Теократиялық қызмет мектебінің 2005 жылға арналған бағдарламасы
Нұсқаулар
2005 жылы Теократиялық қызмет мектебін өткізу үшін келесі шаралар қарастырылған.
МӘЛІМЕТ КӨЗДЕРІ: Киелі кітап, “Күзет мұнарасы” [w], “Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз” [be], “Киелі жазбалардың бәрі” сенім артуға тұрарлық әрі тиімді” [bsi05], “Тарихтағы ең ұлы адам” [gt] және “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” [kl], “Күзет мұнарасының” 2003 жылғы ағылшынша басылымынан алынған талқылауға арналған мақалалар” [br1].
Мектеп әнмен, дұғамен және сәлемдесумен УАҚТЫЛЫ басталу керек. Осыдан соң:
САБАҚ. 5 минут. Мектеп бақылаушысы, тәлім беруге арналған баяндамашыларға кеңес беретін бауырлас немесе басқа бір қабілетті ақсақал “Қызмет мектебі” кітабына негізделіп, шешендік өнердің бір қырын қарастыратын баяндама айтады. (Қауымда ақсақал аз болса, баяндаманы қабілетті қызмет көмекшісіне тапсыруға болады.) Егер басқаша көрсетілмесе, нұсқалған беттердегі қоршаулардағы мәліметті талқылап өту керек. Жаттығуларды талқылаудың қажеті жоқ. Олар жеке жаттығу және оңашада кеңес беруге арналған.
№ 1-ТАПСЫРМА. 10 минут. Қауым ақсақалы не қызмет көмекшісінің баяндамасы. Бұл баяндама “Күзет мұнарасындағы”, “Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз” кітабындағы немесе “Киелі жазбалардың бәрі” сенім артуға тұрарлық әрі тиімді” брошюрасындағы мәліметке негізделеді. Ол тәлім беруге арналған 10 минуттық баяндама ретінде айтылады, соңынан ауызша қайталанбайды. Баяндаманы айтып қоя салу жеткіліксіз. Әсіресе мәліметтегі қауымға пайдалы ойларды қарастыра отырып, өмірде қолданарлық құнды жақтарына баса көңіл аудару маңызды. Тапсырма бағдарламада көрсетілген тақырыпқа негізделу керек. Бұл тапсырмамен шығатын бауырластар баяндаманы берілген уақыттан асырмаулары керек. Қажет деп саналса, баяндамашыға оңаша кеңес беруге болады.
КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КӨҢІЛ БҰРАРЛЫҚ ТҰСТАРЫ. 10 минут. Алғашқы алты минутта қабілетті ақсақал немесе қызмет көмекшісі берілген мәліметті жергілікті қажеттіліктерді ескере отырып жеткізеді. Ол Киелі кітаптың сол аптада оқуға берілген тарауларының кез келген бөлігіне түсініктеме беруіне болады. Бұл оқуға берілген тармақтарды қорытындылау ғана болмау керек. Негізгі мақсат — тыңдаушыларға бұл мәліметтің неге және қандай пайдасы бар екендігін түсіндіру. Баяндамашы алғашқы бөлігінің алты минуттан асып кетпеуін мұқият қадағалау керек. Қалған төрт минутты ол міндетті түрде тыңдаушылардың өз ойларын айтуына бөлу керек. Олар Киелі кітаптан оқыған тармақтарынан өздеріне қызықты да пайдалы болған ойларды қысқаша (30 секундтан асырмай) айтып беруге шақырылады. Сонан соң Мектеп бақылаушысы оқушыларды әр түрлі сыныпқа жібереді.
№ 2-ТАПСЫРМА. 4 минут. Оқуға арналған бұл тапсырма ер бауырласқа беріледі. Мұнда әдетте Киелі кітаптың көрсетілген тармақтары оқылады. Ал айына бір рет мәлімет “Күзет мұнарасынан” алынады. Оқушы берілген мәліметті алғы сөз де, қорытынды да жасамай оқып шығады. Әр аптада берілген мәліметтің көлемі бірдей болмауы мүмкін, бірақ тапсырма төрт минуттан аспау керек. Мектеп бақылаушысы оқушының жасын, қабілетін ескере отырып, тағайындау үшін тапсырманың көлемін алдын ала анықтау керек. Мектеп бақылаушысы оқушыға түсінікті де жатық, интонацияны өзгертіп, дұрыс кідіріс жасап, логикалық екпін түсіріп және табиғи етіп оқуды үйренуге көмектеседі.
