Кездесулерге үзбей қатысу — маңызды істердің бірі
1 Мәсіхші отбасылары қауым кездесулеріне үнемі қатысуды маңызды орынға қояды. Бірақ осы өмірдің әуре-сарсаң істері проблема тудырады. Үйдің шаруасы, осы дүниенің жұмысы не мектеп тапсырмасы Ехобаға ғибадат етуге арналған уақытты алып қойып жатқан жоқ па? Жағдайларға Ехобаның көзқарасымен қарағанымыз, бізге маңызды істерді бірінші орынға қоюымызға көмектеседі (1 Пат. 24: 6; 26:11).
2 Исраилдік бір кісі біле тұра, Ехобаның көзқарасын ескермей, діни демалыс күні отын жинаған. Ол отбасымды қамтамасыз етуім керек еді немесе бұл кішкентай ғана түкке тұрғысыз іс қой деп сылтауратқан болар. Алайда Ехоба оған үкім шығаруымен, шынайы ғибадатқа бөлінген уақыттың орнын, осы дүниенің істері басып кетпеудің маңызды екендігін көрсетті (Ру. сан. 15:32—36).
3 Кедергілерге қарсы тұрыңдар. Бауырластарымыздың көбісіне осы дүниелік жұмыстың кездесумен қабаттасып кетуі, оған қатысуды қиындатады. Кейбіреулер осындай проблемаларын жұмыс берушімен сөйлесу, жұмыстағы әріптестерімен алмасу, уақыты сай келетін жұмыс табу арқылы не қарапайым өмір кеше отырып, шешімін тапқан. Осылай шынайы ғибадаттың пайдасына жасаған құрбандықтарыңның Құдайға ұнамды болатынында сөз жоқ (Ев. 13:16).
4 Ал балалар үшін мектеп тапсырмалары қиындық тудырып жатады. Бір жас бауырласымыз: “Мен үй тапсырмасының біразын кездесулердің алдында, ал қалғанын үйге қайта оралған соң орындаймын” — дейді. Егерде үй тапсырмалары кездесу өтетін кеште бітпей қалып жатқандай болса, кейбір ата-аналар мәсіхшілердің кездесулеріне қатысу олардың отбасылары үшін маңызы зор істердің бірі екендігін мұғалімдерге түсіндіріп айтады.
5 Жұмыла әрекет ету мен мұқият жоспарлау үй шаруасын аяқтап, отбасымен бірге жиналысқа дәл уақытында барудың жолы болып табылады (Нақ. с. 20:18). Жас балаларға өздері киініп, кездесуге уақтылы бару үшін белгілі уақытқа даяр болуды үйретуге болады. Ата-аналар өздері үлгі бола отырып, балаларына кездесулердің маңызды екендігін көрсете алады (Нақ. с. 20:7).
6 Осы дүниенің қысымы күннен-күнге өсіп барады, сондықтан қауым кездесулеріне үнемі қатысу ауадай қажет. Сондықтан әрі қарай да жағдайларға Ехобаның көзқарасымен қарап, әрі кездесулерге қатысуды маңызды орынға қоюды жалғастыра берелік (Ев. 10:24, 25).