Қызмет кездесулерінің кестесі
10 мамырдан басталатын апта
18-ән (162)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
15 мин. Жұмыс берушіңнен сұрандың ба? “Біздің Патшалық қызметіміздің” (ор.) 2000 жылғы қаңтар айындағы санының 1-бетінде келтірілген “Ал сен сол жерге келесің бе?” деген мақалаға негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Ақсақал өткізеді. “Қызмет мектебі” (ор.) оқулығындағы 67-беттегі ойларды келтір.
20 мин. ‘Пейілдеріңді кең жайыңдар’a. “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабының 150-бетіндегі 14-абзацтағы ойларды келтір.
15-ән (127) және соңғы дұға.
17 мамырдан басталатын апта
26-ән (212)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар.
15 мин. “Ризашылықтарыңды білдіріңдер”b. Уақыт болса, тыңдаушыларды келтірілген Жазба орындарына түсініктеме беруге шақыр. 3-абзацты талқылағанда, жақында қосалқы ізашар ретінде қызмет еткен бір немесе екі жариялаушыдан бұдан қандай баталарға ие болғандарын айтып беруге шақыр.
20 мин. Өзара қамқорлық көрсетеміз (1 Қор. 12:25, 26). “Біздің қызметіміз” (ор.) кітабының 156—158 беттеріндегі “Өзара қамқорлық көрсету” тақырыпшасындағы мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Ехобаның халқы жер бетінің әр бөлігінде өмір сүрсе де, біз өзара тығыз байланыстамыз. Әрқайсысымыз бауырластар үшін күн сайын дұға етуіміз керек. Сондай-ақ олар көмекке аса зәру болған уақытта, тез арада материалдық жәрдем көрсетуге тырысамыз. Келтірілген негізгі Жазба орындарын оқып, түсіндір және әдебиеттерімізден алынған бір немесе екі оқиғаны келтір.
12-ән (113) және соңғы дұға.
24 мамырдан басталатын апта
25-ән (204)
12 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру. “Күзет мұнарасының” 1 мамырдағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Ұсынысты жергілікті бір дінді ұстанатын адамға бейімдеп айт.
15 мин. “Рухыңды көтеретін ән-күй”. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. 2002 жылғы “Жылнаманың” (ор.) 175-бетіндегі және 1997 жылғы ақпан айындағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 27-бетіндегі 1, 2-абзацтағы ойларды келтір.
18 мин. Бейресми куәлік беруге дайын болыңдар. “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2003 жылғы маусымдағы нөмірінің 3-бетінде келтірілген мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Бірнеше бауырластың бейресми куәлік еткенде, бастарынан кешкен оқиғаларды айтып берулеріне алдын ала қам жаса. “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” трактаты мен “Барлық ұлттарға арналған ізгі хабар” брошюрасын бейресми куәлік еткенде қалай қолдануға болатынын қысқаша көрсет.
22-ән (130) және соңғы дұға.
31 мамырдан басталатын апта
19-ән (164)
8 мин. Жергілікті хабарландырулар. Мамыр айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал.
17 мин. Өмір — жоғары бағалайтын сый. 1995 жылғы 8 наурыздағы “Ояныңдар!” (ор.) журналының 21, 22-беттерінде келтірілген мәліметке негізделген тыңдаушылармен талқылау. 1996 жылғы 8 тамыздағы “Ояныңдар!” (ор.) журналының 16, 17-беттеріндегі ойларды келтір. Әйелдің өз денесіне не істесе де құқы бар деп ойлайтын адамға Ехобаның түсік жөніндегі көзқарасын қалай түсіндіріп берер едің? 2000 жылғы 1 қаңтардағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 4-бетіндегі 4, 5-абзацтарда келтірілген оқиғаны айтып бер.
20 мин. “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымын қалай тиімді қолдануға болады?”c. Мақалада келтірілген ұсыныстарды қысқаша көрсету үшін бірнеше көрініс дайында.
16-ән (143) және соңғы дұға.
7 маусымнан басталатын апта
12-ән (113)
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Көпшілікке көмектесетін мәлімет көзі” мақаласының негізгі ойларын талқыла. Жергілікті аумақта кездесетін кейбір тілдерді атап өт.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. Өзгелерді үйреткенде тиімді мысалдарды қолдан. 2002 жылғы 1 қарашадағы “Күзет мұнарасының” 30, 31-беттерінде келтірілген мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Қандай төрт жайт мысалдарды әсерлі етеді? Неге мысалдардың қарапайым болғаны пайдалы? Лайықты мысалдарды қайдан табуға болады? Осы “Күзет мұнарасының” 32-бетіндегі қоршаудағы кейбір мысалдарды қарастыр да, неліктен әрбір мысалдың тиімді екенін талқыла.
18-ән (162) және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.