруге болатынын ойластыратын болса, тез арада рухани қадамдар жасайды. Сондықтан біреумен жүйелі түрде зерттеу сабағы өткізілетін болса, бір сабаққа бірге дайындалып, қалай дайындалуға болатынын көрсет. Киелі кітапты зерттеп жүргендердің көбісімен толықтай бір тарауды немесе сабақты бірге дайындаған дұрыс болар еді.
2 Астын сызу және жазып қою. Келтірілген сұрақтарға тікелей жауаптарды қалай табуға болатынын түсіндір. Негізгі сөздер немесе ойлардың асты сызылған зерттеуге арналған өз басылымыңды көрсет. Сонда ол саған еліктеп, жауапты есіне түсіруге көмектесетін ойлардың ғана астын сызып қойғысы келер (Лұқ. 6:40). Сосын одан өз сөзімен жауап беруін сұра. Бұл оның мәліметті қаншалықты анық түсінгенін көруіне көмектеседі.
3 Дайындық барысында үзіндісі келтірілмеген Жазба орындарын мұқият қарастыру өте маңызды (Ел. іс. 17:11). Адамға осындай тармақтардың әрбірі абзацтағы ойды растау үшін келтірілетінін көре білуіне көмектес. Басылымның жиегіне қалай қысқаша жазып қоюға болатынын көрсет. Үйреніп жатқандарының бәрі Киелі кітапқа негізделгеніне ерекше назар аудар. Жауап бергенде үзіндісі келтірілмеген Жазба орындарын мүмкіндігінше жиі қолдануға талпындыр.
4 Қысқаша шолу және қайталау. Талқылауға арналған мәліметті жан-жақты қарастырмас бұрын, бүкіл тақырыпқа қысқаша шолу жасаған дұрыс. Ол үшін тараудың атауы, тақырыпшалар мен суреттерді қысқаша қарастыруға болатынын көрсет. Дайындықтың соңында сабақтың негізгі ойларын қайталап шыққан дұрыс екенін түсіндір. Мұны егерде қайталауға арналған қоршау келтірілген болса, соның көмегімен істерсің. Осындай қайталау мәліметті есте сақтауға көмектеседі.
5 Киелі кітапты зерттеп жүрген адамды сабаққа жақсылап дайындалуға үйрететін болсақ, бұл оның қауым кездесулерінде мағыналы түсініктемелер беруіне көмектеседі. Бұл сондай-ақ онымен зерттеу сабағын біткен соң да, Киелі кітапты зерттеуге дағдылануына ықпал етіп, әрі ол мұның пайдасын әрі қарай да көре беретін болады.