№ 3-ТАПСЫРМА. 5 минут. Бұл тапсырма әйел бауырласқа беріледі. Бұл тапсырмамен шығатын оқушыларға шартты жағдай тапсырылады немесе оны “Қызмет мектебі” оқулығының 82-бетінде берілген тізімнен өздері таңдайды. Бауырласымыз берілген тақырыпты дайындап, әдетте жергілікті аумақта кездесетін жағдайды таңдауға және қолдануға тиімді болатындай етіп жеткізуге тырысу керек. Егер ешқандай мәлімет көзі берілмеген болса, оқушы материалдарды адал да ақылды құл басып шығарған әдебиеттерден тауып дайындайды. Жаңа оқушыға мәлімет көзі көрсетілген тапсырма беріледі. Мектеп бақылаушысы оқушының мәліметті тыңдаушысына қалай жеткізгеніне және Жазба орындары мен талқыланып жатқан тақырыптағы негізгі ойлардың үстінен ой жүгіртуге қалай көмектескеніне баса көңіл аударады. Бұл тапсырманы орындайтын бауырлас оқи білу керек. Мектеп бақылаушысы оған көмекші тағайындайды.
№ 4-ТАПСЫРМА. 5 минут. Оқушы берілген тақырыпты дайындау керек. Егер мәлімет көзі көрсетілмесе, оны адал да ақылды құлдың берген әдебиеттерінен тауып дайындайды. Бұл тапсырманы ер бауырлас орындаған жағдайда, Патшалық Сарайындағы тыңдаушыларға арналған баяндама ретінде айтып жеткізеді. Ал, әйел бауырлас болған жағдайда, әрқашан № 3-ші тапсырмадағыдай орындалу керек. Мектеп бақылаушысы орынды деп есептесе, № 4-тапсырманы ер бауырласқа тапсыруына болады.
РЕГЛАМЕНТ. Баяндама да, берілетін кеңес те көрсетілген уақытынан аспау керек. Екінші, үшінші, төртінші тапсырмаларды орындаушылар берілген уақытынан асып бара жатса, оларды ізетпен тоқтатуға болады. Егер шешендік өнерге қатысты баяндаманы, № 1-ші тапсырманы немесе Киелі кітаптың көңіл бұрарлық тұстарын айтуға шыққан бауырластар берілген уақыттан асырып жіберсе, оларға оңашада кеңес беріледі. Барлығы да белгіленген уақытты мұқият қадағалаулары керек. Бүкіл бағдарлама уақыты — ән мен дұғаны қоспағанда — 45 минут.
КЕҢЕС. 1 минут. Мектеп бақылаушысы әрбір оқушы тапсырмасын орындағаннан кейін, бір минуттан асырмай мақтауға тұратын жақтарына көңіл бөледі. Ол “Мына жері жақсы болды” деп қоя салмай, неліктен жақсы болғанын тыңдаушыларға түсіндіруі қажет. Қосымша кеңестерді, әрбір оқушының қажеттілігіне сай кездесудің соңында не өзге уақытта оңашада беруге болады.
ТӘЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН БАЯНДАМАЛАР МЕН КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КӨҢІЛ БҰРАРЛЫҚ ТҰСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС. Мүмкін болса, ақсақалдар кеңесі қабілетті ақсақалдың бірін таңдап алып, оған № 1-ші тапсырмамен шығатын және Киелі кітаптың көңіл бұрарлық тұстарын айтатын бауырластарға қажет кезінде кеңес беріп отыруды тапсырады. Егер қауымда ақсақалдар жеткілікті болса, кеңес беріп отыру үшін жыл сайын басқа ақсақалды тағайындауға болады. Ақсақалдар мен қызмет көмекшілеріне әрбір тапсырмадан соң, міндетті түрде кеңес беру қажет емес. Бұл тәртіп 2005 жыл бойына белгіленген, ал келешекте өзгерістер болуы мүмкін.
КЕҢЕС БЛАНКІ. Кітапта берілген.
АУЫЗША ҚАЙТАЛАУ. 30 минут. Мектеп бақылаушысы әр екі ай сайын ауызша қайталау жүргізеді. Мұның алдында, жоғарыда көрсетілгендей, САБАҚ пен Киелі кітаптың көңіл бұрарлық тұстары айтылады. Бұл ауызша қайталау сол аптаны қоса алғанда, соңғы екі айда өткен мәліметке негізделеді. Егер ауызша қайталау өткізілетін аптада қауымдарыңа аудандық бақылаушы келетін немесе аудандық конгреске қатысатын болсаңдар, “Біздің Патшалық қызметіміздегі” (ор.) 2003 жылғы желтоқсан айында берілген нұсқауларды ұстаныңдар.
