Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2004 жылдың 26 сәуірден басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2004 жылдың 1 наурыздан басталатын апта мен 26 сәуірден басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. [Ескеретін жай: егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек (“Қызмет мектебі” оқулығын қара, 36, 37-беттер ор.)]
№1-ТАПСЫРМА
1. Жаратылыс 32:24—32 тармақтарына сәйкес, 97 жастағы Жақып Ехобаның батасын алу үшін не істеді және біз бұдан не үйренеміз? (w02 1.8. 29—31 бет., ор.).
2. “Саналылық” деген не және қалай ол бұрыс көзқарас пен қажетсіз ауыртпалықтан сақтайды? (Нақ. с. 1:4) (w02 15.8. 21, 22-бет, ор.).
3. Неліктен Ехоба исраилдіктерді шөл далада апталап, айлап маннамен тамақтандырып отырған және біз бұдан не нәрсеге үйрене аламыз? (Заң. қ. 8:16) (w02 1.9. 30-бет, 3, 4-абз., ор.).
АПТА САЙЫНҒЫ КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
4. Сұраққа жауап бер. Жаратылыс 37:12—17 тармақтарынан Жүсіптің қандай әрекеті Исаның әрекетіне ұқсас болғанын байқауға болады? (w87 1.10. 12-бет, 12-абз., ор.).
5. Жаратылыс 42:25—35 көрініп тұрғандай қалай Жүсіп Исаның көрсеткен жанашырлығына ұқсас жанашырлық танытты? (w87 1.10. 18-бет, 10-абз., 19-бет, 17-абз., ор.).
6. Қалай құл табының бүгінгі күні ұйымдастырып отырған шаралары Жүсіптің заманындағы астық үлестіріп берумен пара-пар? (Жар. 47:21—25).
7. “Мен кім болсам, сол боламын” деуімен Ехоба есіміне қатысты нені ашқан? (Мыс. ш. 3:14, 15 ЖД).
8. Неге Ехоба Шайтан Ібілістің тіршілік етуіне жол берген? (Мыс. ш. 9:15) (w92 15.3. 10-бет, 14-абз., ор.).
9. Мысырдан шығу 16:2, 3-те ескерілгендей, күңкілдеудің артында қандай екі қауіп жатыр? (w93 15.3. 20, 21-бет, ор.).
10. Қай мағынада исраил халқы “діни қызметкерлер патшалығы” болған? (Мыс. ш. 19:6, ЖД) (w95 1.7. 16-бет, 8-абз., ор.).
11. Дұрыс жауапты таңда. (Мұса заңына мойынсұнғандығы; Құдайды нақты бар деп есептегені және оның көңілінен шықпай қалам ба деген ұнамды қорқынышы; жазадан қорыққандығы) Жүсіптің өнегесіздікке қарсы тұруына көмек болды (Жар. 39:9) (w83 1.8. 7-бет, 1-абз., ор.).
12. Мұса (Мысырдағы барлық суды; Ніл өзенін) қанға айналдырып жібергеннен кейін, Мысырдың бақсы-балгерлері де осыған ұқсас керемет жасаған, сиқырлық жасау үшін олар (қазылған құдықтардың; көл) суын қолданған болса керек (Мыс. ш. 7:19—24) (w83 1.11. 22-бет, 4-абз., ор.).
13. “Ал мерт болған жағдайда” деген сөздер (тек қана анасына; тек қана әлі туылмаған нәрестеге; анасына да, құрсақтағы дамып келе жатқан нәрестеге де) қатысты (Мыс. ш. 21:23а, ЖД) (w95 15.11. 10-бет, 3-абз., ор.).
14. Дұрыс не дұрыс емес. Шило деген есім “оның шын Иесі” дегенді білдіреді және бұл пайғамбарлық сөз Исаға нұсқайды (Жар. 49:10) (kl 93-бет, 9-абз., сілтемені қара).