Барлық іс-әрекеттеріңде қасиетті болыңдар
1. Неге барлық іс-әрекетімізде қасиетті болғанымыз маңызды?
1 Біз қасиетті Құдай Ехобаның қызметшілері ретінде барлық іс-әрекетімізде қасиетті болуға күш салуымыз қажет (1 Пет. 1:15, 16). Бұл дегеніміз өміріміздің барлық саласында Ехобаның нормаларын ұстануға тырысуды білдіреді. Үстіміздегі жылдың облыстық конгресі қасиетті жүріс-тұрысымызды көрсетуге жақсы мүмкіндік береді.
2. Қалай біз қонақ үйлерде тамаша жүріс-тұрысымызды айқын көрсете аламыз?
2 Қонақ үйлерде. Өткен жылғы конгрестің делегаттары тоқтаған бір қонақ үйдің меңгерушісі былай деген болатын: “Ехоба Куәгерлері осында мейман болған сондай тамаша кісілер... Сіздер құшақ жая қарсы алатын қонақтарымыздың қатарындасыздар”. Келесі ескертулерге құлақ түргеніміз алдағы уақытта да жақсы атымызды сақтап қалуымызға көмек береді: 1) Қажетінен артық бөлме жалдама, сондай-ақ бөлмеде рұқсат етілгеннен көп адам болмасын. 2) Бөлмені өткізу керек болса, қонақ үйге шұғыл түрде хабарла. 3) Бөлмеде тағам пісіруге рұқсат жоқ болса, мұны да ескер. 4) Ондағы қызмет көрсетушілерге күн сайын ризашылық білдіріп отыр. 5) Қонақ үйдің қызметшілерімен қарым-қатынас жасағаныңда, киелі рухтың жемістерін таныт, әсіресе тіркеуден өткізіп қолдары босамай жатқан уақытта (Ғал. 5:22, 23).
3. Қалай жас Куәгерлердің жүріс-тұрыстары өзгелерге әсер етуі мүмкін?
3 Біз жақсы жүріс-тұрысымыз арқылы өзгелерге зор куәлік бере аламыз. Өткен жылы бір бозбала бауырласымыз қонақ үйдің бір қызметшісінен ілтипатпен кеңсе затын сұрап, артынан рақмет айтыпты. Бұл қызметші кісіге қатты әсер етіп, ол былай деген: “Қазіргі жасөспірімдерден мұндай ілтипаттылық көрмейсің”. Алайда қадағалаусыз қалған балалардың лифтіде ойнап, айғайлап сөйлеп, дәліздерде жүгіріп жүргендері байқалған кездер де болған. Ата-аналар балаларын өз еріктерімен жібермей, жүріс-тұрыстары Ехобаны дәріптеулері үшін оларды мұқият қадағалап отырғандары жөн (Нақ. с. 29:15).
4. Қалай біз тамақтанған да өзгелерге мұқият бола аламыз?
4 Мейрамханалар мен дәмханаларда. Конгрестердің бірі өткен жердің маңындағы мейрамхананың даяшысы былай мәлімдеді: “Куәгерлер басқа адамдарға ұқсамайды. Олар өзгелерді сыйлайды”. Жақсы жүріс-тұрыс түстеніп отырған өзгелерді мазалайтындай айғайлап сөйлеуден, күлуден қашуды білдіреді. Әрқашан, тіпті ішіп-жегенде де, Құдайды дәріптеудің жолын іздейік (1 Қор. 10:31).
5. Конгресте отырғанда жақсы жүріс-тұрысқа не жатады?
5 Конгресс кезінде. Біздің жақсы жүріс-тұрысымыз әсіресе конгресте отырғанда байқалу керек. Көлікжайда да, отыратын жайда да қызмет көрсетушілердің нұсқауларына құлақ асуларыңды сұраймыз (Ев. 13:17). Балаларының басқа жастармен бірге отыруларына рұқсат еткеннің орнына, жеткіншектерді қоса алғанда, отбасыларының бәрінің бірге отырғандары абзал. Кез келген дыбыс жазатын құралдарды электр және дауыс шығару қондырғыларына қоспау керек, сондай-ақ оларды өзгелерге кедергі жасамайтын болса ғана қолдануға болады. Егерде бағдарлама өтіп жатқан кезде суретке түсіргің келсе, фотоаппараттың жарқылын қолданба. Пейджерлер мен ұялы телефондарды өзгелерге кедергі жасамайтындай етіп қолданған жөн. Егерде біреуге аяқ астынан дәрігерлік көмек қажет екенін байқап қалсаң, 03-пен хабарласудың орнына қызмет көрсетушілерге не “Алғашқы жәрдем көрсету бөліміне” хабарлауыңды сұраймыз. Осылай, оған сол жерде қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
6. Қалай конгрестердегі жүріс-тұрысымыз Құдайды дәріптейді?
6 Жүріс-тұрысымыз бізді өзгелерден ерекшелендіреді, сондай-ақ Құдайымызды дәріптейді (1 Пет. 2:12). Конгресс кезінде Ехоба Куәгерлерінің іс-әрекеттері өзгелердің назарынан тыс қалмайды. Сондықтан барлық жүріс-тұрысыңда әрі қарай да қасиетті болуға беліңді бекем бу.
[5-беттегі қоршау]
Жүріс-тұрысыңда қасиетті бол
◼ Қонақ үйдің барлық нұсқауларын ұстан
◼ Балаларыңды мұқият қадағала
◼ Өзгелерге мұқият бол