Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2004 жылдың 25 қазаннан басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2004 жылдың 6 қыркүйектен басталатын аптасы мен 25 қазаннан басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. [Ескеретін жай: егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек (“Қызмет мектебі” оқулығын қара, 36, 37-беттер ор.)]
№1-ТАПСЫРМА
1. Сұрақтарға жауап бер. Топан суға дейінгі қандай жайттардың әсерінен адамдар үшін айналасындағының барлығының жойылуына сену қиын болды? (w02 1.5. 5, 6-бет).
2. Неге замандастары Исаны “Емші” емес, “Ұстаз” деп атады? (Лұқа 3:12; 7:40) (w02 1.7. 3-бет, 3-абз., 4-бет, 6-абз.).
3. Уағыздау қызметіне толықтай қатысу қаншалықты маңызды екенін Нақыл сөздер 11:24, 25 қалай көрсетеді? (w02 15.7. 30-бет, 2—4 абз., ор.).
4. Едемде болған бүлік құлықтылыққа байланысты қандай сұрақ көтерді және оның нәтижесі қандай болды? (Жар. 3:1—6) (w02 1.12. 6-бет, 1—3 абз.).
5. Иерусалимде шынайы ғибадаттың қалпына келтірілген уақытын қалай есептеуге болады? (bsi04 5-абз.).
АПТА САЙЫНҒЫ КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
6. Сұрақтарға жауап бер. Ехоба өз халқының мадақтауға арналған әуендерін тыңдағанын әрі олар оның жүрегін қуантқанын 2 Шежірелер 5:13, 14-тегі қандай жайт көрсетіп отыр? (w94 1.5. 10-бет, 7-абз., ор.).
7. Яһуди патшасы Ұзияхпен болған жайттан бойымыздағы жақсы қасиеттер жайлы қандай маңызды сабақ алуымызға болады? (2 Шеж. 26:15—21) (w99 1.12. 26-бет, 1, 2-абз., ор.).
8. Иерусалимдегі су қорын көбейтуге және қорғауға Езекияның қанша күш жұмсағанынан қандай сабақ алуға болады? (2 Шеж. 32:3, 4) (w96 15.8. 6-бет, 1, 2-абз., ор.).
9. Жосияның үлгісі жастарды Құдайға қызмет етуге және жалған ғибадатқа қарсы тұруға қалай талпындыруы мүмкін? (2 Шеж. 34:3, 8, 33) (w90 1.8. 5-бет, 2-абз., ор.; w01 1.5. 13-бет, 9-абз.).
10. Забур 2:1-де жазылғандай халықтар қандай “іске аспайтын жоспар құрып” жатыр? (w87 15.1. 22-бет, 5-абз., ор.; w04 1.8. 13, 14-бет, 5, 6-абз.).
11. Дұрыс не дұрыс емес. Шұшақтың Яһудеяға басып кіргені мен “Жаратқан Иенің ғибадатханасының және патша сарайының қазыналарын” тонағаны — археология растайтын оқиға (2 Шеж. 12:9) (ce 212-бет, 31-абз., ор.).
12. Егер Ехоба Куәгерлерінің бірі Еске алу кешіне қатыса алмайтын болса, ол бұл оқиғаны 30 күннен кейін атап өту керек (2 Шеж. 30:2) (w85 15.2. 20-бет, ор.; w93 1.2. 31-бет, ор.).
13. 2 Шежірелер кітабының соңғы тармақтары Яһуданың толық жойылуынан б. з. б. 537 жылы шынайы ғибадаттың қалпына келтірілгеніне дейін толық 70 жыл санау керектігін растайды (bsi04 6-абз.).
14. Забур 21:2 Дәуіт қысым көргенде уақытша сенімінен айырылғанын көрсетеді (w87 15.1. 22-бет, 19-абз., ор.).