Қол ұшын бере аласың ба?
1 Ехоба адал қызметшілеріне үнемі қол ұшын берудің мүмкіндіктерін іздестіреді (2 Шеж. 16:9; Иш. 41:10, 13). Оны қайырымды бақташымен салыстыра отырып, Ишая: “Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: “қозыларын” қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, “саулықтарын” жайлап алға бастап жүреді”— деп жазған (Иш. 40:11). Ехобаның сүйіспеншілікке толы қамқорлығына қалай еліктей алатынымызды қарастырайық.
2 Жаңадан келгендерге қол ұшын берейік. Жаңадан келгендерге ерекше көңіл қоя отырып, оларға қол ұшын бере аламыз (Нақ. с. 13:20). Қауымға келгелі бері басқалардың қалай қолғабыс еткенін еске түсіріп бір бауырлас былай деді: “Бір отбасы мені өздерінің отбасылық зерттеуіне бірнеше рет шақырған еді. Басқа бір жас ерлі-зайыпты ізашарлар рухани өсіп жатқан кезімде қолдау көрсетіп, күні бойы қызмет етуге шақырып тұратын. Біз әрқашан керемет рухани тақырыптарға әңгімелесетінбіз”. Ол тағы былай деп қосты: “Мәсіхші болмай тұрып жұма, сенбі күндері түнделетіп қыдырып, сауық-сайран құратын әдетім болған. Бірақ шынайы қанағатты бауырластармен бірге өткізген уақытта сезінетін болдым”. Қауым мүшелерінің сүйіспеншілікпен қамқорлық көрсеткені бауырластың рухани терең тамыр жайып, сенімін мықтап ұстануға көмектесті. Қазір ол Бетелде қызмет атқаруда (Қол. 2:6, 7).
3 Бір-бірімізді нығайтайық. Бауырластар қиыншылықтарға тап болғанда оларға қол ұшымызды беру мүмкіндігі бар. Науқас бауырласты сымтетік арқылы куәлік беруге немесе бірге Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізуге, мүмкін тіпті оның үйіне Киелі кітапты зерттеп жүрген адамды ертіп келіп өткізе алар ма едің? Кішкентай баласы бар ата-анаға уағыздау қызметіне шығу үшін қолғабыс ете алар ма едің? Қайта оралып баруға немесе қызметтің басқа да түрлерінде көмегіңді қуана-қуана қабыл алатын жасқаншақ бауырластарды білесің бе? Бауырластардың қамын ойлағанымыз оларды нығайтудың, яғни рухани өсуіне көмектесудің мүмкіндіктерін іздестіруге талпындырады (Рим. 14:19).
4 Өз қызметшілеріне мейіріммен қамқорлық жасайтын Ехобаға еліктеудің арқасында бір-бірімізді нығайтамыз, қауымдағы сүйіспеншіліктің дамуына ықпал етеміз әрі көктегі Әкемізді мадақтаймыз (Ефес. 4:16).