Хабарландырулар
◼ Сәуір және мамыр айларында “Күзет мұнарасы” журналы ұсынылатын болады. Қайта оралып барғанда, қызығушылық білдірген адамдарға, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға баса көңіл аударыңдар. Әсіресе, бұрындары “Білім” кітабын немесе “Талап етеді” брошюрасын зерттегендермен Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Маусымда “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым”. Егерде баламыз жоқ десе, “Талап етеді” брошюрасын ұсыныңдар. Брошюраны қолданғанда, үй жағдайында Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Шілде және тамыз айларында 32-беттік брошюралардың кез келгенін ұсынуға болады.
◼ Сәуір айынан бастап 2004 жылғы облыстық конгреске арналған плакеткалар тиісті мөлшерде, яғни “Біздің Патшалық қызметіміздің” санынан 40 пайызға артық саны қауымдарға тапсырыссыз-ақ жіберіледі. Егер қосымша тағы қажет болса, “Әдебиетке тапсырыс беру бланкісі” (S-14) арқылы тапсырыс беру керек. Сонымен қатар плакетка тұтқышқа қалағандардың бәрі үшін тапсырыс беру қажет.
◼ Филиалда барлық төрағалық етуші бақылаушылар мен хатшылардың ең соңғы мекен-жайлары мен телефон нөмірлері болу керек. Өзгерістер болған жағдайда, қай кезде болмасын, қауымның қызмет комитеті “Төрағалық етуші бақылаушының/хатшының өзгерген мекен-жайы” бланкісін (S-29) толтырып, тез арада филиалға жіберу керек. Қалааралық байланыс кодының өзгергені туралы да осылай хабарлау қажет.
◼ Қауым хатшысында “Жалпы ізашар болуға өтініш” (S-205) және “Қосалқы ізашар болуға өтініш” (S-205b) бланкілері жеткілікті мөлшерде болу керек. Оларға “Әдебиетке тапсырыс беру бланкісі” (S-14) арқылы тапсырыс беруге болады. Кемінде бір жылға жететін бланкілер болсын. Жалпы ізашарларға арналған өтініш бланкілерінің толық толтырылуын қадағалаңдар. Егер өтініш бергендер шомылдыру рәсімінен өткен күнін нақты есіне түсіре алмаса, шамамен қай уақыт екенін еске түсіріп, жазып қою керек.
◼ 2004 жылдың 18 қаңтарында, жексенбі күні, Санкт-Петерборда Қызметті жетілдіру мектебінің (ҚЖМ) 20-сыныбын бітірушілерді шығарып салу болып өткендігі жөнінде хабарлап отырғанымызға қуаныштымыз. Оған 316 бауырлас қатысты. Филиал комитеті мүшелері мен Мектеп оқытушыларының баяндамалары және ҚЖМ-нің бітірушілерінің берген сұхбаттары қатысушылардың барлығын жігерлендірді. 24 студент енді алған білімдерін қолдануға дайын. Олардың алтауы арнайы ізашар ретінде тағайындалып, қалғандары өз қауымдарына оралады. Мектеп бітірушілерге қызметтерінде табыс тілеп, алған білімдері бауырластарына бұрынғыдан да жақсы қызмет етуге септігін тигізеді деп сенеміз.