Сенің көмегің қажет
1 “Біздер үшін істеп жатқандарыңның бәріне көп рақмет. Сендердің көмектерің өте зор”. Осы сөздер ақсақалдар мен қызмет көмекшілеріне деген ризашылығымызды жақсы көрсетеді. Құдайдың ұйымы күннен-күнге ұлғайып жатқандықтан, дүние жүзіндегі 100 000-ға жуық қауымда қызмет ететін толысқан ер адамдарға деген қажеттілік те үнемі артуда. Егер шомылдыру рәсімінен өткен бауырлас болсаң, сенің көмегің қажет.
2 Артықшылықтарға ‘ынталан’. Қызметтегі артықшылықтарға қалай ынталануға болады? (1 Тім. 3:1). Ең бастысы, өмірдің барлық саласында үлгілі бол (1 Тім. 4:12; Тит. 2:6—8; 1 Пет. 5:3). Уағыздау қызметіңді “толықтай орында”, өзгелерді де солай етуге талпындыр (2 Тім. 4:5, ЖД). Шын жүректен бауырластардың игілігін ойла (Рим. 12:13). Құдай Сөзін бар ықыласыңмен зертте, әрі “тәлім беру шеберлігіңді” жақсартуға тырыс (Тит. 1:9, ЖД; 1 Тім. 4:13). Ақсақалдар жүктеген кез келген тапсырманы бар ынта-жігеріңді салып орында (1 Тім. 3:10). Ал отағасы болсаң, ‘отбасына жақсы басшылық етуге’ тырыс (1 Тім. 3:4, 5, 12).
3 Қызмет көмекшісі не ақсақал ретінде қызмет ету үшін ынтамен еңбек етіп, жанқиярлық рух таныту қажет (1 Тім. 5:17). Сондықтан өзгелерге кішіпейілділікпен қызмет етуге ерекше көңіл бөл (Мат. 20:25—28; Жох. 13:3—5, 12—17). Тімотенің танытқан рухы жайлы ой жүгіртіп, соған еліктеуге талпын (Філіп. 2:20—22). Оған ұқсап, үлгілі жүріс-тұрысыңмен әр түрлі міндеттерді атқаруға лайық екеніңді көрсет (Ел. іс. 16:1, 2). Қауымда қосымша жауапкершіліктер алу үшін қажетті қасиеттерді дамытып, әрі рухани өсуге көмектесетін кеңестерді дайындықпен қабылдайтын болсаң, ‘бәрі де сенің алға басқаныңды көре алады’ (1 Тім. 4:15).
4 Ата-аналар, балаларыңа көмектесіңдер. Балаларға жастайынан-ақ өзгелерге көмектесуді үйретуге болады. Оларды қауым кездесулерінде мұқият болуға, уағыздауға әрі Патшалық Сарайы мен мектепте үлгілі болуға үйретіңдер. Сондай-ақ Патшалық Сарайын тазалау, егде жастағыларға қол ұшын беру мен басқа да істерге атсалысып, өзгелерге қуанышпен қызмет етуге үйретіңдер. Беруден келетін бақытты сезінулеріне көмектесіңдер (Ел. іс. 20:35). Осылай үйрете отырып, оларға келешекте ізашарлар, қызмет көмекшілері мен ақсақалдар ретінде қызмет етулеріне көмектесесіңдер.