Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 11.04. 1-б.
  • Уақыттың тығыз екенін ұмытпа!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Уақыттың тығыз екенін ұмытпа!
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2004
  • Ұқсас мәлімет
  • Уақыттың аз қалғанын есте ұста!
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Уағыздауды уақыт күттірмейтін іс деп қарастыруға не көмектеседі?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Уағыздау қызметін кейінге қалдырмай атқарайық!
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Шынайы ғибадаттың құлшынысты қорғаушысы бол!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2004
km 11.04. 1-б.

Уақыттың тығыз екенін ұмытпа!

1 Иса Әкесінің тапсырған ісін аяқтау үшін жердегі уақытының шектеулі екенін түсінген (Жох. 9:4). Сол себептен ол қызметін уақыттың тығыз екенін ескеріп орындаған, әрі шәкірттерін солай етуге талпындырған (Лұқ. 4:42—44; 8:1; 10:2—4). Дүние-мүліктің беретін игіліктері оның өмірінде бірінші орында тұрмаған (Мат. 8:20). Сондықтан ол Ехоба тапсырған істі толығымен аяқтады (Жох. 17:4).

2 Уақыт шектеулі. Ізгі хабарды “күллі әлемге” уағыздау ісіне берілген уақыт та шектеулі (Мат. 24:14). Киелі кітап пайғамбарлықтары бұл дүниенің ақыры таяп қалғандығын көрсетеді. Жақын арада ‘Ізгі хабарға құлақ аспай, Құдайды танымай жүргендер... шексіз қасірет шегетін болады [“мәңгі өлім жазасына кесіледі”, ЖД]” (2 Сал. 1:6—9). Бұл аяқ астынан басталады (Лұқ. 21:34, 35; 1 Сал. 5:2, 3). Адамдар қауіп төніп тұрғанын түсіну қажет. Әлі де уақыт барда оларға Ехобаның ықыласына ие болу үшін көмектесуге міндеттіміз (Соф. 2:2, 3).

3 Қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. “Осы заманның ақыры таяп қалды”, сол себептен Құдай қызметшілері уақыттың аз екенін түсіне отырып уағыздау ісін өмірлерінде бірінші орынға қояды (1 Қор. 7:29—31; Мат. 6:33). Кейбіреулер қызметке көп уақыт бөлу үшін өз еркімен материалдық жағдайды жақсартатын мүмкіндіктерден немесе басқа да жеке мүдделерінен бас тартты (Мар. 10:29, 30). Басқалары ауыр сынақтарға қарамастан ‘Иеміздің ісін әрдайым молынан істеуде’ (1 Қор. 15:58). Көптеген бауырластар ондаған жылдар бойы ізгі хабарды ‘жұрт алдында айнымастан жариялауда’ (Ев. 10:23, ЖД). Патшалықтың мүддесі үшін жасалған мұндай құрбандықтар Ехоба үшін өте бағалы (Ев. 6:10).

4 Ехобаға ғибадат ету, оған уағыздау ісі де жатады, өмірімізде басты орында тұрса, бұл Ехобаның күнін есімізде берік ұстауға және Шайтанның дүниесіне алданбауға көмектеседі, жүріс-тұрысымызды қасиетті етіп сақтауға деген шешімімізді нығайта түседі (2 Пет. 3:11—14). Иә, қызметімізді уақыттың тығыз екенін ұмытпай орындағанымыз өзімізді де, тыңдаушыларды да аман сақтайды (1 Тім. 4:16).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу