Жаңа брошюраны таратуға арналған науқан
1 Дүниедегі жағдай бүгінгі күні көп адамның мазасын қашыруда. Алайда дүние неге мұндай күйде екенін, болашақта не болатынын және таяп келе жатқан Құдайдың сотынан аман қалу үшін не істеу керектігін тек кейбіреулер ғана түсінеді (Езе. 9:4). Адамдарға қандай уақытта өмір сүріп жатқанымызды түсінулеріне көмектесу үшін 18 қазан, дүйсенбі күннен бастап 14 қараша, сенбіге дейін “Сергек болыңдар!” деген жаңа брошюраны таратуға арналған науқан өткізіледі.
2 Бұл брошюраны үйден-үйге уағыздағанда, адамдарға қайта барғанда, бейресми куәлік бергенде немесе көшеде не іскерлер аумағында ұсынуға болады. Алайда оңды-солды тарата бермеуіміз керек. Оны осы дүниедегі жағдайдың мәні жайлы Киелі кітапта не айтылатынына шынайы қызығушылық білдіргендерге ғана берген жөн. Ал хабарымыз онша қызықтыра қоймайтындарға трактат ұсынуға болады.
3 Адамның қызығушылығын ояту үшін былай деуіңе болады:
◼ “Бүгінгі күні кең етек алған үлкен қиыншылықтар мен жан түршігерлік оқиғалар көптеген адамдардың мазасын алуда. [Жергілікті мысалды келтір.] Осылай болатыны туралы Киелі кітапта алдын ала айтылғанын білгенсіз бе? [Жауабын күт те, келтірген мысалыңды растайтын Жазба орнын оқы. Мысалы: Матай 24:3, 7, 8; Лұқа 21:7, 10, 11 немесе 2 Тімотеге 3:1—5.] Киелі кітапта қандай уақытта өмір сүріп жатқанымыз әрі адамзатты болашақта не күтіп тұрғаны көрсетілген. Осы жайлы көбірек білгіңіз келе ме? [Жауабын күт. Егер адам шынымен қызығушылық білдірсе, брошюраны ұсын.] Бұл брошюра сатылмайды, ал біздің дүниежүзілік ісімізге арнап кішігірім садақа бергіңіз келсе, қуана қабылдаймыз”.
4 Немесе мына ұсыныс тиімді болатын шығар:
◼ “Бүгінгі күні көптеген адамдарды дүниеде болып жатқан жан түршігерлік оқиғалар немесе бастарына түскен бақытсыздық мазалауда. Кейбіреулер неге Құдайдың осындай жағдайларға жол беріп отырғанына таңғалады? Киелі кітапта жақын арада Құдай адамзатты қайғы-қасіреттен арылтатыны туралы уәде жазылған. Құдайдың адамзат баласына қандай баталар беретініне назар аударыңызшы. [Аян 21:3, 4 оқы.] Осы жайлы көбірек білгіңіз келе ме?” Бірінші ұсыныста келтірілген сөздермен аяқта.
5 Брошюраны алған әрбір адамның аты-жөні мен мекен-жайын біліп алуға тырыс және қызығушылықтарын арттыру үшін қайта баруға келіс. Бұған қатысты кеңестер “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2004 жылғы қараша айының нөмірінде шығады. Егер бірінші кезіккенде адам аса қызығушылық танытса, “Сергек болыңдар!” брошюрасын немесе басқа әдебиетті, мысалы, “Құдай талап етеді” брошюрасын қолданып, бірден Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауыңа болады.
6 Жаңа брошюраны осы мақала талқыланатын қызмет кездесуінен соң алуға болады. Алайда жариялаушылар мен ізашарлар брошюраны науқанның алғашқы күндерінде тарата алатындай мөлшерде ғана алғандары дұрыс. Ехоба өзіне даңқ әкелетін әрі ақ жүректі адамдар игілігін көретін осы науқанға батасын берсін! (Заб. 89:17).