БАҒДАРЛАМА
3 қаңт. Киелі кітапты оқу. Ишая 41—44 12-ән (113)
Сабақ. Теократиялық қызмет мектебіне қош келіпсіздер!
№ 1 Құдай Сөзін оқудан қуаныш ал (be 9-бет, 1-абз. — 10-бет, 1-абз.)
№ 2 Ишая 41:1—20
№ 3 gt 28-тарау
№ 4 Адамның бай не кедей болғаны шынымен Құдайшыл екенінің белгісі ме?
10 қаңт. Киелі кітапты оқу. Ишая 45—49 5-ән (46)
Сабақ. Киелі кітапты күнделікті оқы (be 10-бет, 2-абз. — 12-бет, 4-абз.)
№ 1 “Қалай тыңдайтындарыңа назар аударыңдар!” (be 13-бет, 1-абз. — 14-бет, 5-абз.)
№ 2 Ишая 48:1—22
№ 3 Не дәлелденді? (kl 76, 77-бет, 16—19 абз.)
№ 4 Исаға ғибадат ету дұрыс па?
17 қаңт. Киелі кітапты оқу. Ишая 50—55 25-ән (204)
Сабақ. Сауатты оқу (be 83-бет, 1—5 абз.)
№ 1 Баяндама тыңдау, талқылау барысында тыңдау және конгрестерде тыңдау (be 15-бет, 1-абз. — 16-бет, 5-абз.)
№ 2 Ишая 52:1—15
№ 3 gt 29-тарау
№ 4 Зиянды бейнеклиптерден өзіңді қалай қорғай аласың?
24 қаңт. Киелі кітапты оқу. Ишая 56—61 9-ән (37)
Сабақ. Сауатты оқуды үйрену (be 84-бет, 1-абз. — 85-бет, 3-абз.)
№ 1. “Құдайдан қорқып, оның өсиеттерін орында” (be 272-бет, 1-абз. — 275-бет, 2-абз.)
№ 2 Ишая 58:1—14
№ 3 Киелі кітап ерік бостандығымызға қалай әсер ету керек?
№ 4 Сен не істейсің? (kl 78, 79-бет, 20—23 абз.)
31 қаңт. Киелі кітапты оқу. Ишая 62—66 17-ән (187)
Сабақ. Анық сөйлеу (be 86-бет, 1—6 абз.)
№ 1. ‘Иса туралы куәлік етеміз’ (be 275-бет, 3-абз. — 278-бет, 4-абз.)
№ 2 w03 1.5. 14, 15-бет, 16—18 абз.
№ 3 gt 30-тарау
№ 4 Дүниеқұмарлық тек дүние-мүлікке ие болуды ғана білдірмейді
7 ақп. Киелі кітапты оқу. Жүніс 1—4, Матай 1, 2 9-ән (37)
Сабақ. Анық сөйлеуді үйрену (be 87-бет, 1-абз. — 88-бет, 2-абз.)
№ 1 “Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар” (be 279-бет, 1-абз. — 281-бет, 4-абз.)
№ 2 Матай 2:1—23
№ 3 Ехоба Куәгерлерін не біріктіреді?
№ 4 Өмірден өткен сүйіктілермен не болады? (kl 80, 82-бет, 1—6 абз.)
14 ақп. Киелі кітапты оқу. Матай 3—6 1-ән (13)
Сабақ. Сөздерді дұрыс айту. Ескеретін нәрселер (be 89-бет, 1-абз. — 90-бет, 3-абз.)
№ 1 Есте сақтау қабілетіңді жақсарта аласың (be 17-бет, 1-абз. — 19-бет, 1-абз.)
№ 2 Матай 6:1—21
№ 3 gt 31-тарау
№ 4 Гипноз мәсіхшілер үшін емес
21 ақп. Киелі кітапты оқу. Матай 7—10 24-ән (185)
Сабақ. Сөздерді дұрыс айтуды үйрену (be 90-бет, 4-абз. — 92-бет)
№ 1 Есте сақтаудағы Құдай рухының рөлі (be 19-бет, 2-абз. — 20-бет, 3-абз.)
