Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 5.04. 1-б.
  • Рухыңды көтеретін ән-күй

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Рухыңды көтеретін ән-күй
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2004
  • Ұқсас мәлімет
  • Қандай музыка тыңдаймын?
    Жастардың сауалдары
  • Құдайды қуантатын ән-күйлер
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Патшалықтың әндерін рақаттана тыңдайтын кез
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Сіз білгенсіз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
Біздің патшалық қызметіміз. 2004
km 5.04. 1-б.

Рухыңды көтеретін ән-күй

1 Ән шырқау мен ән-күй шынайы ғибадаттың маңызды бөлігі болып табылады. Ежелгі Исраилде Асаф пен оның ағалары: “Тәңірді даңқтаңдар,.. Оған арнап ән салып, күмбірлетіп үн шығарыңдар; Оның барлық кереметтерін жариялаңдар”,— деп жырлаған (1 Шеж. 16:8, 9). Күні бүгін біз де апта сайынғы қауым кездесулерінде Ехобаны мадақтап, шарықтата ән шырқаймыз (Ефес. 5:19). Құдайдың есімін даңқтаудың неткен керемет мүмкіндігі! (Заб. 68:31).

2 “Патшалық әуендерін”, яғни оркестрдің сүйемелдеуімен айтылатын Патшалық әндерін, тыңдайтын болсақ, олар санамызды рухани ойларға толтырады. “Ойнап тұрған әуенді естіген кезімде әннің сөздері есіме оралады,— деді бір әйел бауырласымыз. — Жанға жағымды ән тыңдағанда да, Ехобаны есімізде ұстаудың неткен керемет жолы!” (Філіп. 4:8).

3 Әннен қуаныш алатын сәттер. “Патшалық әуендерін” үйде тыңдағанымыз да адамға қанат бітіріп, отбасының тыныштығына ықпал ететін, жылы да рухани ортаның болуына жағдай жасайды. Бір отбасы бұл туралы: “Біз бұл әндерді үйде де, көлікте де үнемі тыңдаймыз, керемет өңделген әндерді тыңдаудан еш жалықпайсың. “Патшалық әуендері” мәсіхшілердің кездесулеріне баруға дайындалып жатқанда не конгреске көлікпен жолға шыққанда, көбінесе жақсы көңіл-күй береді”,— деп жазған болатын. Бір әйел бауырласымыз: “Мен үй шаруасымен айналысып жүріп, осы әндерді тыңдағанда, шынымен-ақ көңіл-күйім көтеріліп қалады, жуылған көрпе-төсектің тыстарын реттеп жүргенде де, адам өзін қуанышты сезінеді деп кім ойлаған? Мен ұнжырғам түскен кезде, үнемі осы әндерді тыңдауды шештім. Бұл әндер рухыңды сондай көтеріп тастайды!.. Осы әндердің әрбірі бойыңды қуанышқа кенелтеді”,— деді. Осындай көңіл жадырататын әндердің саған пайдасын тигізетін сәттері бар ма?

4 Бүгінгі әндердің басым көпшілігінен осы дүниенің рухы байқалады. Ата-аналар “Патшалық әуендерін” қолданып, балаларына пайдалы болатын әндерді дұрыс айыра алуларына көмектесе алады. Киелі кітапты оқып жүргендер мен қызығушылардың көбісі Ехобаны дәріптейтін және рухымызды көтеретін осындай керемет рухани әндер туралы білгендеріне, сөз жоқ, қуанышты болады (Заб. 46:2, 3, 7, 8).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу