Хабарландырулар
◼ Қазанның 1—17 дейін “Күзет мұнарасы” журналын ұсыну. Қызығушылық білдіргендерге “Құдай талап етеді” брошюрасын ұсынып, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар. 18 қазаннан 14 қарашаға дейін “Сергек болыңдар!” брошюрасын таратуға арналған науқан. Қарашаның 15—30 дейін “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым”. Егерде баламыз жоқ десе, “Құдай талап етеді” брошюрасын ұсыныңдар. Брошюраны қолданғанда, үй жағдайында Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Желтоқсанда “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабы. “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” кітабын да ұсынуға болады. Қаңтарда қауымда бар 192 беттік кез келген кітаптар.
◼ Филиал әдебиетке байланысты жариялаушылардың жеке тапсырыстарын орындамайды. Сол себепті төрағалық етуші бақылаушы әр ай сайын әдебиетке берілетін тапсырысты филиалға жөнелтпес бұрын хабарландыру жасалып, барлығы әдебиетке жауапты бауырласқа жеке тапсырыстарын бере алулары үшін алдын ала қам жасау керек. Қандай әдебиеттерге арнайы тапсырыс берілу керек екендігін ұмытпауларыңды сұраймыз.
◼ “Біздің Патшалық қызметіміздің” қосымшасында “Теократиялық қызмет мектебінің 2005 жылға арналған бағдарламасы” бар. Оны 2005 жыл бойы қолдану үшін сақтап қою керек.