№ 2 w03 1.5. 26, 27-бет, 18—21 абз.
№ 3 “Қайтып топыраққа айналасың” (kl 82, 83-бет, 7—10 абз.)
№ 4 ‘Құдайдың терең ой-мақсаттарына’ не жатады? (1 Қор. 2:10)
28 ақп. Киелі кітапты оқу. Матай 11—13 28-ән (224)
Сабақ. Жатық сөйлеу (be 93-бет, 1-абз. — 94-бет, 3-абз.)
Ауызша қайталау
7 наур. Киелі кітапты оқу. Матай 14—17 5-ән (46)
Сабақ. Жатық сөйлеп үйрену (be 94-бет, 4-абз. — 96-бет, 2-абз., 95-бетіндегі қоршаусыз)
№ 1 Неге оқуға көңіл бөлу керек? (be 21-бет, 1-абз. — 23-бет, 3-абз.)
№ 2 Матай 14:13—36
№ 3 gt 32-тарау
№ 4 Шынайы мәсіхшілер жұлдызнамаларға жүгінбейді
14 наур. Киелі кітапты оқу. Матай 18—22 14-ән (117)
Сабақ. Кекештікпен күресу (be 95-бет, қоршау)
№ 1 Оқуға көңіл бөлу (be 23-бет, 4-абз. — 26-бет, 4-абз.)
№ 2 Матай 21:1—22
№ 3 “Ұйықтап жатыр” (kl 83, 84-бет, 11—14 абз.)
№ 4 Ехобамен достығымызды нығайтудың жолдары
21 наур. Киелі кітапты оқу. Матай 23—25 4-ән (43)
Сабақ. Тыныс белгілеріндегі және басқа ойға өткендегі кідіріс (be 97-бет, 1-абз. — 98-бет, 5-абз.)
№ 1 Зерттеу жүргізу (be 27-бет, 1-абз. — 31-бет, 2-абз.)
№ 2 Матай 24:1—28
№ 3 Мәсіхшілер Куәгер емес жақын туысқандарына
қалай қарау керек?
№ 4 gt 33-тарау
28 наур. Киелі кітапты оқу. Матай 26—28 18-ән (162)
Сабақ. Ойларға айрықша назар аудару үшін және тыңдау үшін жасалатын кідіріс (be 99-бет, 1-абз. — 100-бет, 4-абз.)
№ 1 Жемісті болатын зерттеу (be 31-бет, 3-абз. — 32-бет, 4-абз.)
№ 2 w03 1.6. 12, 13-бет, 17—21 абз.
№ 3 Мәсіхшілер тиісті алым-салықты төлеп тұрады
№ 4 “Қабірдегілердің бәрі” (kl 85—87 бет, 15—18 абз.)
4 сәу. Киелі кітапты оқу. Марқа 1—4 25-ән (204)
Сабақ. Логикалық екпінді дұрыс түсіру (be 101-бет, 1-абз. — 102-бет, 4-абз.)
№ 1 Киелі кітапты қолданып, іздену (be 33-бет, 1-абз. — 35-бет, 2-абз.)
№ 2 Марқа 1:14—45
№ 3 gt 34-тарау
№ 4 Іс-әрекеттеріміздің салдары жайлы ой жүгірткеніміз жақсылықты сүюге және жамандықты жек көруге көмектеседі
11 сәу. Киелі кітапты оқу. Марқа 5—7 17-ән (187)
Сабақ. Логикалық екпінді дұрыс түсіруді үйрену (be 102-бет, 5-абз. — 104-бет, 4-абз.)
№ 1 Өзге құралдарды пайдалануды үйрену (be 35-бет, 3-абз. — 38-бет, 4-абз.)
№ 2 Марқа 6:30—56
№ 3 Неге шынайы қарапайымдылық тартымды қасиет?
№ 4 Қайта тірілгендер қайда өмір сүреді? (kl 88, 89-бет, 19—22 абз.)
18 сәу. Киелі кітапты оқу. Марқа 8—10 14-ән (117)
Сабақ. Негізгі ойларға айрықша назар аударып оқу (be 105-бет, 1-абз. — 106-бет, 1-абз.)
№ 1 Ехобаға шын жүрегіңмен сенім арт (w03 1.11. 4—7 бет.)
№ 2 w03 1.7. 25, 26-бет, 11—14 абз.
№ 3 gt 35-тарау (кіріспе)
№ 4 Ыбырайыммен келісім не үшін жасалды?
25 сәу. Киелі кітапты оқу. Марқа 11—13 7-ән (51)
Сабақ. Дауыс қаттылығын тыңдаушыларға бейімдеу
Ауызша қайталау
2 мам. Киелі кітапты оқу. Марқа 14—16 20-ән (93)
Сабақ. Дауыс қаттылығын дұрыстау (be 109-бет, 1-абз. — 110-бет, 2-абз.)
№ 1 ‘Иеміз шынында да қайта тірілді!’ (w01 1.6. 4—7 бет.)
№ 2 Марқа 14:1—26
№ 3 Құдай Патшалығы басқаруда (kl 90—92 бет, 1—7 абз.)
№ 4 Шыншыл болудың пайдасы көп
9 мам. Киелі кітапты оқу. Лұқа 1—3 1-ән (13)
Сабақ. Интонацияның өзгеруі. Дауыс қаттылығын өзгертіп отыр (be 111-бет, 1-абз. — 112-бет, 2-абз.)
№ 1 Спиртті ішімдіктерге байланысты қиыншылықтар. Ақсақалдар қалай көмектесе алады? (w01 1.6. 29—32 бет.)
№ 2 Лұқа 1:1—25
№ 3 Заң келісімі не үшін қажет болды?
№ 4 gt 35-тарау “Кім шын мәнінде бақытты?”
16 мам. Киелі кітапты оқу. Лұқа 4—6 28-ән (224)
Сабақ. Интонацияның өзгеруі. Сөйлеу қарқынын өзгертіп отыр (be 112-бет, 3—6 абз.)
№ 1 Қарт бауырластарды бағалайсың ба? (w03 1.9. 30, 31-бет, ор.)
№ 2 Лұқа 5:1—25
№ 3 Құдай Патшалығы шын мәнінде бар (kl 92—95 бет, 8—13 абз.)
№ 4 Қай мағынада Құдай Сөзі тірі? (Ев. 4:12)
23 мам. Киелі кітапты оқу. Лұқа 7—9 10-ән (82)
Сабақ. Интонацияның өзгеруі. Дауыс сарынын өзгертіп отыр (be 113-бет, 1-абз. — 114-бет, 2-абз.)
№ 1 Нұхтың жазбасы. Біз үшін мәні бар ма? (w03 1.8. 4—7 бет.)
№ 2 Лұқа 8:1—25
№ 3 Жохан 11:25, 26-дағы сөздерді қалай түсінуге болады?
№ 4 gt 35-тарау “Оның ізбасарларына арналған жоғары талаптар”
30 мам. Киелі кітапты оқу. Лұқа 10, 11 6-ән (45)
Сабақ. Сезіммен сөйле (be 115-бет, 1-абз. — 116-бет, 4-абз.)
№ 1 Жағымсыз сезімдерден арылу (w01 1.7. 25, 26-бет.)
№ 2 w03 1.8. 14, 15-бет, 8—11 абз.
№ 3 Құдай Патшалығына қатысты кейбір маңызды оқиғалар
(kl 94-бет, қоршау)
№ 4 Кішіпейілділік — әлсіздік емес
6 маус. Киелі кітапты оқу. Лұқа 12—14 21-ән (191)
Сабақ. Шабыттану материалдың мазмұнына сай болу керек
№ 1 Жөнге салудың мақсаты қандай? (w03 1.10. 20-бет, 1-абз. — 21-бет, 5-абз., ор.)
№ 2 Лұқа 14:1—24
№ 3 Мәсіхшілер қалай Құдайдың тыныштығына кіре алады?
№ 4 gt 35-тарау “Дұға және Құдайға сенім арту”
13 маус. Киелі кітапты оқу. Лұқа 15—18 23-ән (200)
Сабақ. Жылулық (be 118-бет, 1-абз. — 119-бет, 4-абз.)
№ 1 Тәлімді қабыл алуға ықыласты бол, әрі абайлап сөйле (w03 15.9. 21-бет, 1-абз. — 22-бет, 3-абз., ор.)
№ 2 Лұқа 18:1—30
№ 3 Патшалық билігін қашан бастайды? (kl 95—97 бет, 14—18 абз.)
№ 4 Қай жағынан мәсіхшілер бұл дүниеден аулақ жүру керек?
20 маус. Киелі кітапты оқу. Лұқа 19—21 7-ән (51)
Сабақ. Сезім (be 119-бет, 5-абз. — 120-бет, 4-абз.)
№ 1 Қолдағы барға қанағат етудің құпиясымен танысу (w03 1.6. 8—11 бет, ор.)
№ 3 Оныншы өсиеттің ерекшелігі неде болған?
№ 4 gt 35-тарау “Өмірге алып баратын жол”
27 маус. Киелі кітапты оқу. Лұқа 22—24 26-ән (212)
Сабақ. Ым мен ишараттың маңыздылығы (be 121-бет, 1—4 абз.)
Ауызша қайталау
4 шіл. Киелі кітапты оқу. Жохан 1—4 4-ән (43)
Сабақ. Ым мен ишарат жасау (be 122-бет, 1-абз. — 123-бет, 2-абз.)
№ 1 Көршіңнің жақсы болғаны игі (w02 1.11. 3—5 бет.)
№ 2 Жохан 1:29—51
№ 3 Қалай Иса дүниені жеңіп шықты?
№ 4 Бұл соңғы күндер! (kl 98, 99-бет, 1—4 абз.)
11 шіл. Киелі кітапты оқу. Жохан 5—7 24-ән (185)
Сабақ. Уағыздау қызметінде тыңдаушыға қарап сөйлеу
№ 1 Иса Мәсіхтің жерде өмір сүргендігінің дәлелдері (w03 15.6. 4—7 бет, ор.)
№ 2 Жохан 5:1—30
№ 3 gt 36-тарау
№ 4 Киелі кітаптың принциптерін қолдану нашақорлықты жеңуге көмектеседі
18 шіл. Киелі кітапты оқу. Жохан 8—10 16-ән (143)
Сабақ. Баяндама айтып жатқанда, тыңдаушыларға қарап сөйлеу (be 125-бет, 5-абз. — 127-бет, 1-абз.)
№ 1 Ой-ниеттен туындайтын іс-әрекеттер және олардың салдары (w03 15.1. 30-бет, 1—3 абз., ор.)
№ 2 Жохан 10:1—30
№ 3 Сенім сынақтарға төтеп беруге көмектеседі
№ 4 Соңғы күндердің ерекшеліктері (kl 99—103 бет, 5—9 абз.)
25 шіл. Киелі кітапты оқу. Жохан 11—13 23-ән (200)
Сабақ. Табиғи қалып. Уағыздау қызметінде (be 128-бет, 1-абз. — 129-бет, 1-абз.)
№ 1 ‘Құдайдың еркін біліп алудың’ жолдары (w03 1.12. 21-бет, 3-абз. — 23-бет, 3-абз., ор.)
№ 2 br1 35, 36-бет, 15—17 абз.
№ 3 gt 37-тарау
№ 4 Мәсіхшілерді киелі рух қалай жұбатады?
1 там. Киелі кітапты оқу. Жохан 14—18 2-ән (15)
Сабақ. Табиғи қалып. Мінбеден сөйлегенде (be 129-бет, 2-абз. — 130-бет, 1-абз.)
№ 1 Жастар, Ехобаның алдында ұялмайтындай болып жүріңдер (w03 1.11. 29—32 бет.)
№ 2 Жохан 15:1—27
№ 3 Барлық мәсіхшілер мол жеміс бере алады
№ 4 Соңғы күндердің ерекшеліктері (kl 104, 105-бет, 10—14 абз.)
8 там. Киелі кітапты оқу. Жохан 19—21 24-ән (185)
Сабақ. Табиғи қалып. Көпшіліктің алдында оқығанда
№ 1 Кедейлік түп-тамырымен жойылады (w03 1.8. 4—7 бет, ор.)
№ 2 Жохан 20:1—23
№ 3 gt 38-тарау
№ 4 Неге біз батыл болуымыз керек және батылдықты қалай дамыта аламыз?
15 там. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 1—4 8-ән (53)
Сабақ. Жеке бастың тазалығы хабарымызды көркейтеді
№ 1 “Тегін алдыңдар, тегін беріңдер де!” (w03 1.8. 20—22 бет, ор.)
№ 3 Топан суға дейін адамдар неге сонша ұзақ өмір сүрген?
№ 4 Соңғы күндердің кейбір ерекшеліктері (kl 102-бет, қоршау)
22 там. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 5—8 18-ән (162)
Сабақ. Қарапайым да есті екеніміз киім мен сырт көрінісімізден байқалады (be 131-бет, 4-абз. — 132-бет, 3-абз.)
№ 1 Ілтипатты болу шеберлігін үйренейік (w03 1.8. 29—31 бет, ор.)
№ 2 br1 47, 48-бет, 18—22 абз.
№ 3 gt 39-тарау
№ 4 Жүністің қандай жақсы қасиеттеріне еліктеуіміз керек?
29 там. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 9—12 12-ән (113)
Сабақ. Сыртқы көрінісіміздің ұқыпты болуының маңыздылығы (be 132-бет, 4-абз. — 133-бет, 1-абз.)
Ауызша қайталау
5 қырк. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 13—15 5-ән (46)
Сабақ. Сыртқы көрінісімізбен ешкімді сүріндірмеуіміз керек
№ 1 Қайтпастан Ехобаны іздейсің бе? (w03 15.8. 25—28 бет, ор.)
№ 3 Неге момындық танытуға ұмтылу керек?
№ 4 Деректерді біл де, әрекет ет (kl 106, 107-бет, 15—17 абз.)
12 қырк. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 16—19 27-ән (221)
Сабақ. Денені дұрыс ұстай білу және құралдарымыздың таза да ұқыпты болуы (be 133-бет, 5-абз. — 134-бет, 4-абз.)
№ 1 Адамдар Исаны қалай еске алады? (w03 1.9. 4-бет, 6-абз. — 6-бет, 6-абз.)
№ 3 gt 40-тарау
№ 4 Құдайға не ұнайтынына қалай көз жеткізіп отыруға болады?
19 қырк. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 20—23 3-ән (32)
Сабақ. Тапсырманы орындағанда тым қатты қобалжымау
№ 1 ‘Дұрыс ілімнің үлгісін берік ұстан!’ (w03 1.1. 29-бет, 3-абз. — 30-бет, 4-абз., ор.)
№ 3 Зұлым рухани күштерге қарсы тұр (kl 108, 109-бет, 1—5 абз.)
№ 4 Ежелгі Ізмірдегі бауырластарымыздан не нәрсеге
үйрене аламыз?
26 қырк. Киелі кітапты оқу. Елшілердің істері 24—28 22-ән (130)
Сабақ. Өзіңді ұстай білу (be 137-бет, 3-абз. — 138-бет, 5-абз.)
№ 1 1-бөлім. Киелі кітап каноны (bsi05 3, 4-бет, 1—6 абз.)
№ 2 w03 1.9. 17, 18-бет, 6—10 абз.
№ 3 Біз болашаққа үмітпен қараймыз
№ 4 gt 41-тарау
3 қаз. Киелі кітапты оқу. Жақып 1—5 9-ән (37)
Сабақ. Микрофонды қолданудың маңыздылығы (be 139-бет, 1-абз. — 140-бет, 1-абз.)
№ 1 2-бөлім. Киелі кітап каноны (bsi05 4—7 бет, 7—16 абз.)
№ 2 Жақып 1:1—27
№ 3 Зұлым рухтар қалай сені адастырғысы келеді (kl 111-бет,
№ 4 Ехоба жеке әрқайсымызды жақсы көреді
10 қаз. Киелі кітапты оқу. 1 Петір 1—5 14-ән (117)
Сабақ. Микрофонды дұрыс қолдан (be 140-бет, 2-абз. — 142-бет, 1-абз.)
№ 1 3-бөлім. Киелі кітап каноны (bsi05 8—11 бет, 17—26 абз.)
№ 2 1 Петір 3:1—22
№ 3 “Ехобаның күні” туралы біз не білеміз?
№ 4 gt 42-тарау
17 қаз. Киелі кітапты оқу. 2 Петір 1—3, 1 Жохан 1—5 17-ән (187)
Сабақ. Киелі кітапты қолданып жауап бер (be 143-бет, 1—3 абз.)
№ 1 1-бөлім. Еврей жазбаларының мәтіні (bsi05 12, 13-бет, 1—5 абз.)
№ 2 2 Петір 1:1—21
№ 3 Неге Киелі кітап спиритизммен айналысуды айыптайды
№ 4 Ілтипаттылықты кімге көрсетуіміз керек?
24 қаз. Киелі кітапты оқу. 2, 3 Жохан, Яһуданың хаты, Римдіктерге 1, 2 23-ән (200)
Сабақ. Киелі кітапты тиімді қолдануды үйрену (be 144-бет, 1—4 абз.)
№ 1 2-бөлім. Еврей жазбаларының мәтіні (bsi05 13, 14-бет, 6—9 абз.)
№ 2 w03 1.11. 20, 21-бет, 10—13 абз.
№ 3 Ехобаның есімімен жүру деген шын мәнінде нені білдіреді?
№ 4 gt 43-тарау (кіріспе)
31 қаз. Киелі кітапты оқу. Римдіктерге 3—7 2-ән (15)
Сабақ. Тыңдаушыларды Киелі кітаптарын ашып отыруға талпындыр (be 145, 146-бет.)
Ауызша қайталау
7 қар. Киелі кітапты оқу. Римдіктерге 8—11 12-ән (113)
Сабақ. Киелі кітап тармақтарына алғы сөз айтудың маңызы
№ 1 3-бөлім. Еврей жазбаларының мәтіні (bsi05 14—18 бет, 10—16 абз.)
№ 3 Қызықтырудан шабуылға өту (kl 113, 114-бет, 12, 13-абз.)
№ 4 * Некені нығайтудың жолдары
14 қар. Киелі кітапты оқу. Римдіктерге 12—16 15-ән (127)
Сабақ. Киелі кітап тармақтарына алғы сөз дайындау
№ 1 4-бөлім. Еврей жазбаларының мәтіні (bsi05 18—22 бет, 1—6 абз.)
№ 3 Ехобаның қызметшілерін неге қудалайды?
№ 4 gt 43-тарау “Исаның астарлы әңгімелерінен үйрену”
21 қар. Киелі кітапты оқу. 1 Қорынттықтарға 1—6 23-ән (200)
Сабақ. Мәнерлеп оқу сезіммен оқуды білдіреді (be 150-бет,
№ 1 5-бөлім. Еврей жазбаларының мәтіні (bsi05 22, 23-бет, 26—31 абз.)
№ 3 Жөнге салудың мақсатын түсіну
№ 4 Зұлым рухтарға қалай қарсы тұру керек (kl 114—116 бет, 14—17 абз.)
28 қар. Киелі кітапты оқу. 1 Қорынттықтарға 7—11 14-ән (117)
Сабақ. Керекті сөздерге екпін түсіріп оқу (be 150-бет, 3-абз. — 151-бет, 2-абз.)
№ 1 1-бөлім. Грек жазбаларының мәтіні (bsi05 23—25 бет, 1—7 абз.)
№ 2 w03 1.12. 28-бет, 3—6 абз.
№ 3 Ехобадан рақат табатынымызды қалай көрсетеміз?
№ 4 gt 43-тарау “Бата ретінде көп тәлім берілді”
5 желт. Киелі кітапты оқу. 1 Қорынттықтарға 12—16 24-ән (185)
Сабақ. Дұрыс екпін түсірудің жолдары (be 151-бет, 3-абз. — 152-бет, 5-абз.)
№ 1 2-бөлім. Грек жазбаларының мәтіні (bsi05 25, 26-бет, 8—16 абз.)
№ 3 Біз Құдайдың мейірімділігіне мұқтажбыз
№ 4 Зұлым рухтарға қарсы күресуді тоқтатпа (kl 116, 117-бет, 18—20 абз.)
12 желт. Киелі кітапты оқу. 2 Қорынттықтарға 1—6 29-ән (222)
Сабақ. Киелі кітап тармақтарын дұрыс түсіндір (be 153-бет, 1-абз. — 154-бет, 3-абз.)
№ 1 3-бөлім. Грек жазбаларының мәтіні (bsi05 27, 28-бет, 17—25 абз.)
№ 3 gt 44-тарау
№ 4 Исаның отбасынан алатын сабақ
19 желт. Киелі кітапты оқу. 2 Қорынттықтарға 7—13 28-ән (224)
Сабақ. Тармақтың тақырыппен байланысын айқын көрсет
№ 1 4-бөлім. Грек жазбаларының мәтіні (bsi05 29, 30-бет, 26—32 абз.)
№ 2 w03 15.12. 8, 9-бет, 13—15 абз.
№ 3 Қанағат ету құпиясымен танысудың пайдасы
№ 4 Құдайға ұнамды өмір қалпы бақытқа бөлейді (kl 118, 119-бет, 1—4 абз.)
26 желт. Киелі кітапты оқу. Ғалаттықтарға 1—6 13-ән (124)
Сабақ. Жазбалардың көмегімен ой түз
Ауызша қайталау
* Тек ер бауырласқа тапсырылады.